Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Жануарлар жасушаларын гибридизациялау (құйылыстыру)



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.2 Жануарлар жасушаларын гибридизациялау (құйылыстыру). 
 Әдістің тарихы. 
 
Сомалық жасушалардың бір-бірімен құйылыса алатындығы туралы 
болжау көп ядролы жасушалардың ашылуына байланысты сонау ХІХ 
ғасырдың 
басында 
айтылған. 
Тарихи 
тұрғыдан 
қарастырғанда 
поликариондардың ашылуы Шлейденнің жаңа жасушалар аналық 
жасушаның цитоплазмалық мембранасының ішіндегі көпіршіктерден пайда 
болады деген түсінігінің қате екендігін растады. Сол кезеңде онымен 
келіскен Рудольф Вирхов 1951 жылы ядролар жаңа жасушалардың алғы заты 
деп сеніп, көп ядролы ісік жасушасының суретін көрсетті. Оған қоса
поликариондардың ашылуы сол кезде белең алған жасушалық теория үстінде 
болып жатқан дағдарысты күшейте түсті. Олардың қарсыластары ағза тұтас 
цитоплазмадан тұрады деген гипотеза жасап, ал поликариондардың болуын 
өздерінің гипотезасының растығын дәлелдейді деп қарастырды. Уақыт өте 
келе жасушалық теория жеңіп, поликариондардың болуын қызық жағдайлар 
қатарына жатқызылды. 
Сомалық жасушалардың гибридтері ағымдағы ғасырдың 60-шы 
жылдары ашылды. 1960 жылы Г.Барский өзінің әріптестерімен гибридті 
жасушалар линиясын бөліп алғаны туралы мәлімдеме жасады. Гибридті 
жасушалар екі линияны, яғни тышқан саркомасының бір жасушасынан пайда 
болған жасушаларының линияларын араластыру арқылы алынған. Бастапқы 
линиялар хромосомаларының саны мен морфологиясы бойынша бір-бірінен 
айрықшаланды, сондай-ақ оларды тышқанға енгізген кезде ісік түзу қабілеті 
бойынша ерекшеленді.
Гибридті жасушаларда бастапқы жасушалар линиясына қарағанда 
хромосомалар санында айырмашылық болды, сонымен қатар, оларда ата-
аналық жасушаларының екеуінің де беттік антигендері болды. Кейін, 
жасушалардың гибридтерін әртүрлі жануарлар жасушаларын қолданып алуға 
болатындығы белгілі болды. Құйылысуға итермелейтін агент ретінде 
белсенділігінен айырылған HVJ вирусы, оның басқаша атауы Сендай вирусы 
қолданылды. Осы кезден бастап Сендай вирусы жасушаларды 
құйылыстыруда қолданыла бастады. 
Пролиферацияға қабілетті түраралық жасушаларды құйылыстыруды 
зерттеген кезде екі маңызды бақылау нәтижесі жасалды: 

Гибридтерде екі геном (яғни екі геномның қасиеттері) да көріне 
алады; 

Ұзақ уақыт тіршілік ететін түраралық гибридтерде бір түрдің 
хромосомасы элиминацияланады (жойылады); 
Жасушалардың құйылысуына итермелеуші агенттеің болуы міндетті 
емес. In vitro жағдайында да, in vivo жағдайында да құйылысу арнайы 
агенттерінсіз де жүзеге аса алады. Құйылысудың мұндай түрлері кездейсоқ 
деп саналуына қарамастан, олардың кейбір түрлері онтогенез кезінде орын 
алып тұрады, яғни олар эволюциямен бағдарланған. Қазіргі кезге дейін 
жасуша ішіндегі органеллалардың мембраналарының құйылысуы жиі болып, 


42
жасуша араларындағы мембраналарының неліктен құйылыспайтындығы әлі 
күнге дейін ең үлкен жұмбақ болып отыр. Мысалы, өсімдіктердің цитокенезі 
кезінде Гольджи аппаратының көпіршіктері жасушалық пластинкалар құра 
отырып бірігеді, ал эндоплазматикалық ретикулумның мембраналары 
Гольджи аппаратының элементтерімен жаңадана синтезделген ақуыздың 
тасымалы кезінде кейде бірігіп тұрады және т.б. 
Негізі қалыпты жасушалар қалыпты жағдайда бір-бірімен өте сирек 
бірігеді. Бұл ережеге ұрықтану үрдісі бағынбайды. Оған қоса, дәл осындай 
ережеге 
бағынбайтын 
тағы 
бір 
жағдай 
бар: 
жоғары 
сатылы 
саңырауқұлақтардағы плазмогамия үрдісін мысалға келтіруге болады, ол 
кезде 
бір 
ядролы 
гаплоидты 
жасушалар 
құылысып,екі 
ядролы 
(дикариондарды) жасушаларды түзеді. Мұндай жасушалар екі ядролы түрін 
сақтай отырып, митоздық көбею нәтижесінде жеміс денешіктерін түзеді. 
Қалыпты жағдайдағы жасушалардың құйылысуы сүтқоректілерде де 
болады. Мысалы, жасушалар бұлшықет талшықтарын түзген кезде 
құйылысуы мүмкін. Сонау ХІХ ғасырда көлденең жолақты бұлшықеттің 
миофибриллдері поликариондарда – ірі ұзын көп ядролы жасушаларда 
түзілетіні 
көрсетілген. 
Поликариондар 
дегеніміз 
– 
бір 
ядролы 
миобласттардан құралған өнім болып табылады.
Ісік жасушаларының құйылысуы қарапайым іс болып табылады, кейде
in vivo жағдайда ісік жасушасы қалыпты жасушамен де құйылысуы мүмкін. 
Жасушалардың кездесоқ құйылысуы бойынша тәжірибелер in vitro 
жағдаййда да жүргізілген. Осындай тәжірибе нәтижесінде «химералы» 
немесе аллофенді тышқандарды – яғни ұлпаларында әртүрлі генотипті 
жасушалары бар жануарлар алынады. 
21 сурет. Аллофенді тышқандарды алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет