Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет25/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

Құқықтық мемлекет идеясының пайда болуы мен дамуы 
Мемлекет – бұл адамдардың бір бірімен араласуының ең ойға қонымды жəне əділетті 
нысаны, мұнда заң азаматтар үшін де, мемлекет үшін де міндетті болып табылады 
Сократ, Платон, Аристотель, Полибий
Мемлекеттің мақсаты – əрбір адамға мүлікті еркін пайдалану мен қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету 
Макиавелли, Боден
Мемлекет əрбір азаматқа өз өмірінің сақталуына ғана емес, сонымен қатар оның меншігінің 
қауіпсіздігі, ары мен бостандығының сақталуына да кепілдік бере алғанда ғана қуатты бола 
алады 
Спиноза
Мемлекеттің міндеті – заң қорғамаған жағдайда, əркімнің барлық жағдайларда өз 
еркіне сай əрекет ету бостандығын қамтамасыз ету 
Локк
Бостандық (еркіндік) дегеніміз заңдармен рұксат етілгеннің барлығын жүзеге асыра 
алу құқығы 
Монтескье
Нағыз заңшығарушы болып халық табыла алады, тек халық еркі ғана саяси биліктің 
қайнар көзі болып табылады 
Дидро
Мемлекет– құқықтық заңдарға бағындырылған көпшілік адамдар бірлестігі 
Кант
Мемлекет – барлығы құқықтық негізге сəйкес құрылатын, қоғамдық өмірдің ең 
жетілген ұйымы 
Гегель
Мемлекет өз қызметінде құқықпен байланысты жəне шектелген, құқықтың үстінде 
емес, астында тұрады 
Гессен


11 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚОҒАМ 
1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. 
2. Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы.
1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам – бұл, кең 
мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан 
нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, əлеуметтік жүй-
енің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір ныса-
ны. 
Мемлекет – бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде 
ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет – əртүрлі түсініктер. Бірін-
шісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мем-
лекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, 
саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек 
ұжымдары жəне т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі
элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды жəне басты рөлді иелен-
ген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мəніне 
сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін 
шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің 
хронологиялық шектері де əртүрлі болып келеді: біріншісі екінші-
сіне қарағанда ерте пайда болған жəне бай даму тарихына ие. 
Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты 
салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет