Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ Мақсаты



бет21/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Документ (2)

КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: астаушаны, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су моншасында» 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  3. Пациентті жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан жастықсыз жатқызыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

  6. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің қажет мөлшерін сорып алыңыз.

  7. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және пациенттен жоғары қарауын сұраңыз.

  8. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

  9. Пациент көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

  10. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

  11. Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.

  12. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

  • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

  • әр пациентке жеке тамызғыш болуы керек;

  • е гер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, алдымен көзді жуып, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

Көзге тамшы тамызу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет