Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің



Pdf көрінісі
бет24/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің 
қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Мон-
тескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси бос-
тандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету жəне белгілі бір 
əлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра 


пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығару-
шылық (халық сайлайтын жəне қоғамды дамытуды заңдар қа-
былдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (би-
ліктің өқілдік органы тағайындайтын жəне заңдар мен оралым-
дық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) жəне 
сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінəлілерді 
əділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп 
бөлу қажет. Жəне осы əр бір билік түрлері дербес жəне бір-бірін 
тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі 
арқылы жəне арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік жəне тежемелік жүйесі» 
заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне 
қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, 
заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді 
Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын 
иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып 
президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік воту-
мы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-
шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызмет-
пен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс 
тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінə-
сіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот 
алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалы-
лығы, соттарға отвод жариялау жəне т.б. 
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құ-
қықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси 
билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-
дегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі 
азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды 
бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң-
шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері 
мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол 
өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-
мен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз 
ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ере-
желерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін 
жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін мін-
деттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған ке-
пілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік 
органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген 


деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-
қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-
ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, 
азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент 
жəне т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін 
орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, де-
путтардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-
қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-
дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы 
жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. 
Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар 
өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№ 15 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет