Технологиясы



Pdf көрінісі
бет41/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125
8. КОНСЕРВІЛЕРДІ САҚТАУ 
 
1. Сұрыптау, салқындату жəне буу, түю, орау. 
2. Консервілерді сақтауға қою жəне тиеу 
 
8.1. Сұрыптау, салқындату жəне буу, түю, орау 
Термиялық өңдеуден кейін консервілер сұрыптау, салқындату, 
буып түю, орау цехіне келіп түседі. Кейбір кəсіпорындарда 
банкілердің сыртында мүмкін болатын ластардан тазарту үшін 
оларды арнайы желілерде жуады, содан кейін барып сортқа бөлу 
жүргізеді. Оның мақсаты тұмшаланбаған жəне жарамсыз болған 
банкілерді анықтау жəне оларды сақтауға қоюға, сатуға жібермеу. 
Жарамсыз банкілердің қатарына ағыс беретін, майысқан, жіктері 
ашылған, жарықтары бар жəне лас басқандарын жатқызады. Егер 
мұндай ақаулар жоқ болса, банкілер термиялық өңдеуден өткеннен 
кейін қалыпты түрге еңуі керек. 
Консервілер банкілерінде кеңінен таралған ақаулар: қалбыр-
лардың майысуы, мұндайлар автоклав корзинасынан үлкен тобымен 
қабылдау үстеліне түсуінен пайда болады. Аздаған майысқаны бар 
тұмшалауын жоғалтпаған консервілер тұмшалауын жоғалтпаған 
стандартқа жатқызылады да, сақтауға жөнелтеді. 
Белсенді ағыс – банкілерде консерві ішіндегі тағамның сыртқа 
шыққан іздерінің пайда болуы, бұлар стерилизациялау кезінде дұрыс 
тұмшаланбаған жерден жəне жіктен шығады. Белсенді ағыстың пайда 
болу себебі банкі корпусын құрастыратын немесе жапқыш машина-
лар жұмысының дұрыс реттелмеуінен, консерві кақпақтарының 
дұрыс жабылмауынан жəне басқа да келеңсіз жағдайлардың орын 
алуынан болады. Белсенді ағыс банкілерінің салмағы жеңіл, 
мұндайлар стерилизациялаудан кейін дереу анықталғаннан соң, 
ашылады да, ішіндегі өнім шұжық өндірісіне жіберіледі. Сақтаудан 
кейін қойылған белсенді ағыс анықталған банкілер техникалық 
жағынан жарамсыз деп танылады да, жоюға жіберіледі. 
Баяу ағыс банкілердің үсті жоғары қабаттағы белсенді ағыстың 
əсерінен ластанудан болады. Баяу ағыстың банкілері тұмшаланған, 
ластанған банкілерді ыстық сумен жуады, сүртеді, сақтауға 
жіберіледі. 


62 
«Птички» – консерві өндірісінде мейлінше кең тараған ақау, 
ондайлар банкілердің түбі мен қақпағының шет тұстарының 
майысуынан пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет