12 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипат-
тама. Мемлекетке дейінгі əлеуметтік
нормалардың ерекшелігі
болып олардың адамдардың күнделікті
өміріне сіңе отырып ру-
дың, тайпаның əлеуметтік-экономикалық
біртұтастығын көрсетуі
жəне қамтамасыз етуі табылды. Бұл еңбек құралдарының жетілме-
гендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты бол-
ды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалып-
тастыру, өнімдерді теңдік негізінде
бөлу қажеттігі туындады, ал
бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының
табиғатына əсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы
қарым-қатынастар ең алды-
мен əдет-ғұрып
нормаларымен, яғни,
ұзақ уақыт бойы қолдану
нəтижесінде əдетке
айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс
ережелерімен реттелген;
2) жазбаша
нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-
тұрысы мен санасында өмір сүрген;
3) əдеттің, сонымен қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу (рудан қуу)
шараларымен қамтамасыз етілген;
4) оларда негізгі реттеу тəсілі болып тыйым (табулар жүйесі,
құқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;
5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін біл-
дірген.
Достарыңызбен бөлісу: