Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың



бет17/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46

50-тарау. Бюджеттік инвестициялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың
конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ
оған қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды
консультациялық қолдауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі  
      Ескерту. 50-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      446. Осы тарау бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрi – БИЖ) техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрi – ТЭН), концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатын бөлу тәртібін және оларды қаржыландыру рәсімдерін айқындайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау шеңберінде, экономикалық сараптаманы қоспағанда, тиісті қажеттi сараптамаларды жүргiзу қаржыландырылады.
      БИЖ ТЭН-інің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, сараптамаларын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру және өткізу мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаның қаражаты, ТЭН-ді, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оған қажеттi сараптамаларды жүргiзуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, бекiтiлген БИЖ тiзбесiнiң негiзiнде әртүрлi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi арасында қаржы жылы iшiнде бөлуге жатады.
      Егер жергiлiктi БИЖ-ды қаржыландыру жергiлiктi бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылса, ТЭН әзiрлеудi қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы есебiнен жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебiнен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      Егер мемлекеттік инвестициялық жобаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ қаржыландыру жоспарланып отырған жобаларды нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен республикалық бюджеттен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргiзедi.
      447. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға өтінімдер беруін;
      2) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру бөлінетін тиісті бюджеттік бағдарламалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Тізбелерді қалыптастыруды және бекітуді;
      3) БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
      448. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзудi, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға өтiнiмдер бередi.
      449. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ұсынылады.
      450. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаты, техникалық тапсырма негізінде мемлекеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі – МИЖ) инвестициялық ұсыныстары бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша БИЖ ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытынды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хат, техникалық тапсырма негізінде олар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      451. Бюджет комиссиялары іріктеген инвестициялық ұсыныстарда қамтылған БИЖ бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган, олар бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін қалыптастырады.
      452. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша ТЭН-ді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
      453. БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын БИЖ тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      454. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, БИЖ ТЭН-іне түзету жүргізіледі.
      455. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері концессиялық ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.
      456. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім мыналар:
      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
      2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
      3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу құнының есептемесі қоса берілген концессиялық ұсынысты қамтуы тиіс.
      Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан астам уақытты құрауы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспауы тиіс.
      457. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарды сараптаудан өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      458. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстардың сараптама қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға, сондай-ақ егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
      459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалар ТЭН-інің қажетті сараптамаларын жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      460. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
      461. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландыру сомасын айқындайды.
      462. Концессиялық жобалардың тізбесі, әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      463. Мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердi қаржыландыруға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға жiбередi.
      464. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінім мынадай негізгі мәліметтерді қамтиды:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі туралы ақпарат;
      3) көрсетілетін қызметтердің түрлері және мәлімделетін құны.
      Өтінімге, сондай-ақ мыналар қоса беріледі:
      1) мынадай негізгі мәліметтер көрсетілуі тиіс қызметтер көрсету жөніндегі техникалық тапсырманың жобасы:
      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;
      қызметтер ұсынуға қойылатын жалпы талаптар;
      қызметтер ұсыну мерзімдері;
      қызметтер ұсынудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары);
      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделген жалпы құнының негіздемесі;
      3) көрсетілетін қызметтер тарту қажеттілігін негіздейтін өзге де мәліметтер.
      465. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      466. Тиiстi бюджет комиссиясы қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн, сондай-ақ әрбiр жоба бойынша қаржыландырудың түрлерi мен көлемдерiн айқындайды.
      467. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер.
      468. Әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі, оларды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      469. Тиісті бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар қаражатының қалған сомасына Тiзбелерге толықтырулар мен өзгерістерді қалыптастыру, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу және бекiту осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Пайдаланылған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімінсіз мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруына жол берілмейді.
      БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатын пайдаланбағаны не ішінара пайдаланғаны үшін осы қаражатты алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.
      470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбелер негізінде БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қамтамасыз етеді.
      471. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргізуді, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      472. БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргізуге, концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптамалар өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жобаны бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтауға қайтарған жағдайда, күнтізбелік отыз күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде өнім берушінің БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтауы туралы талапты қамтуы тиіс.
      473. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органға БИЖ ТЭН-ін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету бойынша, концессиялық жобаларды консультациялық қолдау iс-шараларын iске асыру барысы туралы ақпаратты, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн ұсынады.     
51-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткiзудi және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбi
      Ескерту. 51-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      474. Мыналарды:
      1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
      2) республикалық БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
      3) концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      4) концессионердi таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;
      5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      6) мемлекет кепілгерлігін алуға концессионер ұсыныстарының сараптамасын;
      7) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
      8) республикалық бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
      9) концессиялық жобалардың iске асырылуын бағалауды;
      10) БИЖ-дің іске асырылуын бағалауды;
      11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;
      12) ТЭН-ді әзірлеуді және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруын талап ететін БИЖ-дерді бюджеттік кредиттеу сараптамасын бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттама сараптамасын және бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.
      Ескерту. 474-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
      2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
      3) сараптамаларды қаржыландыру және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.
      Ескерту. 475-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
      Ескерту. 476-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган  бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
      Ескерту. 477-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      478. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
      Ескерту. 478-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
      Ескерту. 479-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет