«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген өтiнiшті;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру туралы Қазақстан Республикасының
резиденті ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
резидент ұйымның толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру аумағында
(немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін
сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы мен түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасының
резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде левередж шамасы есебінің қосымшасымен, облигациялар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;
5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы
24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға біржолғы рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
Қазақстан Республикасы резиденті ұйымы рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардан басқа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталған айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағандағы туралы ақпаратты көрсете отырып электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші және төртінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін мәліметтер
1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы туралы мәліметтер.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).
4. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген органның атауы.
5. Аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.
6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.
7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі.
9. Сәйкестендіру коды (бар болса).
10. Шығарылым валютасы және нысаны.
11. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).
12. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
13. Осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары ұсынатын құқықтары.
14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
15. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекенжайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
16. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.
17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер
(осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті көрсету мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
18. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.
Резидент-ұйымының
басшысы (басшының орынбасары) (қолы)
Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – күнтізбелік он бес күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі эмиссиялық бағалы қағаздарын шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы шет мемлекеттiң аумағында Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде мыналарды:
1) айналыстағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару талаптарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) дер кезінде орындамағаны немесе орындамаған фактілері болмағаны, сондай-ақ айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпарат жүйелерінің құрамындағы, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім берілген өтiнiшті;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығару туралы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
резидент ұйымның толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгері көрсетілген қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы және оның түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
шығарылымның болжанған көлемі және валютасы;
осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасы
резиденті ұйымының көзқарасы бойынша маңызды өзге де мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-1-бабының 1-тармағы1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтауын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасын;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару кезінде облигациялар шығаруға рұқсат алу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша левередж шамасының есебі қоса берілген қаржылық, оның ішінде шоғырландырылған есептілікті;
5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы
24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасы резиденті ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидалары белгіленген талаптар сақталған жағдайда, бір мезгілде эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасының резиденті ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, үшінші бөлігіндегі көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
Достарыңызбен бөлісу: |