Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдері



бет20/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

58-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдері
      566. Қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері:
      бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
      салықтық берешектің болмауы;
      конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы үш айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы;
      меншік капиталы бюджеттік кредит сомасынан кемінде екі есе аспауы тиіс;
      бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.
      567. Жергілікті атқарушы органдардың кредиттік қабілетінің негізгі өлшемі бұрын алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы болып табылады.
      568. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит берген кезде кредиттік қабілетін сенім білдірілген өкіл (агент) анықтайды.
      569. Бюджеттік кредитті алуға үміткер шетел мемлекетінің кредиттік қабілетін жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтерге сәйкес анықталады.
      570. Сол сияқты кредит беруші қарыз алушының кредиттік қабілетін анықтау үшін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.
59-тарау. Мамандандырылған ұйымдарды іріктеу тәртібі
      571. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттерді қабылдағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде мамандандырылған ұйымдарды анықтауға үміткерлерге (бұдан әрі - үміткерлер) қойылатын талаптар анықталады.
      572. Осы Ереженің 571-тармағын орындағаннан кейін бағдарламаның әкімшісі үш жұмыс күні ішінде кредит берушімен келісуге конкурстық құжаттаманы жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келіседі және жазбаша түрде ол туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісін хабардар етеді.
      573. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтінім беру мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттерді алуға конкурс жариялайды.
      574. Үміткерлер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері анықтаған конкурс өткізу мерзімдерінде олардың конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын және бюджеттік кредиттерді алу шарттары бойынша ұсыныстарды және олардың нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде түпкі қарыз алушыларға кредит беруін жүзеге асыруды қамтитын құжаттарды қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдер береді.
      575. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
      бюджеттік кредиттер алуға қойылатын негізгі талаптарды қоса бере отырып, үміткерлердің тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;
      республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат алу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілікті атқарушы органдарға сұрау салулар жібереді.
      576. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бес күннің ішінде сұрау салуларға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне үміткерлердің конкурсқа қатысуына қойылатын талаптарды сақтауы туралы ақпаратты жібереді.
      577. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және/немесе жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сұрау салуларына сәйкес бес күннің ішінде бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен алынған бюджеттік кредиттер бойынша үміткерлердің мерзімі өткен берешегінің бар-жоғы туралы ақпарат жібереді.
      578. Конкурсқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысын алған үміткерлер жіберіледі.
      579. Құжаттарды қарау және конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің қатарынан қарыз алушыларды іріктеу үшін бағдарламалардың әкімшілері конкурстық комиссия құрады.
      Конкурстық комиссия бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілдерінен тұруы тиіс.
      Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісінше кредит беру мақсатында үміткерлердің өтінімдерін қарауды жүргізеді және мыналарды:
      түпкі қарыз алушыларға бюджеттік кредит берумен байланысты шығыстардың ең аз деңгейін;
      қамтамасыз ету сапасын (көлемін, нысанын, өтімділігін);
      несие қоржынының сапасын;
      меншік капиталының көлемін;
      кредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесін негізге ала отырып, оларды іріктеуді жүзеге асырады.
      580. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер), бюджеттік кредит беру шартына сәйкес іріктеуде артықшылығы жүзеге асырылатын қаржы агенттігін қоспағанда, конкурстық негізде қарыз алушыны анықтайды.
      581. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және конкурстық негізде анықталған мамандандырылған ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру туралы қабылданған шешімдерінің негізінде кредиттік шарт (келісім) жасасады.
      582. Бюджеттік кредит беру кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер жасасқан кредиттік шарттар (келісімдер) талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
59-1-тарау. Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері
      Ескерту. 59-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.28.  N 1280 Қаулысымен.
      582-1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу үшін агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жібереді:
      1) тізбеге енгізуге арналған өтініш;
      2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба);
      4) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
      582-2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      582-3. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 110-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 111-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      582-4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Ереженің 110 және 111-қосымшаларына сәйкес қаржы агенттігін тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді.
60-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша кірістіліктің
орта мөлшерлі ставкасын анықтау тәртібі
      583. Кірістіліктің орта мөлшерлі ставкасы бағалы қағаздардың қайталама нарығында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен жасалған тиісті тоқсандағы операциялардың нәтижелері бойынша анықталады.
      584. Тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалатын операциялардың нәтижелері бойынша "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) есепті тоқсаннан кейінгі айдың бес күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздармен бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы операциялардың нәтижесіндегі кірістіліктің қалыптасқан орта мөлшерлі ставкасының көлемі туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
61-тарау. Жергілікті атқарушы органнан бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі рәсімдер
      585. Жергілікті атқарушы органның мақсатқа сай пайдаланбаған бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын және/немесе бюджеттік кредит сомасын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
      586. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының соңына қарай тиісті жергілікті органның Әкіміне өтеу мерзімін көрсете отырып, мақсатқа сай пайдаланылмаған бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу және/немесе бюджеттік кредит сомасын қайтару қажеттігі туралы ескерту жібереді.
      587. Жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бюджеттік кредит бойынша берешек сомасын қайтармаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойғаннан кейін бір ай ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген мақсатсыз пайдаланған бюджеттік кредит сомасын қайтармаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қазынашылықтың тиісті аумақтық бөлімшелеріне тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұрылуы туралы жазбаша хабарлама жібереді
      588. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органнан нұсқау алғаннан кейін келесі жұмыс күні аумақтық қазынашылық бөлімшесі мыналар:
      1) тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметкерлеріне төленетін жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;
      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      3) іссапар шығыстары;
      4) міндетті зейнетақы жарналары;
      5) ерікті зейнетақы жарналары;
      6) әлеуметтік аударымдар;
      7) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы органның Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 588-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      589. Егер тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен жергілікті бюджетке түзету жүргізбесе және аумақтық қазынашылық органдарына берешектің барлық сомасын өтеу бойынша төлеуге берілетін шоттарын ұсынбаса, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган, мыналарды:
      1) тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметкерлеріне айлық жалақы және басқа да ақшалай төлемдер;
      2) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;
      3) ерікті зейнетақы жарналары;
      4) әлеуметтік аударымдар;
      5) банктің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі операцияларды қоспағанда, тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша барлық операцияларды (азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізуді) тоқтата тұруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 589-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      590. Тиісті жергілікті атқарушы орган Әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша операцияларды жаңарту берешектің барлық сомасын өтеу жөніндегі төлеуге шоттар ұсынылғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.
62-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өндіріп алу есебінен өндіріп алынған мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру тәртібі, сондай-ақ бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтату тәртібі
      Ескерту. 62-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      591. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік сенім білдірілген өкілдер (агенттер) және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган арқылы сатылуға жатады. U10001039
      Сенім білдірілген өкілдер (агенттер) конкурстық негізде мамандандырылған ұйымдарды немесе тиісті лицензиялары бар өзге ұйымдарды тарту жолымен мүлікті ашық аукционда конкурстық негізде сатады және сатудан түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне аударады. Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін шығыстарды төлеуді бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      Мүлікті сату кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері республикалық бюджет кірісіне түскен қаражат сомасына азаяды.
      592. Жекелеген жағдайларда бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік меншікке айналдыруға жатады.
      593. Мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган растайтын құжаттардың негізінде сенім білдірілген өкілмен (агентпен) және/немесе сот орындаушысымен, конкурстық басқарушымен, бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдауды ұйғаратын қарыз алушымен келісім жасасады.
      594. Сенімхат негізінде әрекет ететін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі осы Ереженің 593-тармағында анықталған жасасқан келісімге сәйкес қабылдап алу-беру актісі бойынша мүлікті қабылдайды және мүлікке меншік құқығын тіркейді.
      595. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау тиісті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      595-1. Бюджеттік кредитті өтеу бойынша кредит берушінің талаптарын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 62-тарау 595-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      595-2. Олар бойынша талаптар сот шешімдері негізінде тоқтатылған қарыз алушылардың берешектері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредит берушінің есептен шығаруына жатады.
      Ескерту. 62-тарау 595-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
12-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар
63-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібі
      596. Осы бөлімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Банк - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздарға, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге өкілеттік берілген банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      банк-кепілгер - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе шетелдік банк. Қазақстан Республикасының кепілдік беретін екінші деңгейдегі банкін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын ақшалай нысанда атқаруды көздейтін банктік кепілдемелер беруге заңды лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің атауын қамтитын тізбеден бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайды;
      бизнес-жоспар - алдағы қарыз жылындағы төлемдер мен кіріс көздерінің түрлері туралы кесте қамтылатын алдағы қаржы жылына арналған қарыз алушы әзірлейтін құжат;
      қарыз алушы - негізгі борышты өтеу және сыйақыларды, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген қарыз қаражатын алған қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы болып бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді;
      кепілгерлік шарты - тараптардың мемлекет кепілгерлігін беру туралы құқық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз бойынша облигациялар ұстаушылардың өкілі арасындағы жазбаша келісім;
      облигациялар ұстаушылардың өкілі - бағалы қағаздардың қайталама нарығында инфрақұрылымдық облигацияларды айналдыру, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу және оларды өтеу үстінде эмитентпен жасалған шарт негізінде қарыз берушілер мүддесінде әрекет ететін ұйым;
      жергілікті атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы;
      мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша алдағы төлемдерді қамтамасыз ету жүйесі - қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы шарты салым шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу туралы қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның алдында банктің кепілдігін беруі;
      шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) - қарыз алушының Қазақстанның Даму Банкінде ашылған және тек қана мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша алдағы төлемдерді өтеуді қамтамасыз етуге ғана арналған арнайы шартты салым шотында ақшаның бөлігін мерзімді төлеу арқылы міндетті жинақтамасы;
      шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі отыз бес күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді;
      арнайы несие шоты - Банкте тек концессия объектісін құру үшін пайдалана алынатын инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты есепке алу үшін ашылған арнайы несие шотында ақша бөлігінің кезеңді төлемдері арқылы қарыз алушының міндетті жинағы.
      мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және қарыз алушының арасындағы мемлекеттік кепілдік беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджеттің қаражатын қайтару бойынша мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі келісім;
      концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым - концессия мәселелері бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
      түпкі қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын қарыз алушы анықтаған шарттарда қарыз қаражатын түпкі алушы;
      Бағдарламалық сыртқы қарыз - саланы, оның ішінде көрсетілген мақсаттарға жұмсалған бюджеттің ағымдағы шығындарын жабу жолымен де реформалау және институционалдық дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға тартылатын сыртқы үкіметтік қарыз түрі.
      Ескерту. 596-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011, 2012.03.26 № 352 Қаулыларымен.
      596-1. Бағдарламалық сыртқы қарыздар әкімші іс-шараларды іске асыру басталатын бірінші жылдың алдындағы қаржы жылында бюджеттік өтінімнің құрамында берген және жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіндегі іс-шаралардың тізбесі мен есептеулерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның экономикалық қорытындысын ұсына отырып, іс-шаралардың жүзеге асырылуын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын бағдарламалық құжатының іс-шаралары бойынша іске асырылады.
      Ескерту. Ереже 596-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011 Қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      597. Қабылданған макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен республиканың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдері, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемі мен құрылымының негізінде үкіметтік қарыз алу мен борыштың алдағы орта мерзімді кезеңіне арналған жыл сайынғы жай-күйін бағалау және болжауды жүргізеді.
      Ескерту. 597-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      598. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандарын және шарттарын, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету көлемдерін анықтайды
      599. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын үкіметтік қарыздар бойынша кезекті қаржы жылына арналған болжамды деректер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:
      1) қолданыстағы және тартылуы болжанған сыртқы үкіметтік қарыз қаражатын игеру болжамын;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейін және халықаралық қаржы ұйымдары мен қарыз беруші елдердің үкіметтерімен, басқа да сыртқы қарыз берушілермен өзара іс-қимылдың перспективаларын ескере отырып, болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздардың тізбесін қалыптастыру жолымен болжанатын үкіметтік қарыздарды;
      3) ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, бюджет тапшылығының жоғарыда санамаланған көздер жаппаған бөлігін қаржыландыру үшін өзге де болжанған қарыз алу көздері мен құралдарын анықтауды қамтиды.
      Ескерту. 599-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2011 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.03.26 № 352; 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
64-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
      600. Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешім қабылдайды.
      601. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшін:
      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін анықтау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет