Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігі



бет19/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46

10-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігі
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі
      510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.
      511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгемен тиісті шот ашады.
      512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
      513. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айдың басына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсімдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
      514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ҰБ-дағы Үкіметтің теңгелік шотына аударуы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
      515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
      516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің шотына теңгемен түседі.
      Ескерту. 516-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      517. Шетелдік валютадағы түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетелдік валютадағы корреспонденттік шоттарға ҚР ҰБ есептеледі.
      Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күні шетелдік валютада түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударылады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына есептелетін шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесін сақтайды.
      518. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негізінде есепке алу әдісімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кірістерді есепке алуды жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің құрамында көрсетіледі.
      519. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге 101-қосымшаға сәйкес ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шоттарына аударымдар туралы есептi 2-26 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп» нысаны бойынша ұсынады.
      Ескерту. 519-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      520. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарына аударады.
55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
      521. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттер түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттердің бекітілген көлемін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің назарына жеткізеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
      Ескерту. 521-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      522. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертте және нысаны трансфертте қажеттілік көлемін ай сайын болжамдайды.
      Алдағы айға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттегі республикалық бюджет қажеттілігінің көлемін болжамдау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі болжамының ақпаратын ескере отырып анықтайды.
      Ескерту. 522-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      523. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажет көлемін аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт белуге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен трансфертті белуге өтінім" 2-37 нысаны бойынша әрбір айдың 25-күніне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды. ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде кепілдік берілген трансферттің өтінім жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотына аударады.
      Өтінімді орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
      524. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткілікті болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір айдың 25-і күніне ҚР ҰБ-ға хат жібереді, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтіндігін хабарлайды.
      525. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда кепілдік берілген трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсімдерінің және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      526. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалмаған шарттардың тізбесін; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылы іс-шараларды толық орындамау себептерін көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлігінде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
      Ескерту. 526-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      527. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
      1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген міндеттемелері бар республикалық бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесін;
      2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы туралы ақпаратты;
      3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету жолымен төленбеген міндеттемелер бөлігінде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты береді.
      Ескерту. 527-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      528. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепілдендірілген трансферттер сомасы есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарын тағайындаулар арасындағы жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      Ескерту. 528-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      529. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 526-528-тармақтарында санамаланған нормативтік құқықтық актілердің негізінде осы Ереженің 6-тарауында анықталған тәртіппен түсімдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
      530. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ның қаперіне жеткізеді.
      531. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      531. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттердің аударылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Үкіметінің теңгелік шотында ақша жиналуына қарай, тиісті қаржы жылына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен аспайтын көлемде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт беруге арналған өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған өтінім осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес 2-37-нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде, оны алған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотына нысаналы трансферттің мәлімделген сомасын аударады.
      Өтінімді орындау үшін қажетті ақша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.
      Ескерту. 55-тарау 531-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      532. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.
      533. Шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ-ға сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және шығыстарды растау туралы хабарлама жібереді.
      534. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта (бұдан әрі - Сенімгерлік басқару туралы шарт) белгіленген мерзімде ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы өкілеттік берген тұлға қол қойған осы Ереженің 103-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама" 2-36-нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама жібереді.
      ҚР ҰБ ҚР Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарламаның негізінде ҚР ҰҚ басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.
      Хабарламаны орындау үшін қажет ҚР Ұлттық қорының теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотынан шетелдік валютадағы ақшаның немесе активтердің бөлігін ҚР ҰБ Басқармасы белгілеген тәртіппен қайта айырбастауды жүргізеді.
      535. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және ҚР ҰБ осы Ереженің 104-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайын шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
56-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорым қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті жасаудың тәртібі мен нысандары
      536. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.
      537. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есепті, тиісінше 1-ші және 15-ші күннің жағдайы бойынша, есептіден кейінгі айдың 5-ші және 20-шы күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
      538. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін енгізе отырып есептіден кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін жыл сайын ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайды.
      539. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
      1) осы Ереженің 105-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚР Ұлттық қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есеп;
      2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерім мен есептерден тұратын ҚР Ұлттық қорын сенімді басқару жөніндегі ҚР ҮБ қызметі туралы есеп:
      ҚР Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерімін;
      ҚР Ұлттық қорының активтерін сенімді басқару жөніндегі ҚР ҰБ кірістері мен шығыстары туралы есепті;
      ҚР Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептерді;
      ҚР ҰҚ-ның активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептерді;
      3) ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер.
      ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп ҚР ҰБ-ның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алудың түрлі әдістерін (есептеу және кассалық) қолдануға байланысты, сондай-ақ дөңгелектеу есебінен есеп бойынша алшақтық сомасының айырмасы көрсетілетін жолды қамти алады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне сыртқы аудитті жүргізудің нәтижелерін қоса беріп жылдық есепті бекітуге енгізеді.
      540. ҚР ҰБ және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген тәртіппен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
11-бөлім. Бюджеттік кредит беру тәртібі
57-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі
      Ескерту. 57-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1280 Қаулысымен.
      541. Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Мамандандырылған ұйымдар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын акцияларының бақылау пакеті мемлекетке не ұлттық холдингке не Ұлттық басқару компаниясына тиесілі ұйымдар.
      Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруының құрамдас бөлігі болып табылады және тиісті бюджеттерден қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру жолымен, оның ішінде түпкі қарыз алушыларға кейіннен кредит беру үшін жүзеге асырылады.
      542. Бюджеттік кредиттер:
      ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген республикалық бюджетте;
      жергілікті бюджеттер мәслихаттарының шешімдерімен ағымдағы қаржы жылына арнап бекітілген жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
      543. Кредиттік шарт заңнамада талап етілетін негізгі шарттарды қамтуы тиіс. Сондай-ақ кредиттік шарт бюджеттік кредитті беруге, оны пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелерді қамтуы мүмкін.
      Бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеу кредиттік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 543-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      544. Кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап үш айдың ішінде қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін тиісті шартқа қол қоюы тиіс.
      545. Кредиттік шарт ұлттық та, шетелдік валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер өзгермелі де, тіркелген де сыйақы ставкасымен берілуі мүмкін.
      546. Бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезеңнің ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті есептеулерімен расталады.
      Қаржы агенттіктері үшін бюджеттік кредиттің негізгі борышын өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталады. Бұл ретте жеңілдікті кезеңнің ұзақтығы кредит мерзімінің үштен бірінен аспауы тиіс.
      547. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік кредиттері, бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенттіктері бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкалары айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасымен төмен болмай белгіленеді.
      Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      548. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу тиісті шартқа қол қойылған күннен бастап бюджеттік кредит қайта құрылымдалған кезде бюджеттік кредит қаражатын кредит берушінің шотынан қарыз алушының шотына аударған күннен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеуді жүзеге асыру бірінші күнтізбелік жылдан кешіктірмей басталады. Сыйақыны есептеу бюджеттік кредит бойынша негізгі борыштың қалдығына жүзеге асырылады. Бұл ретте негізгі борыш мерзімінен бұрын өтелген жағдайда сыйақыны қайта есептеу жүзеге асырылады.
      Кредиттік шартқа сәйкес Қарыз алушы бюджеттік кредит бойынша сыйақының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне төлейді.
      Ескерту. 548-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      549. Қарыз алушы банк белгілеген түпкі қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженің 547-тармағына сәйкес белгіленген екі еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 549-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 119 Қаулысымен.
      550. Егер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргізілмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңнің тиісті валютасындағы сыйақы ставкасына тең белгіленеді.
      551. Жасалған кредит шарттары жасасқан күннен бастап үш күннің ішінде:
      республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның;
      жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдардың тіркеуіне жатады.
      552. Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиісті мәслихаттардың шешімі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Кредиттік шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органның арасында жасалады.
      553. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік шарт кредит берушінің тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) мен жеке тұлғаның арасында жасалады.
      Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді тиісті бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
      554. Қарыз алушы қайтыс болған не оны қаза болған деп жариялаған жағдайда, мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарды тоқтатуды нотариалды расталған қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін ұсынған кезде сенім білдірілген өкіл (агент) жүзеге асырады.
      555. Республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен берілген бюджеттік кредит қарыз алушы негізгі борыш сомасын қайтарған және толық көлемде сыйақыны және басқа да бюджеттік кредитпен байланысты ілеспе төлемдерді төлеген кезде өтелген болып саналады.
      Кредитті өтеу мерзімі басталған кезде кредит беруші қарыз алушыға кредитті өтеу мерзімі басталғаны туралы хат жібереді. Хат қарыз алушыға кредиттік шартта көрсетілген мерзімде, төлеу күніне дейін жіберіледі. Хатта төлеуге жататын сома, кредит берушінің банктік деректемелері, ББС түсімдер сыныптауышының коды көрсетіледі.
      Қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалану мен өтеу шартын бұзған жағдайда, Кредит беруші кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзуды және бюджеттік кредиттің іс жүзінде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі төлемдерді қайтаруды жүзеге асыра алады.
      Ескерту. 555-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      556. Бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кредит беруші немесе сенім білдірілген өкіл (агент) қарыз алушыдан кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұлды өндіре отырып, заңсыз пайдаланылған кредит сомасын өндіріп алады. Мақсатқа сай пайдаланылмаған кредит сомасына сол сияқты кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінен кейін қарыз алушы пайдаланған сома жатады.
      557. Кредиттік шартта анықталған бюджеттік кредитті игеру кезеңінде қарыз алушы пайдаланбаған кредит сомасы ББС-ның түсімдер ыныптамасының тиісті кодына игеру кезеңі аяқталған күннен бастап 3 күннің ішінде тиісті бюджетке қайтаруға жатады. Бұл ретте, Қарыз алушы кредит сомасын қайтаруды жоспарлап отырғаны туралы Кредит берушіні кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын хабардар етеді.
      Ескерту. 557-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      557-1. Осы Ереженің 556 және 557-тармақтарында көзделген жағдайларда кредит сомасын қайтару, кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасында кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады. Кредит берушімен немесе оның сенім білдірілген адамымен (агентімен) келісу бойынша Негізгі борышты өтеу кестесіне тиісті өзгерістерді енгізеді.
      Ескерту. 57-тарау 557-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      558. Қарыз алушыда бюджеттік кредит бойынша берешек қалыптасқан және кредиттік шарттың ережелерінде анықталған мерзім ішінде оны өтемеген кезде кредит беруші әрбір мерзімі өткен күн үшін қайтаруға жататын соманың оннан бір бүтін пайызы мөлшерінде өсімақы есептейді.
      559. Бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімдіктер шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      560. Республикалық бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына сәйкес құрылған Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      561. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешімді жергілікті атқарушы органның жанындағы консультативтік-кеңес органының оң қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
      562. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдаған кезде кредит берушінің, бағдарлама әкімшісінің және қарыз алушының арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.
      563. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезінде кредит беруші сыйақы есептеуді жүргізеді. Бұл ретте бюджеттік кредитті немесе кезекті төлемдерді өтеу мерзімдерінің, кредит валютасының өзгеруі, сондай-ақ сыйақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.
      564. Республикалық бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша Үкімет талаптарын және сыртқы қарыздар есебінен тартылған қаражатты есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті бюджет қаражатынан берілген кредиттер бойынша талаптарды есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингін жүзеге асырады, қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер), түпкі қарыз алушылар міндетті тәртіппен берген ақпараттың негізінде жобалардың іске асырылуын бақылайды. Ақпарат беру нысандары мен мерзімдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
      565. Бюджет кредитінің нысаналы пайдаланылуын бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, кредит беруші және/немесе сенім білдірілген өкіл (агент) жүзеге асырады.
      565-1. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғаның мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы құжат;
      4) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат.
      Ескерту. 565-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1280 Қаулысымен.
      565-2. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардың мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
      1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;
      2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
      3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша табыстар мен шығындар туралы есеп;
      4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;
      5) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;
      6) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;
      8) құрылтай құжаттары;
      9) кредит саясаты туралы құжат.
      Ескерту. 565-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1280 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет