4. Құқықтың тарихи мектебі. Оның өкілдері (Ф.Савиньи,
Гуго, Г.Пухта жəне т.б.) құқықты заңшығарушы қалыптастыр-
майды, ол халықтық рухтың, дамуы нəтижесінде тіл сияқты өз
бетімен қалыптасады деп санаған. Құқықтанушы-ғалымдар халық-
тық құқықтық рухтың көріністерін дəл тауып, оның ережелерін
заң формулалары арқылы көрсетуі тиіс, ал заңшығарушы дайын
құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс.
5. Психологиялық бағыт. Бұл теорияның өкілдері (Л.И.Петра-
жицкий, Росс, И.М.Рейснер жəне т.б.) нормалармен қатар «құқық»
түсінігіне адамдардың құқықтық санасын да, құқықтық эмоция-
ларын да енгізеді. Психологиялық бағыт кеңес билігінің алғашқы
жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі, бұл кезде жаңа
заңдар қалыптаспаған болатын, тіпті, декреттердің өзінде соттар-
дың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сəйкес шешуінде
құқықтық санаға жүгінуі танылған еді.
6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теория-
сының өкілдері (П.Эрлих, Жени, С.И.Муромцев жəне т.б.) құқық
табиғи құқықтар мен заңдардан емес, заңдарды жүзеге асырудан
көрініс табады деп санаған, яғни, құқықты өз құқықтарын белгілі
бір дəрежеде жүзеге асырушы жеке жəне заңды тұлғалардың
қызметі ретінде түсіндірген. Құқық ретінде мемлекетті құру тəжі-
рибесі де жарияланған.
7. Марксистік бағыт. Марксистік теорияның өкілдері (Маркс,
Энгельс, Ленин жəне т.б.) құқықты экономикалық үстемдік
құрушы таптың заңға айналған еркі ретінде түсіндірген. Жəне
таптық еріктің құқығынан көрініс тапқан мазмұнды материалдық
өндірістік қатынастардың сипатымен анықтаған.
8. Интегративтік бағыт. Бұл бағытқа сəйкес шын мəнінде
кемшіліксіз құқықтың болуына күмəн келтіріледі, сондықтан,
аталған бағыттың өкілдері əртүрлі теориялардан өз ойларынша ең
дұрыстарын таңдап алып, құқыққа мынадай анықтама береді:
«Құқық – бұл еркін еріктердің өзара байланыстағы күресі мен ке-
лісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген жəне
нақты бір қоғамда танылған теңдік пен əділеттілік норматив-
терінің жиынтығы».
№ 19 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |