14. Конверторлық газдарды сыртқа ағызуға,
салқындауға және тазалауға арналған құрылғылар
184. Жалпы талаптар:
1) конверторлық цехтарда газдардың конверторлардан санитарлық нормалармен белгіленген шоғырлануға дейін зиянды қоспалардан тазалау арқылы толық ағуы қамтамасыз етіледі;
2) конвертерлік газдарды салқындату элементтерін орнату мен пайдалану Бу және су қайнататын қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес болады;
3) газ тазалауды, түтін соруды, сумен қамтамасыз етудің кері циклі мен түтін шығу құбырындағы толықтай жағу құрылғыларын орнату және пайдалану құрылыстық-монтаждық және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болады;
4) конверторлық газдарды сыртқа ағызуға және тазалауға арналған қондырғылар автоматтандырылған, қауіпсіз пайдалануға қажетті ортақ қашықтықтан басқару және бақылау-өлшеу аспаптары болады. Конвертордың газды сыртқа ағызу жолын басқару пультінде газдарды салқындату, газды тазалау, түтін сорғыш пен газды толықтай жағу құрылғыларының үлгісі ілінеді.
Конвертор дистрибуторының машинисті мен түтін сорғыш машинисті арасында дауысты зорайтқыш және телефон байланысы болады;
5) конверторларды жөндеу кезінде салқындатқышты, тозаңды сүзгіш қондырғылары мен газ өту жолдары тексеріледі;
6) газ сыртқа ағатын жол мен газ тазалау қондырғылары жөндеу жұмыстарын механизациялау үшін көліктік көтергіш құралдармен, жұмысшыларды көтеруге арналған механизмдермен (люлькалар және сол сияқты) жабдықталады;
7) тексеру және жөндеу үшін салқындатқыш пен тозаңды сүзгіш қондырғыларда (скрубберлер, тозаңдатқыш құбырлар, газ құбырлары және сол сияқты) люктер мен өтетін тесіктер және осы жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған болады. Өтетін тесіктер мен люктер герметикаланады, оларға еркін кіру қамтамасыз етіледі. Газды сыртқа ағызу кезінде люктерді ашуға жол берілмейді;
8) салқындатқыш пен газды тазалау элементерінің күюін болдырмау үшін фурманың босауын және салқындатқыш су болмаған кезде конверторға оттегін беруді болдырмайтын бұғаттағыштар орнатылады.
Қазандыққа немесе газ тазалауға суды беру жобамен белгіленген рұқсат етілген көлемнен төмендеген немесе тоқтатылған, кессоннан ағатын судың температурасы рұқсат етілген шектен көтерілген жағдайда оттегін беру автоматты түрде тоқтатылады, ал фурма конвертордан шығарылады;
9) қыс кезінде конвертор жөндеу жұмыстарын жүргізуге тоқтатылған кезде сумен салқындататын жүйедегі және газды сыртқа ағызу жолының көздеріндегі су ағызылуы немесе жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі;
10) салқындатқыш жүйеде сұйықтың ағуы пайда болған кезде конверторды іске қосуға жол берілмейді;
11) конвертор газдарын салқындату жүйесін тазалау кезінде конвертор астында жұмыс жүргізуге жол берілмейді. Тазалау жұмыстары жүргізілетін уақытта қоршау қойылады және ескерту плакаттары ілінеді;
12) салқындатқыштың төменгі бөлігінің құрылымы қатқандардың мүмкіндігінше жабысуын және оңай алынуын қамтамасыз етеді. Фурма мен науаға арналған салқындатқыштағы тесік жүйелі түрде қатқандардан тазаланады;
13) салқындатылатын кессондарға берілетін су механикалық қоспалардан тазаланады;
14) конвертор жұмыс істеп тұрған кезде газ сыртқа ағатын жолдағы люктерді, өтетін тесіктерді, гидроқақпақтарды, сақтандырғыш клапандарын ашуға жол берілмейді;
15) газды сыртқа шығару жолының элементтері найзағайдан қорғалған болады;
16) шламды құрғату корпустарында үнемі шламдарды жұмыс алаңдары мен құрылыс құрылымдарынан сумен шайып кетіру жұмыстары жүргізіледі. Құрғақ шламның басылып қалуын болдырмау үшін бункерлер мен конвейерлерді дер кезінде түсіреді (босатады).
185. (Көміртегі тотығын толық және жартылай өртеу мен өртеусіз) жоғарыдан үрлеу кезінде:
1) конверторлардан газды сыртқа ағызу көміртегі тотығын салқындатқышта толық, жартылай өртеу немесе өртеусіз арқылы жүргізіледі.
Толығымен өртеу арқылы сыртқа ағызу кезінде әр конвертордан газды сыртқа жекелеп ағызу жолы және газды сыртқа ағызудың коллекторлық үлгісі рұқсат етіледі.
Газдарды жартылай өртеу немесе өртеусіз арқылы сыртқа ағызу кезінде газды сыртқа ағызу жолы әр конвертор үшін жекелеген түтін құбырымен және өртейтін құрылғысымен жеке дара болады;
2) газдарды өртеусіз немесе жартылай өртеу арқылы сыртқа ағызу кезінде газдарды тазалаудың ылғал тәсілі қолданылады;
3) газ тазалау жүйесін сумен қоректендіру екі бөлек су беру көзінен жүргізіледі. Су беру көзі механикалық қоспалардан тазалайтын фильтрлермен жабдықталады;
4) газды ылғалды тазалау түрінен газ өту жолдарында түтін құбырына дейін гидроқақпақтары бар су бергіштер орнатылады;
5) газдарды салқындатқыштарды сумен қоректендіру екі бөлек су көзінен жүргізіледі. Нәрлі судың сапасы технологиялық регламентке сәйкес болады;
6) газ тазалауды басқару қалқандарында газды тазалауға жұмсалатын су шығынының төмендеуін, газ тазалау апараттарындағы судың жоғарғы және төменгі деңгейге жетуін көрсететін белгі беретін аспап орнатылады;
7) газды сыртқа ағызу жолдарының элементтерінде түзілген шөгінділерді (қатқандарды, шлам мен сол сияқтыларды) тазалау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;
8) конвертордың газды сыртқа ағызу жолы жөндеу кезінде жалпы коллекторлардан, пештердің көмекейлері мен сол сияқтылардан нақты сөндірілген болады.
Жөнделіп жатқан газ тазалағыштың ағынды суды сыртқа ағызу жүйесі (көміртегі тотығын өртеу жүйесінен басқа) ағынды суды сыртқа ағызудың жалпы коллекторынан ажыратылған болады;
9) салқындатқыш пен газ өтетін жолдарда Қазақстан Республикасы тау-кен қадағалау және өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі мемлекеттік Комитеттің 1994 жылғы 21 сәуірдегі «Бу және су қайнататын қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану» ережелерінің талаптарына сәйкес жарылғыш сақтандырғыш клапандар орнатылады;
10) газды тазалау және түтін сору бөлмелері көміртегі тотығының түзілуін автоматты бақылау қондырғыларымен жабдықталады.
Газды тазалау және түтін сору бөлмелеріндегі ауадағы көміртегі тотығының түзілуін бақылап тексеру ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі;
11) газ өтетін жолдардың барлығы герметикаланады;
12) түтін сорғыштарға қызмет көрсететін кезекшілердің бөлмесі дыбыстан оқшауланған болады;
13) шламды пайдалану қондырғысы үшін үйлестірілген сору желдеткішімен жабдықталған бөлек ғимараттар салынады;
14) шламды құрғату процестері, құрғақ өнімді алу мен беру механикаландырылады және автоматтандырылады.
Құрғақ тозаңды қайта тиеу орындары герметикаландырылған және тозаңды аспирациялауға арналған қондырғылармен жабдықталады;
15) құрғақ тозаңды тасу шаңның көтерілуін болдырмайтын тәсілмен жүзеге асырылады;
16) конверторлық цехқа электр қуатын беру тоқтатылған кезде цехқа немесе конверторға оттегін беру автоматты түрде тоқтатылады;
17) жаңадан салынып жатқан шламды пайдалану бөлімшелерінде барлық деңгейдегі жұмыс алаңдарынан сумен шайып тазалау қарастырылады.
186. Көміртегі тотығын жартылай өртеу және өртеусіз газдарды сыртқа ағызу кезінде қойылатын қосымша талаптар:
1) газды сыртқа ағызу жолы герметикаландырылады. Балқыту кезінде түтін сорғыштағы газда 10 % және одан жоғары көмертегі тотығы болған кезде оттегінің құрамы (көлемдік) 2 % аспайды;
2) кессондағы қысымды автоматты реттеу жүйесінде ақаулықтар болған кезде конверторлық газдарды өртеусіз сыртқа ағызуға рұқсат етілмейді.
Конверторлық газдарды өртеусіз және (немесе) түтін сорғышта СО және О2 түзілгендігі туралы ақпарат болмаған жағдайда жартылай өртеу арқылы сыртқа ағызуды балқыту процесінде жүргізуге рұқсат етілмейді.
Конверторды үрлеуді алды ашық пештің жылжымалы манжеті көтеріліп тұрған кезде бастайды. Алды ашық пештің манжеті балқыманы жаққаннан кейін түсіріледі.
Алды ашық пештің манжеті шығатын газдарда көміртегі оксиді болмаған жағдайда үрлеуден кейін көтеріледі;
3) газ бөлу жолының гидроысырмаларындағы су бағанының биіктігі олар орнатылған жерлерде ең жоғарғы сирету шамасынан 0,5 м артады. Гидроысырмалар қосқышқа дейін толтырылып, суды өшірген кезде берік жабылып тұратын көлемі болады;
4) түтінсорғыш белдігінің, салқындатқыштың дірілштангілері мен сиретілетін басқа да жылжымалы қосқыштардың ауаның соруына жол бермейтін тығыздамасы болады;
5) газ бөлу жолының құрылымы қалдықтардың жиналу аймағының түзілуін болдырмайды;
6) түтін құбырына жағу құрылғысының алдынан бу жіберіледі. Бу беру түтінсорғыштың үрлеу барысында апаттық істен шыққан немесе үрлеменің басқа апаттық тоқтаған кезінде автоматты түрде қосылады.
Бу түтін құбырына газ ағысының қозғалысы бағытында жіберіліп, детонациялау қоспасын болдырмауды қамтамасыз ететін мөлшерде беріледі;
7) үрлеме апаттық тоқтаған кезде оттегіні өте аз шығындау арқылы толықтай жағу кестесі бойынша балқыманы үрлейді;
8) конвертор жұмыс істеп тұрған кезде цех бөлмесіне фурманың терезесі мен сусымалы материалдардың жолы арқылы, салқындатқыштың жылжымалы бөлігінің жылжымайтын бөлігімен біріктіргіші арқылы газдың өтуін болдырмайды;
9) шырақтағы жағу құрылғысы көміртегінің берілген оксидін оның жер бетінің қабатындағы құрамы шекті шамадан аспаған жағдайда жағуды қамтамасыз етеді. Жағу құрылғысының шілтері қашықтықтан басқарылады.
Шырақтың биіктігі жобаға сәйкес анықталады;
10) жағу құрылғысына қызмет көрсету үшін алаңдар қарастырылады.
Жағу құрылғысының ысырма және реттегіш арматурасы алты дүркін ауаалмастырғышы бар жылу берілетін бөлмеде орналастырылады;
11) көміртегі оксидін толықтай жақпаған немесе жартылай жағу жұмысы кезінде қосымша автобұғаттағыштар қарастырылады:
жағу құрылғысының алдынан түтін құбырына бу беру және түтінсорғыш апаттық тоқтаған немесе оған дейін ыдырату түскен кезде, кез келген балқыманы үрлеу апаттық тоқтаған кезде тұтандырғыш шілтерге газ беруді өшіру;
тұтандырғыш шілтерлердің ақауы болған кезде келесі үрлемеге оттегі беруді тоқтату;
үрлеу тоқтатылған кезде (қалыпты немесе апаттық) фурмаға оттегі беруді ол көтеріле бастағаннан кейін тоқтату;
12) көміртегі оксидін толықтай жақпаған немесе жартылай жағу жұмысы кезінде қосымша:
күйдіру құрылғыларының тұтандырғыш шілтерлерінің өшуі және шілтер алдындағы газ қысымының төмендеуі туралы;
түтінсорғыш алдындағы ыдыратудың түсуі туралы;
бір мезгілде 10 % астам көміртегі оксиді болған кезде түтінсорғыштың газ құрамындағы оттегінің 2 % астам артуы туралы жарық беру және дыбыс дабылы қарастырылады;
13) конвертор сызба бойынша жұмыс істеп тұрған кезде көміртегі оксидін толықтай жақпастан әрбір түтінсорғыш оқшауланған бөлмеде орналастырылады;
14) түтiнқұбырда түтінсорғыштан кейін газ бөлу жолын басқару қалқанындағы немесе конвертормен басқару пульті қалқанында көрсеткіштерді тіркей отыра, көміртегі оксиді мен оттегі құрамына тұрақты тез әсер ететін өлшеу жүргізіледі;
15) жұмысшылардың балқыманы үрлеу кезінде газжинағыш құрылғының үстіңгі алаңында (конверторлық газдардың көміртегі оксидін толықтай жағуға шырақтар) болуына жол берілмейді;
16) тұндырғышқа дейінгі учаскедегі барлық газтазалағыштың ағынды суын жеткізу жүйесі герметикаландырылады. Судан бөлінетін көміртегі оксидін құю және жиналуы мүмкін орындарда шырақтар орнатылады;
17) тұндырғышқа дейінгі учаскедегі газтазалағыштың ағынды суын бөлу жүйесі басқа цехтардағы канализациялық желілерден тәуелсіз болады.
Басқа цехтардан сол учаскедегі газтазалағыштың ағынды су жүйесіне ағынды суды жіберуге рұқсат етілмейді;
18) учаскедегі мөлдір суды бөлу жүйесіне тұндырғыштардан кейін газ тазалағыштың ағынды суды бөлу жүйесінен салалардың құбырөткізгіштеріне газдың өтуін болдырмайтын сулы тығындарымен салаларының жабдығы болған жағдайда басқа мақсаттағы желілерді (белсенді тоттану сұйықтық желілерінен басқа) қосуға жол беріледі.
Ағынды суды бөлу жүйесінің учаскелері газ шығу қауіпі бар орындарға жатады;
19) ағынды суды бөлу коллекторы кемінде 0,005 м көлбеу орналастырылуы және шламның шөгуін және коллектордың сумен толтырылуын болдырмайтын конфигурациясы болады;
20) суда, газтазалағышта ерітілген көміртегі оксидін жою үшін ұйымдастырылған көміртегі оксидін бөлетіні бар айналма суды газсыздандыру бойынша арнайы құрылғы қарастырылады;
21) ағынды суларды мөлдірлеуге арналған тұндырғыштар цехтер мен газтазалағыштың айналма циклына қызмет көрсетумен байланысты емес бөлмелерден кемінде 20 м қашықтықта орналастырылады;
22) газтазалағыштардың айналма суларына арналған қайта жарақталатын сорғы мен шламдық сорғы станциялары тұрақты қызмет көрсетуші тұлғасыз автоматтандырылады;
23) сорғы бөлмелерінде табиғи және жасанды желдеткіш болады;
24) туннельдердегі шламөткізгіштердің төсемдеріне қажет болған жағдайда олардың желдеткіші қарастырылады.
15. Қышқылсыздандырғыштарға арналған балқыту пештері
187. Қышқылсыздандырғыштарға арналған балқыту пештері арнайы аралықта немесе конверторлық аралықтың (цехтың) шетінен орнатылады.
188. Балқыту пештерінің орналасуы сұйық қышқылсыздандырғыштарды болат құятын ожаулар мен конверторға аралық көтергішсіз беруді қамтамасыз етеді.
189. Шихталық материалдарды балқыту пештеріне жеткізу және түсіру механизацияланады.
190. Металл лақтырындысын болдырмау үшін қорыту ваннасына жүкті әбден толтыру кезінде дымқыл материалдарды беруге рұқсат етілмейді.
191. Сұйық қышқылсыздандырғыштарды тасымалдауға арналған ожауларды орнату және пайдалану осы Талаптың 17 және 18 бөлімдеріне сәйкес болады.
192. Қышқылсыздандырғыштарды балқытуға арналған индукциялық пештерді қолдану кезінде оларды орнату, пайдалану және жөндеу осы Талаптың 12 және 24 бөлімдеріне сәйкес болады.
16. Тез тұтанатын ұнтақты материалдарды, олардың негізіндегі қоспаларды өндіру және пайдалану
193. Жалпы талаптар:
1) негізгі тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен олардың негізінде дайындалған қоспалардың техникалық құжаттамасы (ескертуді қараңыз) мен технологиялық регламентте тез тұтанғыш ұнтақты материалдарға арналған МСТ 12.1.044 ЕҚСТ сәйкес мынадай сипаттамалар-жанғыштық тобы, жалынның таралуының төменгі қосылым шегі (ЖТТҚШ), аэрожүзіндінің тұтану және қабатта өздігінен тұтану температурасы, жарылыстың ең жоғарғы қысымы мен оның өсу жылдамдығы, ал қоспалар үшін бұдан басқа-өздігінен жану қабілеттілігі көрсетіледі; тотықтырғыштарды қамтитын қоспалар үшін: есептік үлестік жылылығы мен жану процесінің температурасы және механикалық әсерді (үйкелісті, соққыны) сезінуі көрсетіледі.
Соңғы сипаттама белсенді жиынтық қоспалар (жанғыштың тотықтырғышпен қоспасы) үшін жеке анықталады.
Аталған сипаттамалардың анықтамасы (үлестік жылылық пен жану процесінің температурасынан басқа) мен тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен олардың негізінде дайындалған қоспаларды пайдалану мүмкіндігі туралы қортындыны аттестацияланған ұйымдар береді.
Үлестік жылылық пен жану процесінің температурасын өнеркәсіптік қауіпсіздікті әзірлеуші анықтайды.
Тез тұтанғыш материалдар мен қоспаларды аталған сипаттамалар болмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді;
2) болат өндіру кезінде:
жану процесі жарылысқа ұласатын;
өздігінен жануға қабілетті және 50 кДж/моль астам жану процесінің үлестік жылылығы бар;
механикалық әсерді (соққыны) сезінуі 19,6 Дж және одан төмен, ал белсенді жиынтығы 9,8 Дж және одан төмен болатын қоспаларды пайдалануға жол берілмейді.
Ауаның өтуінсіз өздігінен жануға қабілетті қоспаларды технологиялық регламентке сәйкес қолданады;
3) негізгі тез тұтанғыш материалдардың стандарттарында қоспаларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдардың қомақтылығының төменгі шегі, негізгі жиынтық пен қоспалардың шекті құрамы көрсетіледі.
Негізгі тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды кәсіпорын жеткізуі немесе белгіленген тәртіппен тіркелген стандарттарға сәйкес кәсіпорындарда өндіріледі.
Ескерту: 1. Тез тұтанғыш ұнтақты материалдар-тұтану көзін жойғаннан кейін қабатта өздігінен жануға немесе аэрожүзіндіде жарылуға қабілетті заттар.
2. Бөлімнің одан әрі мәтінінде қысқарту үшін «олардың негізінде дайындалған қоспалар» деген сөздердің орнына «қоспалар» деген және одан тарайтын сөздер қолданылады;
4) күйген тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды аттестацияланған ұйымдар ұсынған әдістермен және құралдармен сөндіреді. Осы мақсатта суды немесе көбікті өрт сөндіргіштерді пайдалануға рұқсат берілмейді;
5) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалар өндірілетін және сақталатын бөлмелерде ашық отты пайдалануға рұқсат берілмейді.
Мұндай бөлмелердің едендерінің материалдары ұшқынның түзілуін болдырмайды.
Темекіні бөлінген және жабдықталған орындарда ғана шегуге рұқсат беріледі;
6) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалар өндірілетін және сақталатын бөлмелердегі барлық жөндеу жұмыстары рұқсат-наряды бойынша жүргізіледі.
Жарылу, өрт шығу қаупі бар ұнтақты материалдар мен қоспалар өндірілетін және сақталатын бөлмелерде ашық отты пайдаланатын жөндеу жұмыстары Құрылыстық-монтаждау және отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарына сәйкес, ал жөндеу жұмыстары өрт шығу қаупі бар ұнтақты материалдар мен қоспалар бөлмелерінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес жүргізіледі.
194. Өндірістік ғимараттар мен желдеткіштерге қойылатын негізгі талаптар:
1) жарылу қауіпі бар ортаның түзуі мүмкін тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды тек А және Б санатты өндіріс бөлмелерінде, ал тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды А, Б, В санатты өндіріс бөлмелерінде сақтауға және өндіруге рұқсат беріледі.
Бөлмелердің, ғимараттар мен құрылыстардың санаттары «Жарылу, өрт шығу және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелердің, ғимараттар мен құрылыстардың санаттарын анықтау бойынша республикалық технологиялық жобалау» нормаларына сәйкес анықталады.
Осы ғимараттар мен бөлмелердің желдеткіштері ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
2) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды өндіретін немесе сақтайтын ғимараттардың сыртқы қоршау құрылымдарын (қабырғаларды, жабындарды) бөлмеге атмосфералық жауын-шашынның түсу мүмкіндігін болдырмайтын жарамды жай-күйде ұстайды;
3) ұнтақты материалдар мен қоспалар өндірілетін және сақталатын бөлмелерде Электр қондырғыларын орнату ережесі талаптарына сәйкес жарылу қауіпі бар аймақтар анықталады. Аталған бөлмелер жарылысқа қауіпсіз телефон байланысымен жабдықталады;
4) өндірістік бөлмелерде едендер, алаңдар, баспалдақ торлары, қабырғалар мен басқа да құылыс құрылымдары, құбыр өткізгіштер мен жабдықтар шаңнан тазартылады. Жинау мерзімділігі қабатта жануы немесе аэрожүзіндінің пайда болуы мүмкін шаңның жиналуын болдырмайды.
Шаңды жинау мерзімділігі мен тәртібі және қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентпен анықталады.
Тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен олардың негізінде дайындалатын қоспалар сақталатын және өндірілетін бөлмелерде жарылу қауіпі бар және улы заттардың болуын бақылауға арналған олардың бөлінуі мүмкін орындарда орнатылған дабылдағыштар қарастырылады.
Жабдықтардың үстінен және аспирациялық жүйелерден кәсіпорынның бас инженері бекіткен кесте бойынша шаңның өздігінен жану қабілеті мен өздігінен тұтану температурасын анықтау үшін оның сынамасы алынады.
195. Тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен олардың негізінде дайындалған қоспаларды тасымалдау және сақтау:
1) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстар таза, құрғақ және жұмыс күйінде болады.
Аталған материалдардан ыдыстар мен селитраны тазарту жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады;
2) тез тұтанғыш ұнтақты заттар мен қоспаларды тасымалдау және сақтау қоспаның төгілуін және қоспа салынған ыдысқа ылғалдың түсуін болдырмайтын жабық ыдыста жүргізіледі;
3) тез тұтанғыш ұнтақты заттар мен қоспаларды тотықтырғыштармен, қышқылдармен және сілтілермен бірге тасымалдауға жол берілмейді;
4) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды тасымалдау әдістері ыдыстардың бір-бірімен және басқа да заттармен соғылуын болдырмайды.
Цех ішіндегі көлік өрт және жарылыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болады;
5) барабандарды, бөшкелерді, банкаларды және тағы сол сияқтыларды, тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалары бар ыдыстарды тасымалдауға арналған контейнерлердің тұғырықтары мен ішкі беттері жүк тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде ыдыстың контейнерге немесе тұғырыққа соғылған немесе үйкелген жағдайда ұшқынның түзілуін болдырмайтын материалмен қапталады;
6) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды балқыманы шығару кезінде пештің жанында және металдарды құю кезінде құю алаңдарының жанында тасымалдауға жол берілмейді;
7) тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды пневмокөлікпен тасымалдау қорғау атмосферасын пайдалана отырып жүргізіледі. Қорғау атмосферасының құрамы мен оның құрамындағы тотықтырғыштың шекті мәні жобаға сәйкес болады. Пневмокөлік жұмыс істеп тұрған кезде газдың құрамындағы тотықтырғыш автоматты түрде бақыланып тұрады;
8) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалар жабық қоймаларда сақталады. Қойма бөлмесінде ұнтақты материалдар түрлері бойынша бөлек сақталады.
Тез тұтанғыш ұнтақты материалдармен және қабырғалармен (барабандардың, жәшіктердің, бөшкелердің, банкалардың) қатарларының арасындағы қашықтық кемінде 1 м болады.
Қатарлар тұрақты болады. Олардың биіктігі 1,7 м аспайды.
Тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен тотықтырғыштарды (селитра түріндегі), сілтілер мен қышқылдарды бір бөлмеде сақтауға жол берілмейді;
9) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар сақталатын бөлмелерде сұрыптау, араластыру және материалдар мен қоспаларды дайындау бойынша басқа да жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді;
10) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар негізінде қоспалар дайындау:
тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды өндірудің технологиялық процестері мен осы процестерді жүргізу үшін пайдаланылатын технологиялық жабдықтар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болады.
Жарылу қаупі бар ортаның түзілуі мүмкін тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды өндірудің технологиялық процестер мен осы процестерді жүргізу үшін пайдаланылатын техникалық жабдықтар жарылыс қауіпсіздігіне сәйкес болады;
жарылу қаупі бар ортаның түзілуін болдырмау үшін материалдар флегматизациясын пайдаланады.
Тез тұтанғыш ұнтақты және осы заттар үшін пайдаланылатын материалдардың флегматизация технологиясы ұнтақты материалдарды одан әрі қайта өңдеу кезінде жарылу қауіпі бар аэрожүзінділердің түзілу мүмкіндігін болдырмайды;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды ұнтақтау, араластыру және өлшеп орау үшін пайдаланылатын жабдықтар бөлмеге тозаңның бөлінуінің оны шектеу немесе ұстау арқылы алдын алу құрылғыларымен жабдықталады;
жарылу қаупі бар ортаның түзілуі мүмкін тез тұтанғыш материалдарды ұнтақтау қорғау атмосферасын пайдалана отырып жүргізіледі. Қорғау атмосферасының құрамы мен оның құрамындағы тотықтырғыштың шекті мәні жобаға сәйкес болады.
Қорғау атмосферасын таңдау кезінде ұнтақталатын тез тұтанғыш материалдардан жанғыш газдардың бөліну мүмкіндігі ескеріледі.
Аталған материалдарды ұнтақтау үшін пайдаланылатын жабдық герметизацияланған және қажетті атмосфера құрамын қамтуға, атмосфераның құрамындағы тотықтырғыш шекті шамадан артық болған кезде тотықтырғыштың болу деңгейі мен ұнтақтау жабдығының автоматты түрде тоқтауын үздіксіз бақылауға арналған құрылғылары болады.
Аталған материалдарды ұнтақтауды оларды бір мезгілде флегматизациялау кезінде ашық түрдегі агрегаттарда инертсіз атмосферада жүргізуге жол беріледі;
қоспалар үшін негізгі болып табылатын барлық материалдар ұнтақталғаннан кейін магниттік сепарацияға түседі;
қоспа дайындау кезінде жарылу қаупі бар орта түзілуі мүмкін араластырғыштардың ішінде ішкі беті мен ұшқындамайтын ток өткізгіш материалдан жасалған немесе солармен қапталған араластырғыш құрылғысы болады;
өздігінен жануға және жарылу қауіпі бар ортаны түзуге қабілетті қоспаларды дайындау үшін жобаға сәйкес қорғау атмосферасын пайдалана отырып жабық түрдегі араластырғыштар пайдаланылады.
Шамамен флегматизацияланған тез тұтанғыш ұнтақты материалдар негізіндегі қоспаларды қорғау атмосферасын қолданбай-ақ дайындауға жол беріледі;
механикалық әсерді (үйкелісті, соққыны) сезінуі 25 Дж төмен қоспаларды дайындау үшін ішкі жағында айналатын бөлшегі жоқ араластырғыштар пайдаланылады;
қоспаларды дайындау бөлімшесінде сақталатын қоспалардың саны екі тәуліктік қажеттіліктен аспайды. Оларды сақтау үшін арнайы орын бөлінеді;
жарылу қауіпі бар ортаны түзуге қабілетті тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды беру жолындағы қабылдау құрылғылары (май құйғыштар, ағыстар мен тағы сол сияқтылар), материалдарды араласырғышқа беру жолындағы кесіп өтетін құрылғылар ұшқындамайтын ток өткізгіш материалдан жасалған немесе солармен қапталған болады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдар бункерлерінің қабылдау құрылғыларында, араластырғыштардың алдында араластырғышқа бөгде заттардың түсуін болдырмайтын ұяшықтарының мөлшері 25х30 мм аспайтын сақтандырғыш торлары орнатылады;
араластырғыштар мен басқа да жабдықтарға жиналған бункерлерден жарылу қаупі бар ортаны түзуге қабілетті тез тұтанғыш ұнтақты беру құрылғылары ұшқын шықпайтын ток өткізгіш материалдардан жасалады. Осы мақсатта элеваторларды пайдалануға жол берілмейді.
Механикалық әсерді (үйкелісті, соққыны) сезінуі 25 Дж төмен қоспаларды беру үшін иірлік конвейерлерді пайдалануға жол берілмейді;
тез тұтанғыш материалдар мен қоспаларды өндіру үшін пайдаланылатын барлық технологиялық жабдықтар МСТ 12.4.124 сәйкес статикалық электрден қорғалады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдары бар ыдыстарды (банкаларды, барабандарды, контейнерлер мен басқаларын) ашуға қолданылатын құралдар мен бұйымдар ұшқындамайтын материалдардан жасалады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалар сақталатын және өндірілетін бөлмелерде қолданылатын электр жабдықтары мен электр жарығы Электр қондырғыларын орнату ережесінің талаптарына сәйкес болады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдардың ыдыстарының тығындарын алуды, өлшеп орау және қайта салу шаңның бөлінуін болдырмайтын механизацияланған әдіспен жүргізіледі;
тез тұтанғыш материалдарды кептіру және балқыту материалдардың өздігінен тұтануын болдырмайтын температура кезінде түрлері бойынша бөлек-бөлек жүргізіледі. Кептіру режимі кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқаумен белгіленеді;
кептірілген және балқытылған ұнтақты материалдардың температурасы пайдалану кезінде 80°С аспайды;
құрамында селитра немесе басқа да белсенді тотықтырғыштар кіретін жарылу қауіпі бар орта түзуге қабілетті қоспаларды дайындау кезінде араластыру құрылғысына немесе тиеу бункеріне ең алдымен инерттік материалдар немесе күрделі қалпына келтірілетін тотықтар, одан кейін белсенді тотықтырғыштар тиеледі. Осы құрамдас бөліктерді араластырғаннан кейін тез тұтанғыш ұнтақты материалдар тиеліп, жақсылап араластырылады.
Құрамында белсенді тотықтырғыштар мен жарылу қауіпі бар орта түзетін тез тұтанғыш ұнтақты материалдары жоқ қоспаларды дайындау кезінде ең алдымен инерттік материалдар мен тотықтырғыштар, одан кейін тез тұтанғыш ұнтақты материалдар тиеледі. Тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды құрамдас бөліктерді алдын ала араластырмай-ақ тиеуге жол беріледі;
қоспаның құрамдас бөліктерін мөлшерлеу, бұйымдарды (брикаттарды, тығындарды және тағы басқаларын) сығымдауға арналған қоспаларды беру, оларды қалыпқа келтіру және беру механизацияланады;
бұйымдарды дайындау үшін сұйық қоспалармен қоспа дайындау ішкі қуысынан ауа сорғышпен жабдықталған араластырғышта жүргізіледі.
Араластырғыш құрылғыларды күн сайын кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда қарастырылған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қоспалардың қалдықтары тазартылып отырылады. Араластырғышты тазалау кезінде қоспа қабаттарын соққылауға жол берілмейді;
қоспалардан дайындалған бұйымдарды (брикаттарды, тығындарды және тағы басқаларын) кептіру желдеткішпен жабдықталған арнайы кептіргіштерде жүргізіледі. Кептіргіштің температурасы бұйымның өздігінен тұтануын болдырмайды. Кептіргіштің режимі кәсіпорын нұсқауымен белгіленеді;
жарамсыз қоспалар болат өндіру кезінде оны пайдалану мүмкін болмаған жағдайда кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда қарастырылған қауіпсіздік шараларын сақтай отыра жойылады;
11) тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен олардың негізінде дайындалған қоспаларды қолдану:
болат балқыту цехтарында тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалары бар ыдыс оған ұшқын, металл шашырандысы мен ашық жалынның түсуін болдырмайтын орындарда орнатылады.
Өздігінен жануға қабілетті тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалардың қорын тек бір балқыма үшін пайдаланылатын орындарда, ал цехта тәуліктік шығын есебінде ұстауға рұқсат беріледі;
ожауға, сауытқорамға немесе пешке бір мезгілде салынатын тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалардың саны кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқаумен анықталады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды, сондай-ақ олардың негізінде дайындалған қоспаларды пешке немесе шөмішке салу цехтың өкімі бойынша тағайындалған жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі;
тез тұтанғыш қоспаларды электр доға пешіне салу кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда қарастырылған қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, трансформаторы төменгі қуатта жұмыс істейтін қосылған пеште жол беріледі;
металды пештен шығару кезінде тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды болат құю ожауына салу кезінде қызмет көрсетуші тұлға қауіпсіз аймаққа шығарылады;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспаларды сауытқорамның түбіне тиеу тәртібі, сондай-ақ сауытқорамды қыздыру температурасы кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқаумен белгіленеді;
сауытқорамдағы металл мен шлакты бақылауға түтін мен жалынның қарқынды бөлінуі аяқталғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Белгісіз себептерден қоспалар тұтанған сауытқорамға қарауға жол берілмейді;
тез тұтанғыш ұнтақты материалдарды балқытылған металға үрлеу құрғақ инерттік газбен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |