73
11. БАЛАЛАР ЖƏНЕ ДИЕТАЛЫҚ ТАҒАМДАР
ШЫҒАРАТЫН КОНСЕРВІЛЕР ӨНДІРІСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ
1. Балаларға арналған ет өнімдерінің түрлері.
2. Шикізаттарға қойылатын талаптар
3. Технология.
4. Гомогенделген консервілер
5. Етті ірілеп туралған жəне езбе тəріздес консервілер
6. Дайын өнім сапасын бақылау.
Балалар жəне диеталық тағамдар
шығаратын консервілер
өндірісінің ерекшелігі. Балалар мен диеталық
тағамдарға арналған
азық-түліктер басқа қырынан ерекшеленеді.
Бұларды жасауда
балалардың өскелең организмінің (бір жастан бастап 16-17 жасқа
дейін) физиологиялық, биохимиялық жəне тамақтанудың гигиеналық
ерекшелікгері, сол сияқты ауырған адамдар дəстүрден тыс
тағамдарды қажет ететіні ескеріледі.
Балалар тағамдарына арналған консервілер, соның ішінде еттен
жасалғандары арнайы
мамандырылған зауыттарда, цехтерде жəне
бөлімдерде
жасалып шығарылады, бұлар
басқа өндірістен оқшау-
ланған жекелеген ғимараттарда ет комбинатының
территориясында
орналасуға тиіс. Ғимараттар технологиялық
жағынан жоғары
санитариялық талаптарға жауап беруі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: