Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ СЫЛАП ЖАҒУ Мақсаты



бет17/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Документ (2)

ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ СЫЛАП ЖАҒУ Мақсаты: емдік.

Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пациентке дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

  3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын (атын, дозасын, сақталу мерзімін ) тексеріңіз, тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

  4. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Пациенттің терісін ұқыпты сабындап, жылы сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  7. Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен (немесе дәке шариктері, мақта тампондарымен) теріге жағыңыз.

  8. Пациенттің терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, пациенттің терісі құрғақ болғанша, яғни дәрілік ерітінді толық тері арқылы сіңіп кеткенше сылап жағыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10.Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет