Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет44/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы

ақпарат

  1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________

______________________________________________________________

  1. Азаматтығы __________________________________________________




  1. Жеке басын растайтын құжаттың деректері _________________________

______________________________________________________________

  1. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) __________________

_____________________________________________________________
5. Заңды мекенжайы, тұрғылықты жері, жұмыс орнының (орындарының) мекенжайы, байланыс телефоны

_________________________________________________________________________________________________________________________________


6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):


Түскен күні - аяқтаған күні

Оқу орнының атауы

Мамандығы








7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндемесі:




Еңбек ету кезеңi

Жұмыс орны

Лауазымы








8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтер:




Күні

Соттың атауы

Соттың тұрған жері

Жаза түрі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бабы

Соттың шешім қабылдаған күні

















9. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:




Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұрған жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы

Шешім қабылданған күн


















Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі толық екенін растаймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________

_______________________________________________________________

(баспа әріптермен)

Күні _____________________________

Қолы ____________________________

_______________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

«Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы қаулысы не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банкті ерікті таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерiктi қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішті;

2) таратудың себептерін міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті тарату туралы шешімі;

3) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі;

4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген өзінің қызметін (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері көрсетілген іс-шаралар тізбесі;

5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есеп;

6) банктерді аудиттен өткізу құқығын беретін тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есеп;

7) тарату комиссиясына мүшелікке кандидаттардың, оның ішінде банктердің филиалдарында не өкілдіктерінде құрылған бөлімшелердің тізімдері және басқа да қажетті мәліметтер.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;

2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;

3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.



Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Банкті ерікті түрде таратуға

рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
_____ жылғы «____» __________

№_________
Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

 

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруге

ӨТІНІШХАТ

 

_________________________________________________________________



(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

банк акционерлерінің жалпы жиналысының  

________жылғы «_____»__________________ №_______ шешіміне сәйкес

_________________________________________________________________,

(өткен орны)

банкін таратуға рұқсат беруді сұрайды.

Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді.

Банк өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дұрыстығына, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұрау салған қосымша ақпараттар мен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде беруге толық жауап береді.

Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілген құжаттардың аттары аталған тізбесі, даналар саны және әрбірі бойынша беттері көрсетілсін):_____________

«Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

Банк акционерлері атынан

уәкілетті тұлға

_________________________               _______________

                                                                          (қолы)

 

Мөрдің орны


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын

қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер

  

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – үш ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы қаулысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет бас тарту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден туралы қаулысы.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат уәкілетті органға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі, көрсетілетін қызметті алушылардың бірінші басшылары не олар болмаған жағдайда олардың орнындағы адамдар оған қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың мөрлерімен расталады.

2) көрсетілетін қызметті алушы акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;

3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудың болжамды шарттарын, тәртібі мен мерзiмдерiн белгілейтін құжат;

4) көрсетілетін қызметті алушының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.

Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы, қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын Қор және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

Қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы шешімінде қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға қатысатын әрбір көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері, қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру (сату) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге талаптары мен тәртібі қамтылады;

2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және қосылатын көрсетілетін қызметті алушының (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылардың) қайта ұйымдастыруы болжанған талаптарын, тәртібін және мерзімдерін белгілейтін құжаттар (бұдан әрі – қайта ұйымдастыру жоспары);

Қайта ұйымдастыру жоспарына мыналар кіреді:

қайта ұйымдастыруды жүргізудің негіздемелері;

көрсетілетін қызметті алушылардың ерікті зейнетақы жарналары және меншікті активтері есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың зейнетақы активтеріне қатысты әрекет ету тәртібін сипаттауды қоса алғанда, қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды аяқтау мерзімі;

қосылатын көрсетілетін қызметті алушы (қосылатын көрсетілетін қызметті алушылар) салымшыларының (алушыларының) құрылымын ескере отырып, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін төлеу және аудару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді орындауын қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының бағдарламалық-техникалық құралдарының және автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер;

қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге де ақпарат.

3) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

Қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі мынадай көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді талдауларын қамтиды:

қаржылық есептер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға қатысты тиімділік көрсеткіштерінің қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі талдауы;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдері бөлігіндегі зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель құрылымы бойынша қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі болжам;

ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталғаннан кейінгі өзгеру болжамы.

Заңды тұлғаның қосылуы жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың бірінші бөлігі 1-тармақшасындағы талаптарға сәйкес ресімделген мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі, қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушы және қосылатын заңды тұлға акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының шешімі, сондай-ақ қосылатын заңды тұлға акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі;

2) қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушының және заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру жоспары;

3) көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырудан кейінгі есептік бухгалтерлік балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамы.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қосылу жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделеді.

Осы тармақта атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушылар) мөрімен расталған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі.

Құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушылардың) осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және көрсетілетін қызметті алушы мөрімен (көрсетілетін қызметті алушылар мөрлерімен) расталады.

10. Мыналар:

1) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде салымшылар (алушылар) мүддесiнің бұзылуы;

2) болжанып отырған қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қайта ұйымдастыруға рұқсатын алу үшін ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет