211
Дт Кт
Құжаттар
1010, 1040 3010—3050 Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем
тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір
мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары
көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының
28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы
мен банктің келісім
шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие
алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3010 = 3000000 3 типті операция
А
(+) П (+)
ә) Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.
Бұл операциялар № 3110—3190 «Салықтар
мен бюджетке басқа
міндетті төлемдер» шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
Салықтардың есептелуі өзіндік құн, жалпы және әкімшілік шы-
ғыстары немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сон-
дай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық
операция № 3110—3190 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың
дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
1210, 3350, 7010 3110—3190
Салықтарды есептеу бойынша
7210, 7710, 8013 есептер, МСИ-ның
декларациялары, шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан кезде
баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыз-
212
дары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша
кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл
жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар кемиді, ал
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық
қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: