50
жармасын жуады, бөртуі үшін 8-10 минут булайды, жəне қайтадан
суық суға жуады.
Қарақұмық
жармасын да табаларға салады, бөртуі үшін ыстық
суға салады, бұдан кейін тұзбен жəне дəмдегішпен араластырады,
ыстық күйінде
бөлектеп өлшеуге жібереді.
Ұн бұйымдарын қарап шығады,
бөгде қоспаларды аластайды,
қайнап жатқан суда булайды да суық сумен жуады. Дайын
консервілерде жуылған макаронға, кеспеге, вермишельге жабысып
қалмау үшін май құяды.
Ұнды металл
ұстағыштар арқылы өткізеді, майсыз бу
қазандарында немесе плиталарда қуырады (пассерлейді).
Көкөністерді (сəбіз, қызылша, капуста)
іріктейді, жуады, қарап
шығады, ластан, зақымдалған жерлерінен тазартады, ұсақтайды.
Картопты жуады, іріктейді, тексеруден өткізеді, тазалайды, екі
қайтара
жуады, турайды.
Пияз бен сарымсақты қарап шығып, тазалайды, түбір жəне
жоғарғы жағын
кесіп
тастайды, зақым келген жерін аластап жуып
көкөніс турағыштарда немесе
куттерде турайды. Басқа да қосымша
материалдарды тиісті алдын ала өңдеуден өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: