Болатты балқыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет3/7
Дата15.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

7) пештің жұмыс алаңы оның барлық өлшемі бойынша төменгі жағынан толық жабылған қоршаумен қоршалады. Пеш жанындағы жұмыс алаңының едені электрді оқшаулағыш төсеумен жабылады:

8) металдың шашырауын болдырмау үшін пешке салу кезінде ылғал шихта мен ферроқортпаларды балқытылған ваннаға салуға рұқсат етіледі. Пештің жоғарғы бөлігінде балқымаған шихтадан «көпір» пайда болған кезде пеш дереу сөндіріледі және оны жою шаралары қолданылады;

9) индукциялық пештерге қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын металл құрал-саймандардың электрден оқшауланған саптары болады. Пеште оқшауланбаған металл құрал-саймандарды қолданумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде пеш сөндіріледі;

10) персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау тәсілдері мен құралдары, жұмыс орындарындағы электромагниттік өрісті өлшеу жиілігі мен кернеулігі және қуат ағыны тығыздығының шекті мәні МСТ 12.1.006 ЕҚСЖ мен сәйкес болады;

11) ашық индукциялық пештер кермелеу аспирациялық жүйемен, ал жұмыс алаңдары жұмыс орындарын ауадан себезгілеуге арналған құрылғымен жабдықталады.

172. Вакуумды индукциялық пештер:

1) вакуумды индукциялық пештерге осы Талаптың 171 тармағының 1 тармақшасы, 186 тармақтың 24 тармақшасы қолданылады;

2) пештің вакуумдық камерасы 0,01-0,03 МПа (0,1-0,3 кгс/см2 ) қысымда іске қосылатын сақтандырғыш клапанмен жабдықталады;

3) пештің камерасын жабу кезінде болатты балқытушы онда жұмысшылардың жоқ екендігіне көз жеткізіледі;

4) пеш камерасында вакуум күрт төмендеген жағдайда вакуумның төмендеу себебін анықтағанға дейін сөндіріледі,

5) оқбақыр тесілген кезде пешті сөндіру және сұйық металды құймақалыпқа төгіледі;

6) индуктор тоқпен тесілген және вакуум камерасына су кірген жағдайда пеш сөндіріледі, пештің камерасы жағындағы бустерлік сорғыштың қақпақтары немесе форвакуумдық ағызу сызығы жабылады. Содан кейін пеш инерттік газбен немесе ауамен толтырылады;

7) пеш ішін жөндеу жұмыстары, персоналдың вакуум камерасының ішіне кіруі пештен тез тұтанатын конденсат толық жойылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Технологиялық регламентте вакуум-камераларын тазалау кезінде конденсаттардың тұтануын болдырмайтын шаралар қарастырылады;

8) әдетте, вакуум камерасы қабырғасынан шаң мен конденсатты тазалау механикаландырылады;

9) оқбақырды толтыруға арналған массаны дайындау учаскелері жергілікті сорып желдетумен жабдықталады.

173. Вакуумды-доға пештер:

1) пештің вакуумдық камерасы осы Талаптың 172 тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандырғыш клапанмен жабдықталады;

2) пешті сумен салқындату жүйесінде пештің салқындату жүйесін көзбен бақылау үшін құятын құйғыш, судың қысымы төмендеген кезде пешті сөндіретін аспап қарастырылады;

3) электродты пешке орнату кезінде ол кристалдандырғыштың осьі бойынша ортада орналасады. Доғаның көлемі электрод пен кристалдандырғыштың қабырғасы арасындағы саңылаудан аспайды;

4) балқыту кезінде адамдардың бронекамерада болуына жол берілмейді.

Пешті әрбір қосар алдында барлық механизмдердің, бұғаттағыштың, электр қоректендіргіш пен сумен салқындату жүйесінің ақаусыздығы тексеріледі;

5) пештің сумен салқындату элементтері күйген және балқыту аймағына су тиген кезде пеш дереу сөндіріледі;

6) пеш апат болған жағдайда сөндіретін кнопкамен жабдықталады;

7) балқыту процесін бақылау тек оптикалық аспап арқылы жүргізіледі;

8) соташықтың қорытылуын, судың пешке тамуын және жарылысты болдырмау үшін электродты толығымен балқытуға рұқсат етілмейді;

9) құймакесек кристалдандырғышта тұрып қалған жағдайда оны соташықпен сығып шығаруға жол берілмейді;

10) кристалдандырғышты тазалау механикаландырылады;

11) пештің ішкі бөліктерін қарау кезінде ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

174. Керамикалық оқбақырлы плазмалық пештер:

1) плазмалық пештерге осы Талаптың 170 тармағының 1)-9), 13)-24), 30)-33), 44)-52) тармақшалары, 180 тармақтың 1)-12) тармақшалары қолданылады;

2) плазмалық пештің құрылысы мен плазмотрондардың жиынтығында персоналды электр тоғының тарту мүмкіндігін жоққа шығаратын бұғаттағыштар, белгі беру және басқа да қорғау шаралары қарастырылады;

3) плазмотрондарды іске қосу және сөндіру тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді;

4) плазма түзетін газдарды беру жүйесінде қандайда бір плазматронда газ ағыны болмаған кезде қоректендіру көзін сөндіретін бұғаттағышы бар плазмотрондарға берілетін газдың ағынын бақылау датчигі орнатылады;

5) салқындататын қалың электродтың басты бөлігінің екі деңгейінде қалың электродтың бұзылып басталғаны туралы белгі беретін датчик орнатылады. Қалың электрод шекті көлемнен артық бұзылған кезде бір уақытта түсті және дыбысты белгісі қосылатын пештің автоматты түрде сөндірілуі іске қосылады.

Қалың электродты қорғау датчигінің біреуі істен шыққан кезде пешті іске қосуға рұқсат етілмейді;

6) қалың электродтарды салқындату жүйесінде кемінде үш (газауаүрлегіш): жұмыс істейтін, қосалқы және апаттық сорғыш болады.

Қалың электродты салқындату үшін берілетін су немесе газ шығыны жобамен қарастырылған шамадан төмендеген кезде автоматты түрде пеш пен жұмыс істейтін (газауаүрлегіш) сорғыш сөндіріліп, бір уақытта қосалқы сорғыш қосылуы мен дыбысты және түсті белгі беріледі;

7) плазмотрондар мен қалың электродтарды салқындату үшін жобаның талаптарына сәйкес химиялық тазаланған су қолданылады;

8) пешті қорек көзін қосу кестесінде:

су шығыны (ағыны) немесе салқындатқыш газ қалың электрод арқылы жобада рұқсат етілген шектен төмендеген кезде;

қалың электродтың салқындатқыш жүйесіндегі қосалқы сорғыш (газауаүрлегіш) істен шыққан кезде;

қалың электродтың басты бөлігін қорғау датчиктерінің біреуі істен шыққан немесе қосылмаған кезде пештің қосылуын жоққа шығаратын бұғаттағыштар қарастырылады;

9) пештің қоректену көзін қосу кестесінде қалың электродты салқындату жүйесінде сорғыштардың электр қозғалтқыштары тоқсыздандырылған кезде пештің автоматты түрде сөндірілуін қамтамасыз ететін бұғаттағыштар қарастырылады;

10) плазмотрондардың жылжу механизмі соңғы сөндіргіштермен жабдықталады.

175. Сумен салқындатылатын кристаллизаторы бар плазмалық пештер:

1) сумен салқындатылатын кристаллизаторы бар плазмалық пештерге осы Талаптың 170 тармағы 2), 13)-22) тармақшалары; 172 тармақтың 3) тармақшасы; 173 тармағы 5), 6), 8), 10), 11) тармақшаларының; 174 тармағы 2), 4), 9) тармақшалары; 180 тармағы 1), 3), 6)-9), 12) тармақшалары қолданылады;

2) газ тазалау және рециркуляциялау жүйесінің іске қосу тиек арматурасы жобамен рұқсат етілген плазма түзетін газдар шекті жоғары және төмен қысымға жеткен кезде бір уақытта түсті және дыбысты белгі беретін плазматрондардың қоректену көзін сөндіретін бұғаттағыш жүйемен жабдықталады;

3) сумен салқындатылатын кристаллизаторы бар плазмалық пеш:

электр қуатын, суды, газды берудегі үзіліс кезінде;

пеш жұмысындағы уақытша үзіліс кезінде;

жөндеу, тазалау, техникалық тексеру және пешті балқытуға дайындау кезінде сөндіріледі;

4) пештің құрылысы оның жұмысы кезінде балқыту камерасының герметикалығы қамтамасыз етіледі. Пеш жабдығын құрастыру оған қызмет көрсетудің ыңғайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

5) сумен салқындатылатын кристаллизаторы бар плазмалық пештің балқыту камерасы вакуумдық пештер үшін 0,01-0,03 МПа (0,1-0,3 кгс/см2); қалыпты қысымды пештер үшін 0,02-0, 07 МПа (0,2-0,7 кгс/см2); компрессиялық пештер үшін Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану Талабына сәйкес қысым көтерілген кезде іске қосылатын сақтандырғыш клапанмен жабдықталады.

Ақаулығы бар және реттелмеген сақтандырғыш клапаны бар пештерді іске қосуға рұқсат етілмейді;

6) кристаллизаторлардың құрылысы әуелік және булық жолақтардың түзілу мүмкіндігін жоққа шығарады;

7) кристаллизаторлар оның беріктігі мен (немесе) құйма кесекті алуды қиындататын механикалық ақаулықтар мен қатты балқуды болдырмайды;

8) металдардың буларынан ластанудан қорғауға арналған қарау терезелері қорғағыш құрылыстармен жабдықталады;

9) балқыту және балқыту арасындағы тоқтау кезінде технологиялық қажеттілік бойынша балқыту камерасына ауа беру, балқыту камерасын герметизациялау тәртібі технологиялық регламентпен орнатылады;

10) салқындатқыштың барлық төгу шынжырларында ағынды бақылау датчигі, ал ең қажетті тораптардың (плазмотрондар, кристаллизатор, пеш асты, пеш камерасы) шынжырларында-судың ағыны мен температурасын бақылау датчигі орнатылады.

Плазмотрондардың, кристализаторлардың және пеш астының су температурасы мен ағынын бақылау датчигі ағын болмаған немесе қайта ағатын судың температурасы жобада көрсетілгеннен жоғарылаған кезде бұғаттағыш кестесіне қосылған болады;

11) кристаллизаторды салқындату жүйесін камерадан құйма кесек түсірілгенге дейін сөндіруге рұқсат етілмейді;

12) балқыту кезінде сұйық ваннаның деңгейі кристаллизатордың ішкі жүзінің төменгі жиегінен төмен болады;

13) құйма кесектерді түсіру жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғының көмегімен жүргізіледі;

14) құйма кесекті пештің астынан ажырату үшін қолданылатын құрылғының құрылысы құйма кесектің құлап түсу мүмкіндігін жоққа шығарады;

15) конденсатты жинау тәсілі технологиялық регламентпен белгіленеді.

176. Электронды-сәулелі пештер:

1) электронды-пештерге осы Талаптағы 170 тармақтың 2), 13)-22) тармақшалары, 171 тармақтың 3)-5) тармақшалары, 172 тармақтың 7), 8) тармақшалары, 173 тармақтың 2), 5), 6), 10), 11) тармақшалары 174 тармақтың 2) тармақшасы, 175 тармақтың 6)-9), 12) тармақшалары, 180 тармақтың 1)-3), 6)-9), 12) тармақшалары қолданылады;

2) электронды-сәулелі пештерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы денсаулық министрлігімен 2003 жылы 31 қаңтарда № 97 бекітілген «Радиациялық қауіпсіздіктің санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер» талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі;

3) балқыту камерасының ішкі қабаты тегіс және тазалауға қиындық тудыратын жерлері болмайды;

4) электронды зеңбіректерді қосу тәртібі мен оларды жұмыс режиміне шығару технологиялық регламентте белгіленеді;

5) электронды-сәулелі пешті басқару және балқуды көзбен бақылау басқару пультінен жүзеге асырылады. Сәулелердің жағдайын көзбен бақылау жүргізу мүмкін болмайтын кезде электронды зеңбіректер сөндіріледі;

6) электронды-сәулелі пешті басқару пульті еденінің алаңы толығымен сынақ жүргізілгендігі туралы таңбасы бар электрді оқшаулағыш материалмен жабылады;

7) салқындатқыштың барлық төгу шынжырларында ағынды бақылау датчигі, ал ең қажетті тораптардың (құрылғы бөлігінің балқыту кеңістігіне түсетін электронды зеңбіректер, пеш асты, кристаллизаторлар) шынжырларында-ағын мен температураны бақылау датчигі орнатылады.

Ағын мен судың температурасын бақылау датчигі ағын болмаған және қайта ағатын судың температурасы жобада көрсетілгеннен жоғарылаған кезде электронды зеңбіректердің қорек көзін сөндіретін бұғаттағыш жүйемен жабдықталады;

8) құрылғы бөлігінің балқыту кеңістігіне түсетін кристаллизаторларды, пештің астын, электронды зеңбіректерді салқындату үшін пеш жобасында көрсетілген талаптарға сәйкес химиялық тазаланған су қолданылады;

9) пеш жұмыс істеп тұрған уақытта қақпақтардың жылжу аймағында жұмысшылардың жүруіне рұқсат етілмейді. Кері дөңгеленетін және шалқаймалы қақпақтардың жылжу аймағы қоршалған болады;

10) форвакуумдық сорғыштар алдындағы вакуум сымдарында электромагниттік ілгегі бар апаттық клапандар орнатылады;

11) сәулелердің шеткі күйі дұрыс қоршамаған кезде электронды зеңбіректердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

177. Электрошлактық қайта балқыту қондырғылары:

1) балқытудың дайындық жұмыстарының барлығы тек пеш (қондырғы) сөндірілген кезде жүргізіледі;

2) пештің түбінен немесе кристаллизатордан су аққан кезде пешті іске қосуға рұқсат етілмейді;

3) пештің түбі мен тығындықтың түйіспелі беті олардың тығыз қиылысуын қамтамасыз ететін тегіс және жатық болады. Ылғал тығындықты қолдануға рұқсат етілмейді;

4) электродтарды орнату мен тасымалдау, балқыту аяқталғаннан кейін күйікті түсіру, құйма кесектерді шлактық «қатқан қаспақтардан» тазалау, құйма кесектерді пештің түбінен жинау механикаландырылады;

5) электрошлактық қайта балқыту қондырғысы мен флюсті балқыту пештері ауа соратын желдеткішпен жабдықталады;

6) электрошлактық балқыту және флюсті балқыту пештері салқындатқыш суды беру тоқтатылған, қысым төмендеген немесе су қайнаған жағдайда пештің автоматты түрде сөндіруге арналған қондырғымен жабдықталған болады;

7) электрошлактық қайта балқыту қондырғысының жұмыс істеуі кезінде ток жүретін бөліктің қасында болуға және қандайда бір жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады;

8) шлак пен металл кристаллизаторда толық қатқанға дейін құйма кесекті алуға рұқсат етілмейді.

178. Синтетикалық шлактарды балқытуға арналған пештер:

1) тоғыспа алаңдар мен сыртқа шығатын науа алаңдарының, электродтарды арттыруға арналған станоктың құрылымдары, электродтарды ауыстыру және арттыру операцияларын орындау тәртібі, электродтарға, ниппелдер мен сумен салқындатылатын элементтерге қойылатын талаптар осы Талаптың 170 тармағындағы 8), 10), 11), 13), 14)-22), 24)-27), 29) тармақшаларына сәйкес болады;

2) шлактық тоңазытқыштардың әрбір секторы сыртқа ағатын судың температурасы мен коллектордағы судың қысымын көрсететін және тіркейтін аппаратурамен жабдықталады;

3) сыртқа ағатын судың температурасы шекті рұқсат етілген шамадан көтерілген немесе коллектордағы су қысымының төмендеу көрсеткіші артқан кезде пешті басқару бекетіне автоматты түрде түсті дыбыстық белгі беріледі. Қажет болған жағдайда пеш сөндіріледі;

4) шихтаны пешке салу салу машинасының көмегімен жүргізіледі. Шихтаны салу машинасының бункеріне салу өздігінен төгетін қауғаның немесе вибросорғыштардың көмегімен жасалынады;

5) пешке салынатын материалдар құрғақ болады. Пештің салу терезесі пештен шихтаны салу кезінде шығатын газдарды жоюға арналған жергілікті орнатылған сорғышпен жабдықталады;

6) шлакты шығаруға арналған фурманы ашу мен жабу механикаландырылады. Машинаның тоқтатқыш тығындысы фурманың тесігін нығыз жабады;

7) шлакты пештен шығару алдында дыбысты белгі беріледі;

8) шлактық тоңазытқыштың қүйуін алдын алу үшін пеште тоңазытқыштың деңгейіне дейін металдың түзілуіне жол берілмейді. Пештегі металдың деңгейі жүйелі түрде бақыланады;

9) болатты құятын жерде шлакты аралық ожаудан қайта құю кезінде жұмысшылар ожаудан қауіпсіз қашықтықта болады.

179. Электрлік болатты балқыту пештеріне оттегін беру:

1) тоғыспа арқылы пешке оттегін беру үшін фурманы төмен түсіру мен көтеру механикаландырылады;

2) пештің ваннасына оттегін беретін фурма тартпасының салқындатқыш судың температурасы көтерілген, сыртқа ағатын судың немесе оттегінің қысымы белгіленген шектен төмендеген кезде фурманы пештің жұмыс істеу кеңістігінен автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін бұғаттағыштары болады.

Фурманы жұмыс алаңынан көтеру кезінде оттегін беру автоматты түрде тоқтатылады;

3) пешке оттегін металл құбырының көмегімен салу терезесі арқылы беру кезінде пештің салу терезесінің алдында құбыр жүргізуге арналған тесікті сақтандырғыш қалқан орнатылады.

180. Пештердің электрлік бөліктерінің құрылысы мен оларға қызмет көрсету:

1) электрлік болатты балқыту пештерінің электрлік бөліктерінің құрылысы мен оларға қызмет көрсету «Электр қондырғыларды құру», «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану», «Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану» талаптарының, МСТ 12.2.007.0; 12.2.007.9 ЕҚСЖ талаптарына сәйкес болады;

2) пеш трансформаторларынан пештің электродтарына ток өткізетін «қысқа желілердің» кабелдері биік жүргізілген кезде олардың астында қоршалған өту жолы жасалынады, ал кабелдер төмен жүргізілген жағдайда оларды қоршау құлыпқа жабылатын есігі бар тор түрінде болады;

3) электр пештердің қаңқасы мен құрылысы жерге қосылады;

4) электр пештерді басқару пульттері электрлік доғалардың пультті басқарушылардың көздерін шағылыстыру мүмкіндігін болдырмайтын етіліп орналастырылады. Басқару пульттері электр доғалардың көзді шағылыстыру аймағында орналасқан цехтарда қорғағыш экрандар қолданылады;

5) басқару пульттерін әйнектеу кезінде жылудан қорғау әйнектері қолданылады.

Пульттерді басқару бөлмелерінде қалыпты еңбек етуге жағдай жасауды қамтамасыз ететін үйлестірілген желдеткіштер болуы қажет.

Жылдың суық және ауыспалы кезеңінде пульттерді басқару бөлмелері жылытылады;

6) басқару пульті тікелей шығатын қоректендірілген станция аралық телефон байланысымен және қажетті дабыл құралдарымен қамтамасыз етіледі;

7) пешті балқытуға қосар алдында болатты балқытушы мен цехтың механикалық және электрлік қызметінің жауапты тұлғалары жабдықтардың, футеровкалар мен пеш тоғысының ақаусыздығы тексеріледі.

Операторға пешті қосуға тек болатты балқытушыдан пешті қосуға рұқсат алғаннан кейін рұқсат етіледі.

Пешті іске қосудан бұрын барлық жұмысшылар одан алыс қауіпсіз қашықтыққа жіберіледі.

Жұмыс істеп тұрған пештің қасында оған қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың болуларына рұқсат етілмейді;

8) жоғары вольтті сөндіргішпен пешті іске қосу мен сөндіру тәртібі технологиялық регламентпен реттеледі;

9) электр пештердің «қысқа желілер» кабелдерінің тұйықталуын немесе көпірлік құю краны арқандарының үзілулерін (қайта күюлерін) болдырмау үшін электродтардың қуаттылығы сөндірілмеген кезде пеш еңісін болдырмайтын бұғаттағыш қарастырылады. Бұғаттағышты қосу іске қосылған пештің құю аралығына қарай кемінде 15 градусқа еңісі кезінде жүзеге асырылады;

10) электрлік токқа түсуді болдырмау үшін электр пешке салынатын құрал-саймандар пештің салу терезесі тарағының тістеріне төселген темір роликпен жанасады.

Пешке құрал-саймандарды салу кезінде құрал-сайманмен қуат көзіне қосылған электродтарға қол тигізуге рұқсат етілмейді;

11) электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде электр пештерге жоғары және төмен жағынан пеш трансформаторына қорғағыш жерге қосу қондырғысы орнатылады.

13. Конверторларды орнату және оған қызмет көрсету
181. Жалпы талаптар:

1) факелдің немесе жылудың бөліну әсеріне ұшырайтын арқалықтар мен бағаналар жылудан оқшауланылады;

2) жұмысшыларды сәулелік жылу мен конверторларды балқыту өнімдерінің лақтырындысынан қорғау үшін шетмойын екі жағынан нөлдік белгіден жұмыс алаңына дейін және жұмыс алаңынан конвертордың төбесіне дейін экранмен қоршалынады.

Жаңадан салынып жатқан цехтарда конверторлардың алдыңғы және артқы жағынан биіктігі кемінде 2 м жылудан қорғау экрандарын орнату қарастырылады;

3) жаңадан салынып жатқан цехтарда конверторлардың жабдықтарына қызмет көрсету алаңдары мен осы алаңдарға өтетін баспалдақ белдеулері болат жолақтардан қырлы жасалған тор түрінде болады;

4) конверторлардың жоғарғы баспалдақтары сол алаңда орналасқан механизмдерге қауіпсіз қызмет көрсетуге жеткілікті жалпақтықта болады. Алаңда кем дегенде екі шығу есігі болады;

5) мойынтіректерді қолдану кезінде конверторлар шетмойынының барлық өлшемдерде сырғанап тозуы олардың алғашқы көлемінің 10 % аспайды.

Шетмойынды бөлшектеусіз бақылау әдісімен тексеру конверторды монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін және түбегейлі жөндеу жұмыстары кезінде жүргізіледі.

Тексеру нәтижелері актімен ресімделеді;

6) конверторды тіреуіш балдаққа орнату кезінде ол, оның тік осьінің балдақтың тік осьіне қарағанда ығысу мүмкіндігін болдырмайтындай етіліп бекітіледі;

7) құрылыс құрылымдары мен жабдықтар мерзім сайын шаң мен қатқандардан тазаланады;

8) конвертордың қаптамасында, жиегі мен тіреуіш балдағында қатқандар мен металдың дақтарын жиналуына жол берілмейді.

Конвертордың жиегінен, оның ішкі және сыртқы жағынан қатқандар мен метал дақтарын тазалау жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механикалық тәсілмен жүргізіледі. Бұл мақсатта конвертордың жетегін қолдануға жол берілмейді;

9) конвертордан металды құйып алғаннан кейін футеровка мен түбі олардың жай-күйін анықтау мақсатында мұқият қаралады;

10) металдың конвертор астындағы алаңға шашырауын азайту үшін жұмыс алаңындағы ойда шойынды қалқандар орнатылады;

11) сәулелі жылудан қорғау үшін металдың температурасын термобумен өлшеу кезінде арнайы оңай жеткізілетін экрандар қолданылады;

12) конверторлық алаң астынан болат пен шлакты тасу қозғалысының жолы бойы астынан жылудан қорғау экрандарымен жабылады;

13) конвертор мен конверторды басқару пультінің жұмыс алаңы арасында екі жақты байланыс орнатылады. Басқару пультінде конвертордың тік қалпын көрсететін сілтегіш орнатылады;

14) Басқару пультерінің орнатылуы қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіз жұмысы мен конверторды және оның жабдықтарын бақылауды жеткілік көруді қамтамасыз етеді.

Басқару пультін конвертордың шетмойынына қарсы орнатуға тыйым салынады;

15) конверторды жоғарыдан үрлеу кезінде металды ағызатын тесікті жабу мен ашу, сынау алу жылудан қорғау экрандарымен жабдықталған жылжымалы және тұрақты алаңдардан жүргізіледі;

16) металдың сынауын алу мен оны зертханаға жеткізу осы Талаптың 170 тармағының 51)-52) тармақтарындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

182. Жоғарыдан үрлеу кезінде:

1) конверторға оттегін беру кезінде сумен салқындатылатын фурмалар қолданылады;

2) фурма конверторға тек ол тік орналасқан кезде және ортасы арқылы енгізіледі. Бұл мақсатта конвертор еңіс қалыпта болған жағдайда фурманың төмен түсуін болдырмайтын бұғаттағыш қарастырылады;

3) фурманың конвертордағы қалпы көрсететін және тіркейтін аспаптардың көмегімен бақыланады;

4) фурманың тік жылжу механизмі фурманың тігінен жылжуын шектейтін апаттық сөндіргішпен және тірегішпен; фурманың конверторға құлауын болдырмайтын тірегіштермен және ұстағышпен жабдықталады;

5) конверторларды басқару бекетінде оттегі мен су шығынын және қысымын, әр конвертор үшін сыртқа ағатын судың температурасын көрсететін және тіркейтін аппаратура орнатылады.

Аппаратура машинистке (операторға) балқытуды үрлеу кезінде оның көрсеткішін бақылауға мүмкіндік беретін орындарда орнатылады;

6) фурманың жетегінде фурманың конвертордан көтерілуін және фурмадағы оттегі қысымы төмендеген кезде оттегінің берілуін тоқтатуды, фурманы салқындататын судың шығынын төмендетуді немесе сыртқа ағатын су температурасының технологиялық регламентте белгіленген көлемге дейін көтерілуін қамтамасыз ететін автоматтық бұғаттағыш болады;

7) жаңадан салынып жатқан конверторлық цехтарда әр конвертор электро қуатын беру кенеттен тоқтатылған кезде фурманың конвертордан көтерілуін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады;

8) фурмаға суды үздіксіз беру үшін сорғы станциясында біреуі қосалқы болып табылатын кемінде екі сорғы болады.

Сорғылардың электрлік қозғалтқыштарын қоректендіру екі тәуелсіз электро қуат көздерінен жүзеге асырылады;

9) фурманы тексеру және жөндеу үшін еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Фурманы тазалау жоғарыдан төмен қарай арнайы алаңда жүргізіледі;

10) оттегі берілетін жеңдердің төзімділігін гидравликалық сынау үшін 3·Р қысымымен және герметикалығына 2·Р қысымымен тексеріледі. Мұнда Р-жұмысы қысымының көрсеткіші болып табылады;

11) реттеу торабының оттегі құбырлары, арматурасы мен қақпақтары биіктігі жағынан ең шекті жоғары қысымға сәйкес болады және төзімділігі мен герметикалығына сынақтан өтеді.

Реттеу торабында оның төменгі жағының тұрақты жұмыс қысымын қамтамасыз ететін құрылғы қарастырылады;

12) оттегінің қысымы мен шығынын реттеу бекеттері арнайы желдетілетін бөлмелерде орналастырылады;

13) цехтық коллектордан конверторға оттегін беретін жерде қашықтықтан басқарылатын электрондық ысырма орнатылады.

Цехтық коллектордан конверторға оттегі берілетін жерде қолмен тартылатын ысырма, тығындық және реттейтін қақпақ орнатылады.

183. Конвертордың бұрылыс механизмі:

1) конвертордың бұрылысында кемінде екі электрлік қозғалтқыш болады.

Электрлік қозғалтқыштардың қуаттылығы қалған бір қозғалтқыш істен шыққан жағдайда конвертордың балқыту аяқталғанға дейінгі жұмысын қамтамасыз ететіндей қарастырылады. Электрлік қозғалтқыштарды қоректендіру кемінде екі тәуелсіз қорек көзінен жүзеге асырылады;

2) әр электрлік қозғалтқыш электр қуаты сөнген жағдайда конверторды жылжымайтын қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін тежеуішпен жабдықталады. Тежеуіш ретінде конвертордың бұрылыс механизмінің бұрамдық берілісін қолдануға жол берілмейді;

3) электрлік қозғалтқыштар мен тежеуіштер металдың шашырауынан және механикалық бұзылулардан берік қорғалған болады;

4) конвертордың бұрылыс механизмінің жай-күйін тексеру ауысым сайын жүргізіледі. Конвертордың ақаулы бұрылыс механизмін іске қосуға жол берілмейді.



Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
0802 -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
0802 -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Жоғарғы белсенді заттарды пайдаланатын жұмыстарға әдістемелік ұсынымдар
0802 -> 1-тарау. Негізгі талаптар Жалпы талаптар
0802 -> Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар
0802 -> Сорғылық-компрессорлық құбырларды және құбыр өткізгіштерді парафин қабаттарынан тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет