Болатты балқыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет5/7
Дата15.06.2016
өлшемі490.5 Kb.
#138205
1   2   3   4   5   6   7

17. (Болат құю, шойын тасу, синтетикалық шлак пен ӨҮҚМ арналған аралық) ожауларының құрылғысы. Ожауларды, науашаларды, сауытқорамдарды, сауытқорамдары мен құю арықтары бар құрамдарды дайындау
196. (Болат құю, шойын тасу, синтетикалық шлак бен ӨҮҚМ арналған аралық) ожауларының құрылғысы:

1) ожаулардың құрылымы олардың өздігіне аударылу қауіптілігін болдырмайды.

Ожаулардың жай-күйін қадағалау, тексеру тәртібі мен оларды іріктеу нормасы кәсіпорынның нұсқауында қарастырылады.

Ожаудың балдағы мен шетмойындары өндіруден кейін бұзылмайтын бақылау әдісімен тексеріледі;

2) ожаулардың шетмойындары қаңылтырмен қапталған және кемінде сегіз есе тығыздық қоры болады.

20 және 35 маркалы болаттан алынған электрлік шлак балқымасы әдісімен дайындалған шетмойындарды олардың химиялық және механикалық қасиеттері қаңылтырмен қапталған шетмойындардың қасиеттеріне сәйкес болған жағдайда пайдалануға жол беріледі;

3) ожаулардың шетмойындары алты айда кемінде бір рет мұқият тексеріледі. Барлық өлшемдері бойынша шетмойындардың тозуы бастапқы өлшемнен 10 % аспайды. Бұдан басқа ожаулардың шетмойындары жылына кемінде бір рет бұзылмайтын бақылау әдісімен тексеріледі. Тексеріс жүргізу нәтижелері актпен ресімделеді;

4) ожауларды футерлеу кемінде екі: арматуралық және жұмыс кірпіші қатарынан тұрады.

Арматуралық және жұмыс қатарларының жіктері үйлеспейді. Жұмыс қатарының тік жіктерін өзара үйлестіруге жол берілмейді. Ожаудың түбі мен қабырғаларын футерлеуді салу тәртібі саңылаулы жіктерді болдырмайды;

5) ожаулардың тоқтатқыштары мен сұқпажапқыш бекітпелері қашықтықтан басқарылады.

Болат құю ожауларының гидрожетек сұқпажапқыш бекітпелерінде жанбайтын жұмыс сұйықтықтары қолданылады;

6) баспалдақтар, қапсырмалар, алаңдар мен ожаудың қаптамасына бекітілетін оған қызмет көрсететін басқа да бұйымдар белгіленген тәртіпте бекітілген жобаға сәйкес дайындалады.

197. Сұйық металды қабылдауға және құюға арналған ожауларды дайындау:

1) құю стақаны ұяға қатаң түрде тігінен орнатылады. Стақан мен ұя қабырғасы арасындағы саңылау отқа төзімді массамен бекітіледі немесе ол стақанға мұқият жағылады;

2) тоқтатқыштарды орнату стақанды әбден кептіргеннен кейін жүргізіледі және өте мұқият орындалады;

3) құю стақандарын ыстық ожаудың ішінде орналастыру кезінде ожауға жіберетін жылу өткізбейтін қабырғалары (кессондары) бар арнайы қорғау камералары қолданылады.

Кессондарға қол жеткізу үшін олардың ішкі қабырғаларында жүрісті қапсырмалары іске қосылады. Кессонды ожауға орнатқаннан және кранның ілмегін босатқаннан кейін жұмысшыларды кессонға жіберуге рұқсат беріледі;

4) стақанды ожаудан қағымдау механизацияланады;

5) болат құю станқандарын немесе оларды ауыстырушы басқа құрылғыларды ауыстыру арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда және кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауға сәйкес жүргізіледі;

6) сұқпажапқыш бекітпелері арқылы болт құятын цехтарда бекітпелерді жинауға, бөлшектеуге және кептіруге арналған арнайы учаскелер қарастырылады. Бекітпелерді жинау, бөлшектеу, тасымалдау және орнату механизацияланады;

7) металл мен шлактың әсер етуінен сақтау үшін шамот түтігі мен аша арасындағы тоқтатқыштың үстінгі бөлігі балшықпен жағылады;

8) ожаулармен тасымалдау кезінде оларды басқа ожаулар мен басқа жабдықтарға кемінде 0,5 м қашықтықта жақындауына жол берілмейді;

9) балқыманы қабылдау үшін ожауды дайындау кезінде оның футерінің, түбінің және оған жапсарлас қабырға футерлері қатарларының, сондай-ақ қаптама мен шетмойындардың жай-күйі тексеріледі.

Футерлері сенімсіз, сондай-ақ қож құйылған немесе тазаланбаған ожауға балқымаларды беруге жол берілмейді.

198. Сауытқорамдар мен сауытқорамдары бар құрамдарды дайындау:

1) арбаларда орнатылған сауытқорамдарға болат құю цехтарында сауытқорамдар мен құю құрамдарын дайындау үшін бөлек ғимараттар-сауытқорамдар ауласы жарақталады;

2) құю арықтарына болат құю цехтарында сауытқорамдар арнайы стеллаждар мен плиталарда дайындалады;

3) сауытқорамдарды дайындау оларды кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда белгіленген тесператураға дейін салқындатқаннан кейін ғана жүргізіледі;

4) арбаларда орнатылған сауытқорамдарды тексеру, тазалау және үрлеу арнайы алаңмен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Алаңдар, әдетте, сауытқорамдардың үстімен бір деңгейде орналасады. Алаңдар мен сауытқорамдардың құрамдарының арасындағы қашықтық ең төменгі жақындау габаритіне сәйкес болады.

Алаңдардың төсемдері шұңқырларсыз тегіс болады;

5) сауытқорамдарды тазалау, сондай-ақ олардағы тығындар мен қосымша беттерді лақтыру, әдетте, механизацияланады.

Сауытқорамдардан шаңды тазарту шаң сору құрылғысының көмегімен жүргізіледі;

6) сауытқорамдарды тазалау үшін гидравликалық қондырғыларды қолдану кезінде мынадай талаптар сақталады:

гидравликалық қондырғының теміржол жолдарының бойымен жұмыс істеу аймағы қоршалған болады;

сауытқорамдары бар құрамдарды қондырғыға жіберетін теміржол жолдары автоматты жарық дабылымен жабдықталады;

жоғары қысымды құбырөткізіштердің ернемек қосқыштары тығыздалған болады;

басқару пультінде электрқауіпсіздігінің талаптары сақталады;

басқару пультінің орналасуы қондырғыда жүргізілетін өндірістік операциялардың көрінуін қамтамасыз етеді;

басқару пульті жылу қорғағышпен жабдықталуы, пульттің терезесі жылуға төзімді шыныдан жасалады;

қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде сауытқорамдары бар құрамдардың жанында адамдардың болуына рұқсат берілмейді;

түнгі уақытта қондырғы жарықтандырылады;

7) сауытқорамдарды майлау қолданылған майлау материалының тұтану температурасынан төмен температураға дейін суығаннан кейін ғана жүргізіледі.

Сауытқорамдардың температурасы бақыланады. Сауытқорамның түбінде майлау материалының жиналуына жол берілмейді;

8) қайта жобаланған және қолданыстағы цехтарда сауытқорамдарды майлау мүмкіндігінше механизацияланған болуы және цехтың ғимаратынан тыс арнайы қондырғыда жүргізіледі.

Сауытқорамдар құю аралығында дайындалатын цехтарды қайта жобалағанға дейін сауытқорамдарды майлау материалдарын сығылған ауамен шашыратуға арналған бүркігіштермен жабдықталған ұзын түтігі бар арнайы шлангілердің көмегімен қолмен жүргізіледі;

9) сауытқорамдарды механикалық майлауға арналған қондырғының басқару пультінің кабинасы жабық болуы және желдеткішпен және жергілікті жылу беру көзімен жабдықталады;

10) сауытқорамдарды орнату үшін сауытқорамдардың сыртында қалың металл плитамен немесе тұғырықпен төселген көлденең алаңдары болады. Алаңдардың көлденеңдігі мерзім сайын тексеріледі. Сауытқорамдарды еденге тікелей орнатуға рұқсат берілмейді;

11) сауытқорамдарды суы бактарда салқындату кезінде бактардың ернеулері еден деңгейінен кемінде 0,8 м шығып тұрады. Бактардың ернеулерінде тұруға рұқсат берілмейді.

Сауытқорамдарды бактарға тиеу және кран машинисінің дабылы бойынша оларды шығару кезінде жұмысшылар бактардың жанында болмауы қажет;

12) сауытқорамдарға арналған арбалар автоматты немесе жартылай автоматты тіркеуішпен жабдықталады. Локоматив пен арбалардағы соғылатын және арнайы аспаптар бір деңгейде болады;

13) тұғырықтар арбада көлденең орналастырылады. Тұғырықтардың бағыты орнату кезінде ұзындығы кемінде 2 м болатын ілмектердің көмегімен жанынан жүргізіледі;

14) жаңадан салынып жатқан және қайтадан жобаланып жатқан цехтарда металды сифонмен құю кезінде тұғырықтан қоқысты тазалау үшін еденнің деңгейінен төмен орналасқан және сақтандырғыш торлармен жабылған арнайы конвейерлер орнатылады;

15) тұғырыққа орнатылатын сауытқорамдардың негізі шығынқысыз және сынықсыз көлденең болады.

Ескерту: аталған талап болатты конвейерлік құю цехтарына, сондай-ақ бөлек аралықтарда құрамдар жиналатын цехтарға қатысты емес;

16) орталық құрылым олардың тұғырықтағы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Орталық құрылғылар майысқан болмайды. Ажырамалы орталық құрылғылардың құлыптары сәйкес келеді.

Ажырамалы орталық құрылғыларды жинау үшін арнайы орын қарастырылады. Орталық құрылғылардың отқа төзімді орамын өлшеп жинауға жол берілмейді.

Орталық құрылғылар жиналғаннан кейін мұқият кептіріледі;

17) тұғырықтағы орталық құрылғылар қатаң түрде тігінен орнатылады. Олардың дұрыс орналастырылуы тексеріледі. Қондырғы алдындағы орталық құрылғының төменгі негізі тексеріледі және тазаланады;

18) орталық құрылғылардан құюжолды шығару кранның көмегімен жүргізіледі. Тұғырықта құюжолды жойғанға дейін жұмыс жүргізуге болмайды;

19) орталық және терең сауытқорамдарды бағыттау үшін оларды тұғырыққа орнату кезінде бағыттаушы сүмбілер пайдаланылады немесе тұғырықтар мен орталық құрылғылардың құрылымдары олардың бір орталықтан басқарылуын қамтамасыз етеді;

20) сүмбілердің бағытын жұмысшылар жылжымалы алаңда немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да құрылғылар мен бұйымдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Стақаншалардың өлшемдері оларды сауытқорамдардың бетiмен бiрдей қылып орнатылуын қамтамасыз етеді. Стақандарды тығыз орнатуға болмайды;

21) сауытқорамдарды кранмен тасу кезінде өзі ұстайтын қысқаштар пайдаланылады.

Сауытқорам ауласының крандарын сауытқорамдарды тасу және орнату үшін аталған қысқаштармен жабдықтағанға дейін арнайы маңдайшалар және шынжырлар пайдаланылады.

Майда өлшемді (3 т дейін) сауытқорамдарды тасымалдау үшін шынжырларды пайдалануға рұқсат беріледі;

22) металды арбаларда орнатылған сауытқорамдарға құю кезінде (конвейерлік құюдан басқа) жалғамалардың олардың сауытқорамдарда дұрыс әрі тұрақты орнатылуын реттейтін арнайы құйылмалары болады;

23) жалғамаларды сауытқорамдардың ауласында жинау және кептіру үшін арнайы орындар бөлінеді.

Жалғамалар оларды сауытқорамдарға орнатқанға дейін мұқият кептіріледі.

Футерлердің алдындағы жалғамалардың қаңқасы қалдықтардан мұқият тазаланады.

Бүйір жақтарында тура түскен сызаттары, шұңқырлары, күйіктері мен дәнекерлемесі бар жалғамаларды пайдалануға жол берілмейді;

24) домна пешімен орталық құрылғылар мен жалғамаларды кептіруге, сондай-ақ жаңа сауытқорамдар мен тұғырықтарды жылытуға рұқсат берілмейді;

25) жалғамалар сауытқорамдарға өзі ұстайтын қысқаштармен немесе басқа да механизацияланған бұйымдармен жарақталған крандармен орнатылады;

26) шетмойындар мен тұғырықтардың арнайы ойықтарының, тесіктерінің, құйылымдарының және сауытқорамдардың шетмойындарының, құйылымдарының немесе ұстағыштары бар түсім жалғамалары шетмойындарының құрылымы, беріктігі мен жай-күйі тұғырықтардың, сауытқорамдар мен жалғамалардың оларды кранмен тасымалдау кезінде олқылықтар мен құлау мүмкіндіктерін болдырмайды.

Тесіктері, құйылымдары мен шетмойындары толық емес сауытқорамдарды, тұғырықтар мен жалғамаларды пайдалануға жол берілмейді;

27) сауытқорамдарды, тұғырықтарды, жалғамаларды, контейнер мен материалдаы бар қораптарды тасымалдау үшін пайдаланылатын жүк ұстағыш бұйымдарды сақтау белгілі бір орындардағы арнайы стендтарға жүргізіледі;

28) сауытқорамдарды қарау, сондай-ақ сақтау бактарында майлау материалдарының болуын тексеру кезінде кернеуі 12 В аспайтын шамдар пайдаланылады;

29) жалғамаларды майлауға арналған еріткіштерді даярлау, сондай-ақ еріткіш үшін материалдарды дайындау механизацияланған болады және осы мақсатта арнайы жарақталған учаскеде жүргізіледі.

Барлық еріткіш араластырғыштар жабындары ашық тұрған кезде олардың іске қосылуын және жұмыс істеуін болдырмайтын бұғаттағыштармен жабдықталған болады;

30) еріткіш араластырғыштардан оларды пайдалану орындарына еріткішті беру механизацияланады;

31) арбалары бар локомотивті тіркеу шұғыл түртпектерсіз болады. Локомотив жақындаған кезде тұғырықтарды, орталық құрылғыларды жинайтын және сауытқорамдарды орнататын тұлғалар арбалардан алыс жерде болулары қажет. Арбалы құрамды алға жіберу кезінде құрастырушы немесе тіркеуші құрамның алдында болады.

Сауытқорамдардың ауласында қолмен немесе өту крандарының көмегімен арбаларда жүруге, сондай-ақ арбалар мен вагондарды жылжытуға жол берілмейді;

32) болат құю кезінде конвейерлік арбалардағы (дөңгелек конвейер) конвейердің жетегі қоршалады;

33) қосалқы сауытқорамдарды сауытқорам ауласында жинау үшін арнайы орын қарастырылады.

Қосалқы сауытқорамдарды құю аралықтарында жинау кезінде сауытқорамдардың қатарлары арықтан кемінде 2 м қашықтықта орналастырылады.

Сауытқорамдар қиғаштанбай бір түр мен өлшем бойынша байламда қатарланып орналастырылады.

Сауытқорамдардың қатарларының шекті биіктігі технологиялық регламентпен бекітіледі;

34) сауытқорамдар ауласының ғимаратында және стрипперлік бөлімшелерде кесектерді, қалдықтарды және ақауы бар сауытқорамдарды жинауға рұқсат берілмейді;

35) оларда бөлек сауытқорам ауласы болған жағдайда жұмысшыларға арналған демалу бөлмесі қарастырылады.

Жұмысшылардың демалуына арналған бөлек сауытқорам ауласы болмаған жағдайда ыстық сауытқорамдары бар құрамнан бөлек орналасқан және таза ауамен қамтамасыз етілген арнайы орындар бөлінеді.



18. Болат шығару, құю және жинау
199. Болатты конвертордан құйып алу және оны сауытқорамға құю:

1) болат пен шлакты конвертордан құйып алу алдында дыбыстық белгі беріледі.

Болат пен шлактың шашырауы мүмкін аймақтарда болат пен шлакты құйып алу кезінде жұмысшылардың болуына рұқсат берілмейді;

2) болат шығару тесігінің өлшемі мен пішіні металдың пештің дұрыс ағыспен шығуын қамтамасыз етеді. Болаттың шығу ұзақтығы кәсіпорын нұсқауында белгіленеді;

3) металл мен шлактың ашырауы мүмкін орындарда болат шығару кезінде жұмысшылардың болуына рұқсат берілмейді;

4) болат таситын арба дабыл құрылғысымен жабдықталады. Арбаның сырғымалары рельстің бастиегіне 10 мм жетпейтін шайбалға қалқаншаларымен жабдықталады.

Арбаны жылжытпас бұрыс дыбыстық белгі беріледі;

5) болат таситын арба мен ғимарат бағаналары арасындағы жарықтағы қашықтық кемінде 0,7 м болады;

6) локомотивтер мен вагондардың құю аралығында металл шығару пешіне қарсы жүруіне жол берілмейді;

7) болат құю кезінде болат құю жұмыстарына тікелей қатысы жоқ жұмысшылардың ожаулар мен сауытқорамдары бар құрамдардың және құю арығының жанында болуларына рұқсат берілмейді;

8) болат құю кезінде сауытқорамдарда қандай да бір тазарту және түзету жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Сауытқорамдардағы болатты араластыру технологиялық түрде қажет болған жағдайда оны кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда қарастырылған тәсілдермен жүргізеді;

9) қостоқтатқышпен (қоссұқпажапқышпен) құю кезінде ең алдымен орталықтандырылған және бір тоқтатқыш (бір сұқпажапқыш) ашылып, содан кейін (егер бірінші тоқтатқыш немесе сұқпажапқыш бекітпесі ойдағыдай ашылса) екінші тоқтатқыш немесе сұқпажапқыш ашылады;

10) тығынды стақанға дәнекерлеген жағдайда металды қауіпсіз құю тәсілдері кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқауда қарастырылады. Осы мақсатта металл қадалықтарды пайдалануға рұқсат берілмейді;

11) сауытқорамдары бар арба құрамы аралық ожау астынан итергіш арқылы жылжытылады. Итергіштің орны сауытқорамдары бар арба құрамынан отқа төзімді қабырғалармен қоршалады;

12) таңбалау биркаларын сауытқорамдарды толтырғаннан кейін арнайы қысқаштардың немесе басқа да ұзын сапты бұйымның көмегімен қоюға жол беріледі;

13) қайнап жатқан болаттың кесектерін қатып қалған металдың сыздығы түзілу кезінде сауытқорамның шетінде қақпақпен жабылады. Сыздықтың шамасы кәсіпорынның нұсқауында белгіленеді.

Кесектерді жабу механизацияланады, қақпақтың массасы 12 кг астам болғанда кесектер қолмен басқарып жабылады.

Қақпақтар құрғақ және таза болулары қажет. Қақпақ сауытқорамдардан кесектің үсті толықтай салқындатылғаннан кейін алынады.

Жұмысшылардың сұйық металмен толтырылған сауытқорамдардың ернеуінде болуына жол берілмейді;

14) қайнап жатқан болат кесектерін химиялық тығындау үшін пайдаланылатын қатты материалдар құрғақ болады.

Сұйық алюминийді пайдалануда мынадай талаптар сақталынады:

алюминий құйымдарын балқыту пештеріне толтырмас бұрын алдын ала қыздырылады;

сұйық алюминий алуға және оны сауытқорамға құюға арналған шөміш құрғақ әрі қыздырылған болады;

пешті қыздыру үшін домна газын пайдалануға жол берілмейді;

15) қайнап жатқан және жартылай қайнатылған болат кесектерінің жоғары бөліктерінің қатпаршақтарын әбден қатқанға дейін кесуге рұқсат берілмейді;

16) сауытқорамдарға қызмет көрсету мен болат құюды бақылау ыңғайлы болу үшін құю алаңы сауытқорамдардың үстінгі деңгейінде орналастырылады.

Құю алаңында жұмыс орындарын ауамен жұпарлауға арналған құрылғы болады.

Болат құю кезінде құю алаңында адамдардың болуына жол берілмейді;

17) құю аяқталғаннан кейін сауытқорамдары бар құрамды құю аралығында ұстау ұзақтығы, кіріс жалғамаларын ажырату уақыты, кесектерді және құрамды бөлшектеу бойынша басқа жұмыстарды шешуді бастау өндірістің ерекшелігіне (болаттың таңбасы, кесектің салмағы, сауытқорамдардың өлшемдері және тағы басқалары) байланысты кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен нұсқаумен белгіленеді.

18) шлак ожаулары мен шлак салғыштардың құрылымы олардың өздігінен аударылып түсірілуін болдырмайды.

Болат құю және шлак ожауларын шлакпен құйылған стендтарға және төсемдерді пайдалана отырып орнатуға жол берілмейді;

19) балқыманы шығару кезінде шлакты түсіруі қож ожаулары мен шлак салғыштарға жүргізіледі.

Ожаулар мен шлак салғыштар құрғақ және әк еріткішпен жабулы болады.

Ожаулар мен шлак салғыштарды әк еріткішпен жабу механизацияланады.

Ожаудың түбіне құрғақ шлак немесе құю және отқа төзімді материалдардың қалдықтары себеленеді;

20) ожаулар мен шлак салғыштарды толтыру ожаудың, шлак салғыштың үстінен 250 мм аспайтын деңгейге дейін жүргізіледі.

Бастапқы шлакты дымқыл материалдармен тұнбалауға рұқсат берілмейді. Шлакты тұнбалаудың қауіпсіз тәсілі кәсіпорынның нұсқауымен анықталады. Болат жетілдіру мен шығаруда шлакты дымқыл материалдармен және сумен тұнбалауға жол берілмейді.

Шлакты түсіру кезінде металдың ожауға түсуіне жол берілмейді;

21) болат құю аяқталғаннан кейін болат құю ожауындағы сұйық шлактың қалдықтары шлак ожаулары мен шлак салғыштарға құйылады;

22) шлак тасығышы бар болат таситын арбаларды тіркеу және ажырату, сондай-ақ болат таситын арбаны басқару қашықтықтан жүзеге асырылады.

Болат таситын арбалар мен шлак тасығыштың қозғалысы кезінде жақсы естілетін белгі беріледі. Белгі беру құрылғылары болат тасу арбасы мен шлак тасығыштың қозғалыс тетігінің жіберу құрылғысымен бұғатталған болады;

23) конверторлар жолын жинау механизацияланады.

200. Кесектерді шешу және жинау:

1) кесектерді шешу олар әбден қатырылғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Кесектерді шешу үшін стрипперлік крандар немесе жерде тұратын машиналар қолданылады. Стрипперлік крандары жоқ цехтарда сауытқорамдардан кесектерді шығару крандардың көмегімен жүргізіледі.

Құю кезінде сауытқорамға шлак түсіп кеткен жағдайда кесектерді шешу тәртібі сұйық шлактың қызмет көрсетуші тұлғаға әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын кәсіпорынның бас инженері бекіткен нұсқаумен анықталады.

Сауытқорамдарды теңселту және қандай да бір затқа соғу арқылы сауытқорамдарға дәнекерленген кесектерді шығаруға немесе сауытқорамдарды бөлменің еденіне жоғарыдан лақтыруға жол берілмейді.

Сауытқорамдарда тұрып қалған немесе толтыра құйылмаған кесектерді шығару үшін арнайы құрылғы қолданылады;

2) кесектерді шешу және шығару кезінде арықта адамдардың болуына жол берілмейді;

3) арықтағы немесе ортадағы құйғыштарды сындыруға жол берілмейді;

4) орталық құрылғыларды көтеру алдында құйғыштар алынып тасталынады;

5) арықтан алынатын сауытқорамдар белгілі бір орындардағы стеллаждарға немесе тақталарға орнатылады;

6) кесектерді құю аралықтарында сақтауға жол берілмейді. Пайдалану цехтарына жіберілмейтін кесектер қоймаға жіберіледі. Технологиялық түрде қажет болған жағдайда белгіленген габариттерді сақтай отыра, кесектерді цехтың еденіне уақытша қоюға жол беріледі;

7) стрипперлік бөлімшелер мен кесектердің қоймасында жылдың салқын және қоңыр салқын маусымдарында жұмысшылардың жылынуына арналған жылу беру бөлмелері болады;

8) кесектер араларындағы ені кемінде 1 м болатын өту жолдары бар дұрыс қатарға орналастырылады.

Кесектерді салу олардың жылжып кетуін болдырмайтын арнайы стеллаждарда жүргізіледі.

Кесек қатарларының шекті биіктігі технологиялық регламентте көрсетіледі.

201. Өнімдерді үздіксіз құю машиналары (бұдан әрі-ӨҮҚМ):

1) ӨҮҚМ металды құюдан бастап өнімдерді стеллаждарға жіберумен аяқтағанға дейінгі барлық өндірістік процестер механизацияландырылады және мүмкіндігінше автоматтандырылады. Сондай-ақ барлық тетіктерді қолмен басқару мүмкіндігі қарастырылады;

2) қайта салқындату аймағы жылу оқшаулағыш қабырғалары мен сорғы желдеткіші бар бөлек бөлмеге бөлінеді.

Қайта салқындату аймағының бөлмелеріне апаратын есіктер металл құю кезінде құлыпталынады.

ӨҮҚМ сегменттер мен құбырөткізгіштер аймағына қызмет көрсету үшін алаңдар мен баспалдақтар орнатылады;

3) ӨҮҚМ дауыс зорайтқыш және телефон байланысымен, дабылдағышпен қажет болған жағдайда кейбір агрегаттардың жұмыс бақылау үшін телевизиялық құрылғылармен жабдықталады;

4) ӨҮҚМ барлық жабық басқару бекеттері ауа баптағышпен және дыбыс оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі;

5) ӨҮҚМ басқару пультінде ашық және жабық салқындату үшін түсетін судың мөлшері мен температурасы бақыланады;

6) ӨҮҚМ тетіктерінің бір орталықтан майлағышы болады. Кристаллизаторда металл менискін қожбен жабу жұмысы кезінде барлық пайдаланылатын қоспалар құрғақ немесе технологиялық регламентке сәйкес кептірілген болады;

7) кристаллизатордың салқындау және қайта салқындату аймағының жүйесінде негізгі жүйені өшіру кезінде апаттық сумен жабдықтау қарастырылады.

Кристаллизаторға және салқындату аймағына су беру тоқтатылған немесе азайтылған жағдайда ӨҮҚМ басқару бекетіне автоматты түрде дыбыстық және жарық белгілері беріліп, болат құю дереу тоқтатылады.

Кристаллизатордың ішкі беттерінде сұйық металл құймас бұрын ылғалдың болуына жол берілмейді;

8) кристаллизатордың салқындату жүйесі мен қайта салқындату аймағына су бермей тұрып болат құюға рұқсат берілмейді;

9) кристаллизаторда түзілетін өнімнің жарылуын және сұйық металдың кристаллизатордан шыққаннан кейін үзілуін болдырмас үшін мынадай талаптар сақталынады:

өнімдердің тұрып қалуын болдырмас үшін кристаллизатордың қайтадан түсетін қозғалысы болады;

созылмалы құрылғыларды кристаллизаторды технологиялық регламентте қарастырылған деңгейге дейін металмен толтырғаннан кейін қосылады;

кристаллизатордың созылмалы құрылғылары мен тербеліс тетігі жылдамдықты біртіндеп арттыра отырып баяу қосылады; кристаллизатордан өнімді шығару жылдамдығы технологиялық регламентте белгіленеді;

өнімдерді қайта салқындату жүйесі салқындатудың біркелкілігін қамтамасыз етеді.

Қайта салқындатудың тіреуіш элементтерінің құрылымы өнімді дөңестелуден және ферростатикалық қысымның әсерінен қабыршықтың жарылуынан сақтайды.

Кристаллизаторға шүрпіні енгізу механизацияланылады және технологиялық регламентте сәйкес жүргізіледі;

10) құю алаңындағы ӨҮҚМ басқару бекеті жылу оқшаулағыш қабырғалары, жылудан қорғағыш шынысы бар бөлек бөлмеде орналастырылады және құю алаңына шығатын жолы болады.

Басқару бекетінің орналастырылуы машинада жүргізілетін операцияның операторға жақсы көрінуін қамтамасыз етеді.

Металл құю барысында басқару бекеті мен кристаллизатор арасында жылжымалы экран орнатылады;

11) сұйық металдың балқуы мүмкін орындарда ӨҮҚМ құю алаңы отқа төзімді кірпішпен салынған және таяныш қоршауы болады. Құю алаңынан кемінде шығатын жолы болады;

12) құю алаңында жұмыс орындарын ауа жұпарлау құрылғысы болады;

13) аралық ожаулар футерленген қақпақтармен жабдықталады;

14) металды болат құю ожауынан апаттық құю үшін барлық металдың қабылдануын қамтамасыз ететін апаттыққ сыйымдылық болады.

Металл мен қожды аралық ожаудан апаттық құю үшін металл мен қождың қабылдануын қамтамасыз ететін апаттыққ сыйымдылық болады;

15) газ кескішпен басқару бекеттері жылу оқшаулағыш қабырғалары бар бөлмелерде орнатылады және жылудан қорғағыш шынысы бар байқау терезесі болады;

16) кескіштердің құрылғысы, сондай-ақ газ бен оттегінің жолдары МСТ 12.2.008 ЕҚСТ және Газ шығу қауіпі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талаптарына сәйкес болады;

17) газкескіштің кескіштері сумен салқындатылады.

Кескіштерді арбаға бекіткіш құрылғының жұмысы қысқа мерзімге тоқтаған кезде жөндеу үшін олардың кез келгенін ыңғайлы және қауіпсіз алып-салу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

18) өнімдерді машинадан беруге арналған көтергіш ол жұмыс істеп тұрған кезде көтергіштің жұмыс аймағына қызмет көрсетуші тұлғаның кіруін болдырмайтын қоршаумен жабдықталады;

19) өнімдерді жинау және тиеу, сондай-ақ қабыршақтарды жинау механизацияланады;

20) ӨҮҚМ апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі;

21) ӨҮҚМ сорғы-аккумуляторлық станциясы бөлек бөлмелерде орналастырылады;

22) сорғы-аккумуляторлық станцияларының бөлмелері өртке қарсы нормалардың талаптарына сәйкес болады және майға арналған науа мен жинағыштары болады;

23) сорғы-аккумуляторлық станцияларында орнатылған ыдыстарды орнату және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет