Технологиясы


 Иондаушы сəулелермен стерилизациялау



Pdf көрінісі
бет39/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125
7.3. Иондаушы сəулелермен стерилизациялау.
Қызған ауамен стерилизациялау 
Иондаушы сəулелерге катодты сəулелер - шапшаң, электрондар 
тасқыны рентген сəулелері (жиілік – 10
18
-10
19
Гц) жəне гамма-
сəулелері (10
20 
Гц) жатады. Иондаушы сəулелер жоғары бактери-
цидтік əрекетке ие жəне өнімді қыздырмай толықтай стерилзация-
лауды қамтамасыз етуге қабілетті. 
Радиоактивті сəулелердің ішінде жоғары өтімдік қабілеті бар 
гамма-сəулелердің практикалық маңызы бар. Иондаушы сəулелермен 
стерилизациялаудың ұзақтығы ондаған секундке созылады. 
Кез-келген консервілер түрлерін орап түйіп, тұмшалап жабуға 
болады. Алайда сəулелендірудің жоғары қарқыны еттің құрамды 
бөліктерінің өзгерістеріне əкеп соғады. Сонымен бірге, иондаушы 
сəулелермен өңдегенде банкілер ішіндегі өнімдер шикі күйінде қалып 
қояды, стерилизациялаудан кейін қыздырудың əдеттегі тəсілдерінің 
бірімен оны тағамдық əзірлікке жеткізу қажет. 
Қызған ауамен стерилизациялау. Бұл тəсілді көлбеу 
конвейерлерде немесе банкілер шынжырлы транспортерлермен 
жылжып, сонымен бір уақытта өз-өзінен айналатын стерилиза-
торларда, болмаса банкілер аппараттың он бойы бағытымен 
домалайтын қондырғыларды қолдануға болады. 120 °С қызған ауа 
стерилизаторда 8-10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Бұл тəсіл 
қыздыру орталығында консервіге жылу беруді күшейтуге мүмкіндік 
береді, əрі өнімнің жоғарғы қабатының күйіп кетпеуіне кепілдік 
береді. 
 
7.4. Үзіліспен жұмыс істейтін аппараттарда стерилизациялау 
Консервілерді стерилизациялауға арналған үзіліспен жұмыс 
істейтін мейлінше кең тараған аппараттардың типтері – СР, АВ жəне 
Б6-ИСА автоклавтары. Бұлар қаңылтыр жəне шыны ыдыстармен 
шығарылатын консервілерді бумен немесе сумен стерилизация-
лайтын тік жəне каңылтыр ыдыстармен шығарылатын консервілерді 
бумен стерилизациялайтын көлденең автоклавтар болып бөлінеді. 
Автоклавтардағы температура мен қысым қол күші əдісімен 
реттеледі, немесе пневматикалық электрлі бағдарламалық қондыр-
ғылар термореттеушілер арқылы жүзеге асырылады. 


60 
Стерилизациялау бөлімінде автоклавтар топ-тобымен орналас-
тырылады жəне жұмыста тасқындық жасау үшін корзинкаларды тиеу 
мен түсіруді ұйымдастыру мақсатында автоклавтардың жоғарғы 
жағыда орау, буып түю цехін, автоклав жəне сортқа бөлу бөлімдерін 
жалғастыратын тельфер жолын құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет