Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы



бет21/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46

65-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
      602. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан сыртқы қарыз тартуды болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкiметтiк сыртқы қарыздар тiзбесiнiң шеңберiнде жобаны (жобалық құжаттың іс-шараларын) (бұдан әрі - жоба) iске асыруға бағытталған әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба және/немесе бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешiмi негiзiнде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Республикалық бюджет комиссиясының шешімінде үкіметтік сыртқы қарыз есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландырудың көздері мен тетігі белгіленеді.
      Ескерту. 602-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      603. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi кезеңге арналған болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкiметтiк сыртқы қарыздар тiзбесiнiң шеңберiнде белгiлi бiр қарызды тарту туралы мүдделi министрлiктер мен ұйымдарды тарта отырып:
      1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеуді және қарыз алу мүмкіндігін бағалауды;
      2) ағымдағы қаржы жылына арналған жаңа үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландыру ұйғарылатын жобаның қаржылық сипаттамасын талдауды;
      3) орын алып отырған мүмкіндіктер шеңберінде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды дайындауды;
      4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу жолымен сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар дайындауды;
      5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 603-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011, 2012.03.26 № 352 Қаулыларымен.
      604. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналарды:
      1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтілетін қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келіссөздер ұйымдастыруды және өткізуді;
      2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
      3) қарыз шарты мен ілеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
      4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның түпкілікті қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша міндеттемелерінің есебін жүргізетін және қызмет көрсететін ұйымдармен қатынастарды реттейтін құжаттарды дайындауды және ресімдеуді қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 604-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      605. Үкіметтік қарыз бойынша құжаттамаларды келісуді мүдделі мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттамалар негізінде әділет органының қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргізуі жүзеге асырылады, нәтижесі тиісті қорытындымен ресімделеді.
      606. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      607. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      608. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 608-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      609. Халықаралық қаржылық ұйымдар және қарыз беруші елдердің үкіметтері қол қойған Қарыз шарты Қазақстан Республикасының     заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялануына жатады.
      610. Қол қойылған қарыз шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркеуге жатады.
      611. Сыртқы үкіметтік қарыздар/байланысқан гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетіледі және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретіне қарай пайдаланылады.
      612. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 612-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      613. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарыздар жөнiндегi атқарушы агенттердiң (түпкi қарыз алушылардың, банктердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң) мiндеттi түрде ұсынған, сондай-ақ қарыз берушiлерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негiзiнде жобалардың iске асырылуына мониторинг жасауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердiң ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
      Ескерту. 613-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
66-тарау. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру
      Ескерту. 66-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011 Қаулысымен.
      614. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      615. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
      1) белгiленген штат саны шегiнде жобаны iске асыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенi анықтайды;
      2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде жобаны қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
      3) қарыз шартында көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жолымен жобаны iске асыруды жүзеге асырады;
      4) қарыз берушiмен келiсiлген конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсететiн қызметтердi сатып алуға келiсiм-шарттар жасасады;
      5) жасасқан келiсiмшарттардың мониторингiн, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және қазақстандық тарапының бiрлесiп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      6) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оның iшiнде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың қаражатына қол жеткiзу мерзiмiн ұзартуды келiседi.
      Ескерту. 615-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      616. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган:
      1) осы Ереженiң 59-тарауымен регламенттелетiн егер ол қарыз шартында немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны iске асыруға қатысу үшiн қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердi немесе басқа ұйымдарды iрiктеудi жүзеге асырады;
      2) Банктермен келiсiм бойынша үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрлесiп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкi қарыз алушымен кредиттiк шарт әзiрлейдi және оған қол қояды;
      3) қарыз шартты пайдалану мониторингiн жүзеге асырады;
      4) қарыз шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi келiседi.
      Ескерту. 616-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
67-тарау. Қарыз қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
      Ескерту. 67-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      617. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
      1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшін техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердігерлер үшін техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшеліктерін әзірлейді және келіседі;
      2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшін конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемі үш адам болуы тиіс;
      3) қарыз берушінің рәсімдерін және тәртібін басшылыққа алады;
      4) жоба шеңберінде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
      Ескерту. 617-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011 Қаулысымен.
      618. Конкурсқа қатысушылардың біліктіліктеріне, сатып алынатын тауарлардың, мердігерлер үшін конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердің консультанттары үшін техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды әзірлеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз берушінің алдын ала келісімі бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.
      619. Белгіленетін біліктілік талаптарының дәрежесі келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауіп төндірмеуі тиіс, өз кезегінде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкін негізсіз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
      620. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша қарыз берушінің ережелерінде отандық мердігерлерге, тауарлар өндірушілерге (берушілерге) және консультанттарға көзделген жеңілдіктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңілдіктерді ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсімдері сипатталған тиісті баптарды көздеуі тиіс.
      621. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 621-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
68-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу және пайдалану тәртібі
      622. Осы тарау мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - инвестициялық жобалар) іріктеу тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер (бұдан әрі - мемлекеттік кепілдіктер) беру рәсімдерін анықтайды.
      Ескерту. 622-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      623. Мемлекеттік кепілдіктер беру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:
      1) инвестициялық жобаларды іріктеуді;
      2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыруды, қарау мен бекітуді;
      3) мемлекеттік кепілдікті беруді қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады.
      624. Мемлекеттік (үкіметтік, тәуелсіз) (бұдан әрі - мемлекеттік кепілдіктер) кепілдіктер беру процесінің негізгі қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілетті органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау,  еңбек жөніндегі уәкілетті орган, әділет органы, Республикалық бюджет комиссиясы, Қазақстанның Даму Банкі болып табылады.
      625. Қарыз алушылар:
      1) техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын даярлауды жүзеге асырады;
      2) осы Тәртіпке және мемлекеттік кепілдіктер беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етеді.
      626. Салалық уәкілетті органдар:
      1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргізеді;
      2) салалық сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті қорытындыларды ұсынады.
      627. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізеді;
      3) мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады;
      4) мемлекеттік кепілдіктер береді.
      Ескерту. 627-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      628. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган жоспарланған қызметті іске асыруға, оларды іске асыру туралы шешім қабылдау алдындағы кезеңдегі жоспарланған қызметтің экологиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға байланысты ықтимал теріс салдарларын алдын алу және өндірістік күштерді орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
      629. Еңбек жөніндегі орталық уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
      630. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
      1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
      2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
      3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;
      4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Ескерту. 630-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      631. Әділет органы мемлекеттік кепілдіктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргізеді.
      632. Қазақстан Даму Банкі :
      1) банк сараптамасын жүзеге асырады;
      2) инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындайды.
      633. Республикалық бюджет комиссиясы :
      1) жоспарланған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін анықтайды;
      2) инвестициялық жобалардың тізілімін анықтайды;
      3) әр инвестициялық жоба үшін жоспарланған жылға мемлекеттік кепілдіктерді беру шегінде мемлекеттік кепілдік мөлшерін анықтайды.
      634. Мемлекеттік кепілдіктер беру үстінде өз құзыретінің бөлігінде заңнамаға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргізуге өкілеттік берілген уәкілетті басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
69-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражатының есебінен қаржыландыру
үшін инвестициялық жобаларды іріктеу
      635. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
      ТЭН;
      салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын қоса бере отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмеген мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өтінімді ұсынады.
      636. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарамайды.
      Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер кезекті жылы мемлекеттік кепілдіктер беру тұрғысынан қаралмайды.
      637. Осы Ереженің 639-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде экономикалық сараптамасын әзірлейді.
      Ескерту. 637-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      638. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба ТЭН әзірлеу шеңберінде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негізінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды:
      жоба Мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестігін бағалауды;
      экономикалық талдауды бағалауды;
      инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің ағынын талдауды қамтиды.
      638-1. Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге және экономикалық сараптамаға талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
      Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға жүзеге асырады.
      Ескерту. 69-тарау 638-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      639. Осы тарауда көрсетілген сараптамаларды жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар анықтайды.
      639-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.
      Ескерту. 69-тарау 639-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      639-2. Мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ді, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.
      Ескерту. 69-тарау 639-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      639-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 69-тарау 639-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      640. Осы Ереженің 635-тармағында көрсетілген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне инвестициялық жобаны енгізу үшін шарт болып табылады.
70-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
      641. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитін анықтайды.
      642. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылының 20 шiлдесiнен кешiктiрмейтін мерзiмде экономикалық қорытындылар негiзiнде жобалар бойынша экономикалық қорытындыларын қоса, мемлекеттiк кепiлдiктермен мемлекеттiк емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      Ескерту. 642-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      643. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қарау кезiнде кезектi жылға арналған мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiне енетiн, бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн айқындайды.
      Ескерту. 643-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      644. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
      Ескерту. 644-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      645. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімімен бекітіледі және жариялануға тиіс.
71-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру рәсімі
      646. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкімен мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады.
      647. Қарыз алушылар ТЭН жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлейді.
      648. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:
      мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
      мемлекеттік кепілдіктерді алғаны туралы өтініш білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;
      қарыз алушы беретін мемлекеттік кепілдіктер бойынша қамтамасыз етуді;
      қаржылық және техникалық тәуекелдерді;
      мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.
      649. Мемлекеттік кепілдік қарыз берушіге қарыз шартын, мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісімді жасасқаннан, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепілдікті бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегенінен кейін беріледі.
      650. Мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісім мыналарды:
      1) қарыз алушыға қойылатын талаптарды:
      а) қарыз бойынша ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті алдағы төлемдер мөлшерінде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргізуді;
      б) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Даму Банкіне бар, оның ішінде Қазақстан Республикасының ҰБ-дағы, екінші деңгейдегі банктердегі, шетелдік банктер мен заңнамада белгіленген тәртіппен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шоттар туралы мәліметтерді ұсынуды;
      в) қарыз толық өтелгенге дейін сенім білдірілген өкілге (банк-агентке) жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсынуды;
      г) ай сайын қаржылық есептіліктің үлгілік нысанын (бухгалтерлік балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті) және қаржылық жай-күйді анықтайтын басқа да қажетті құжаттарды Қазақстан Даму Банкіне ұсынуды;
      д) банк кепілдігінің не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздарды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуын.
      Банк кепілдігі қарыз шарты қолданылатын тұтас мерзімге бір рет беріледі және негізгі борыштың сомасын, сондай-ақ қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұл, айыппұл) және өзге де төлемдердің барлық сомаларын жабады.
      Сақтандыру шарты қарыз алушыны дефолтқа және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына әкеп соқтыруы мүмкін жобалар бойынша тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс.
      Бұл ретте банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартының және банк кепілдігіне және/немесе қарызды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына талаптарды беру мерзімі мен талаптарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісімде белгілейді.
      2) шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шотындағы) қаражаттың есебін жүзеге асыруды, сондай-ақ акт жасай отырып ұсынылатын құжаттамаларға кезең-кезеңде салыстыру жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан талап етуді;
      3) Қазақстанның Даму Банкіне:
      а) қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйін талдауды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті талдау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынуды;
      б) шартты салымның арнайы шотында ақшаны мерзімді шоғырландыруды;
      4) қарыз алушымен және сенім білдірілген өкілмен (банк-агентпен) бірлесе отырып бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шартты салымның арнайы шотына ақша аударудың нормасы мен кезеңділігін (кестесін) жүзеге асыру жөнінде қойылатын талаптарды қамтиды.
      Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін келісімге сай тиісті соманы тұрақты аударым жасау жолымен аударады.
      Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтіру мерзімдерін бұзған жағдайда қарыз алушы әрбір жолсыздық жағдайы үшін алдағы төлемдер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін нөл бүтін оннан бір пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді.
      Ескерту. 650-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      651. Мемлекеттік кепілдіктер алуға үміткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сай болуы тиіс.
      Мемлекеттік кепілдіктер әрбір инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.
      652. Кепілдік міндеттемелер нысанында берілген мемлекеттік кепілдіктер бір данада мемлекеттік кепілдіктердің арнайы бланкілерінде ресімделеді.
      Мемлекеттік кепілдіктердің бланкісі қатаң есептілік бланкісі болып табылады.
      653. Кепілдік туралы шарт нысанындағы мемлекеттік кепілдік екі данада ресімделеді.
      654. Банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартының мерзімі мен беру шарттарын және банк кепілдігіне және/немесе сақтандыру шартына қойылатын талаптарды мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың шарттарына байланысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
      655. Банк кепілдігінің және сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша банк-кепілгер және/немесе сақтандыру ұйымы анықтайды.
      656. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз берушімен келісім бойынша мемлекеттік кепілдіктің мазмұны мен нысанын анықтайды.
      657. Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар қарыз алушылардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында реттеледі.
      658. Қарыз берушінің талабы бойынша әділет органы Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын қарыз шарттарының заңды қорытындысын ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет