Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші



Pdf көрінісі
бет31/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші 
ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі 
болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі 
мыналардан көрініс табады: 


1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-
далуын мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді; 
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра
қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да 
мүдделерге сəйкес реттейді; 
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-
меттік реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретінде 
көрініс табуына мүмкіндік береді.
4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеу-
шілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші 
мазмұнымен байланысты.


№ 18 кесте 
Құқықтың белгілері 
Еріктілік сипаты – халықтың белгілі-бір тобының немесе қоғамдағы көпшіліктің 
еркі мен мүдделерін білдіреді 
Нормативтілік – заңдық нормалардың — жалпыға міндетті тəртіп ережелерінің 
жиынтығын білдіреді 
Жалпыға міндеттілік – мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға 
таралады 
Формальды анықталғандық – арнайы мемлекеттік құжаттарда-нормативтік 
актілерде көрініс тапқандығы 
Мемлекетпен байланыстылығы – мемлекеттен туындайды жəне кез-келген 
бұзушылықтардан мемлекеттік мəжбүрлеу шараларымен қорғалады 
Құқық – бұл мемлекетпен белгіленетін жəне қамтамасыз етілетін жəне қоғамдық 
қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған 
заңдық нормалардың жүйесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет