Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері



бет14/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Документ (2)

МАЙЛЫ ТАҢҒЫШТЫ ҚОЮ


Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шпательді, салфетканы, мақтаны, бинтті, қайшыны, майды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын

(атын, сақталу мерзімін) тексеріңіз.

  1. Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  2. Пациентке емшара жүргізу үшін ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Залалсыздандырылған шпательді қолдана отырып, залалсыздандырылған салфеткаға қажетті мөлшердегі майды жағыңыз.

  5. Май жағылған салфетканы пациенттің терісіне қойып, салфетканың үстінен кішкене қабаттап мақта қойыңыз.

  6. Салфетканы дәке немесе бинтпен ораңыз.

  7. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

11.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12.Таңғышты қанша уақыт ұстау қажет екенін пациентке ескертіңіз. ТЕРІГЕ МАЙДЫ ЖАҒУ Мақсаты: емдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет