ДӘРІЛІК ЖАБЫСҚАҚ ПЛАСТЫРЬДІ ЖАБЫСТЫРУ Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, астаушаны, пинцетті, антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф004 1/у) .
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз) тексеріңіз.
Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Пациентке пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз, емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Пациенттің терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз. Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.
Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.
Пациенттің терісіне пластырьді жабыстырып, үстінен жеңіл басыңыз.
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
қатты тітіркендіруі сезілмесе пластырьді 2 тәулік бойы алмайды;
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |