Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері



бет15/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Документ (2)

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін) тексеріңіз.

  3. Пациентке емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  4. Емшараны жүргізу үшін пациентке қолайлы қалыпта жайғасуға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Пациентке қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

  7. Теріге майды жұқа етіп жағыңыз, майды қолмен жағуға болмайды, өткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

  8. Пациенттен май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10.Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

11.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. ТЕРІГЕ МАЙДЫ СЫЛАП ЖАҒУ Мақсаты: емдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет