Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі



бет18/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46

52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
      481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
      482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
      484. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      Ескерту. 484-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      485. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
      Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
      Ескерту. 485-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      486. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 486-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      487. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      Ескерту. 487-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Ескерту. 488-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      489. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнын есептеуге концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің немесе концессия шарты шеңберінде реконструкцияланып жатқан концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны кірмейді.
      Ескерту. 489-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      490. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      491. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
      493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
      Ескерту. 493-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      494. Өтемақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 494-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      494-1. Егер концессия объектісінің құны оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алғаны туралы актіге қол қойылғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде бұрын жоспарланған құннан төмен болған жағдайда, төлеуге жататын өтемақы мөлшері төмендейді.
      Ескерту. Ереже 494-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      494-2. Өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда, инвестициялық шығындар өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында қамтылған, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлерінің негізінде концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      Ескерту. Ереже 494-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
      Ескерту. 496-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер концедентке бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
      Ескерту. 497-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      498. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 499-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52-1 тарау. Экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы)
әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету
объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемінің шегіндегі
концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
      Ескерту. Ереже 52-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.16 N 466 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттерден өтеу болып табылады.
      499-2. Концессионердің пайдалану шығындарына концессия шарты шеңберінде экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемдері шегінде туындайтын концессионердің шығыстары жатады.
      499-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде пайдалану шығындарының өтемақысын көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Ескерту. 499-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-4. Концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысын беру туралы шешімді концессия міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-5. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда, пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғарғы көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтарының болмауы немесе болуы тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтарының болуын немесе болмауын растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
      Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-6. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
      Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілердi пайдалануға арналған мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның iшiнде субсидиялар) теңбе-тең өзгерiсіне индекстелуі мүмкін.
      499-7. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін концедент Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.
      Ескерту. 499-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-9. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концессия шартының талаптарын ескере отырып, концедент қалыптастырады.
      Ескерту. 499-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-10. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру концедент бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 499-10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52-2-тарау. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін
басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі
      Ескерту. Ереже 52-2-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-11. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – сыйақы) концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      499-12. Концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде мемлекет меншігіндегі объектілер бойынша жүзеге асырылады.
      499-13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      Ескерту. 499-13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-14. Сыйақы беру мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-15. Сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
      499-16. Сыйақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
      Ескерту. 499-16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-17. Сыйақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      499-18. Сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Егер концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзған жағдайда, сыйақы төлеудің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін, концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-19. Сыйақы төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-20. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде концедент қалыптастырады.
      Ескерту. 499-20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-21. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сыйақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру концеденттің төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 499-21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі
      Ескерту. Ереже 52-3-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      499-22. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы (бұдан әрі – қолжетімділік үшін төлемақы) шығындарды өтеу және концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      Қолжетімділік үшін төлемақы:
      1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;
      2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;
      3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.
      499-23. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолдануға болады.
      Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      499-24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионерге қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді көздейтін концессиялық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-25. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу мүмкіндігі туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-26. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу осы қаулының 52 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 52-1 (пайдалану шығындарының өтемақысы), 52-2 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы), сондай-ақ 52-4 (концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу) тарауларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
52-4-тарау. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібі
      Ескерту. Ереже 52-4-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      499-38. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан белгілі бір үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      499-39. Концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын (бұдан әрі – жалдау төлемақысы) төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жеке меншіктегі (концессионер меншігіндегі) объектілер бойынша ғана жүзеге асырылады.
      499-40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеуді көздейтін конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-41. Концессионерге жалдау төлемақысын төлеу мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-42. Жалдау төлемақысын төлеу концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
      499-43. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде концедент жүргізеді.
      499-44. Жалдау төлемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      499-45. Жалдау төлемақысы бойынша төлемнің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының, оның ішінде жалға берілетін үй-жай мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша талаптарын бұзған жағдайда, жалдау төлемақысы бойынша төлемнің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартында айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге жалдау төлемақыларын төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-46. Жалдау төлемақыларын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-47. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
      499-48. Концессионердің жалдау төлемақыларын төлеуге өтінімдерін қанағаттандыруды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде концедент жүзеге асырады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
      500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
      501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
      502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
      503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
      506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын белуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
      507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
      508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет