15 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері.
2. Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері.
1. Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері. Құқықтың
қағидалары – бұл құқытың ерекше əлеуметтік реттеуші ретіндегі
мəнін
көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар
құқықтың
заңдылығын, табиғатын жəне əлеуметтік мəнін көрсе-
теді жəне заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың
мəнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады.
Таралу
саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық жəне
салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке
ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
- əділеттілік;
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
- ізгілік (гуманизм);
- демократиялық;
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мəжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мəнді
белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық жəне
сот өндірісінің жариялылығы жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға
болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана əрекет
етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік
қатынастардағы
тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта – кінəсіздік
презумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады,
себебі, олар құқықтық əсер етудің
жалпы бағыттарын анықтап
қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де
енуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: