Ершік – доғалы жегін кезіндегі қажетті бөлшек. Оның үстінен жүретін бел қайыс арқылы хамытпен доғаны бекітіп ұстап тұрады да, жылқының дертелер арасында дұрыс орын алуын сақтап және түскен жүк кұшінің елеулі бөлігін жегін малының беліне түсіру үшін қажет. Мінгі жылқылары үшін ер-тоқымның пайдалану ережелеріне сай болуы маңызды рөл атқарады. Ерттеу кезінде алдымен терлікті тексереді. Ол жұмсақ, құрғақ, ат беліне бататын түйірлі немесе жұқа, ойық жерлері болмауы керек. Ер-тоқымды жылқының сол жағында тұрып беліне салады да, сәл алға жүргізіп, қайта жүнін жығу үшін артқа жылжытып, орналастырып, айылдарын тартып бекітеді. Алдыңғы айылын тартқаннан соң арасына бір саусақ, ал артқы айылдың астына жалпағынан үш саусақ өтетіндей болуы керек. Ер-тоқымды ерттегеннен кейін үзіңгілерін тексереді. Олардың үзеңгісімен таралығысының ұзындығы атқа мінетін кісінің қолының ұзындығындай болуға керек.
Дертелердің ұзындығы, жылқының артқы тірсегін көлік соғып жарақаттамау үшін, оның денесінің ұзындығынан артық болуы (30-40 см) керек.
Хамыт-сайман мен ер-тоқымның қайыс бөлшектері қатып, жылқының денелеріне батып, жарақаттамау үшін, оларды тексеріп, жұмсартып (уқалап, соғып) жұмыстан соң майлап қояды.
Алыс жолдарға жүк тасымалдау кезінде жегілген жылқыға, әрбір 18-20 шақырымнан соң, дем алдырып, азықтандырады. Ондай мүмкіндіктер жоқ жұмыстарда (жер жырту) әр сағаттан соң 5-10 минут дем алдырады.
Жұмыс және спорт-ойын атарына мал-дәрігерлік мезгілді бақылау жүргізілуі керек. Әсіресе жылқының физиологиялық нормадан ауытқуын дер кезінде анықтау керек (дене температурасының өзгерісі, қантамырларының соғысы, тыныс алу жиілігі т.б. тыныштықта және күш түскенде).
Тәжірибелік сабақ №25. Бройлер-балапандарды өсіру гигиенасы. Бройлер-балапандарды еден және клетка орындарына ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
1)Балапандардың гигиенасы
Басылып шыққаннан соң жаңа партиясын қабылдаудың алдында қораны оның ішіндегі жабдықтарды түгелдей мұқият тазалап, дезинфекциялаудан өткізеді және ол кезде профилактикалық үзілістердің мезгілдерін сақтауды қадағалайды. Балапандарды клеткаларға орналастырмастан бұрын керекті биіктікте азық және су науаларын орнатады (су үшін таяз табақшалар қойылады) да клеткалардың астына, балапандар аяғын жарақаттамау үшін, қатты қағаз (картон) төсейді.
Балапандарға жасалған, алғашқы күндердегі күтім мен көректендіруі, олардың өсіп дамуына және алдағы өнімділігіне үлкен әсерін тигізетіндігі белгілі. Әсіресе осы алғашқы екі апта бойына оларға қалыпты температуралық режим жасау қажет. Балапандарды қабылдаудан 3-4 тәулік бұрын қорадағы жылыту жүйелерінің жұмысын тексереді де, балапандарды орналастырудан 2 тәулік бұрын олар тұратын бөлмелердің ауасының температурасымен ылғалдылығын қалыпқа келтіріп қояды. Балапандардың алғашқы 2 апталық кезінде организмдерінде жылу қалыптау (терморегуляция) процесстері жұмысты жеткілікті түрде жасай алмайды да, сәл температураның ауытқып, өзгеруі оның денесіне зиянды әсерін тигізеді де ауру тудырады, өлім-жітімге ұшыратады.
Балапандар бір-біріне тығылып, тар жерге жиылып, бүрісіп және шиқылдаған дыбыстар шығарса, ауа температурасының төмен екендігін көрсетеді де, оларды жылыту керек екенін білдіреді. Егер балапандар клетканың алдыңғы жағына жиналып, жиі-жиі дем алып, аузын ашып, суды көп ішсе, оларға температураны төмендету қажет екендігін көрсетеді. Бірақ ауа температурасын олар үшін өте шұғыл өзгертуге болмайды. Жоғары және төменгі температуралардың бір-біріне ауысуы, олардың өсіп-дамуын екі есе тежейді.
Құс қораларын арнайы автоматты түрде басқарылатын желдеткіштермен қамтамасыз етіп, ондағы микроклиматтың негізгі көрсеткіштерін қалыпты межеде ұстап тұруы қажет.
Балапандарды өсіру кезінде олардың жарықпен қамтамасыз етуі өте үлкен роль атқарады. Жарықтандыру режиміне байланысты балапандардың дамуы сатысында, жарықтандырудың ұзақтығы белгіленген бағдарлама жасалады.
Жас құстарға арналған қоралардың жарықтануын қалыптау арқылы, олардың жыныстық жетілуін тездетіп немесе тежеу арқылы жұмыртқалауын керекті бағытта жүргізуге болады.
Жас өнімдік құстарды өсіру кезінде оларға берілетін тәуліктік жарықтың мөлшері 8-9 сағатқа дейін белгіленсе, жұмыртқалайтын құстар үшін 17-18 сағаттан кем болмауы көзделеді. Мұндай жарықтандыру режимі жас шібилердің өсіп-дамуына бөгет болмай, ал мезгілсіз жыныстық жетілуін тежеп, олардың алдағы өнімділігінің жоғарлауына жағдай жасалады. Жарықтандыру мерзімінің ұзақтығы автоматты құрылымдардың көмегімен бекітілген бағдарламаға сәйкес басқарлып отырады. Балапандардың алғашқы екі аптасында олар тұрған орын жарық (50 люкстен төмен емес) жан-жағын жобалап, азық жеп және су ішуіне жағдай жасалады. Екі апталық жасынан кейін балапандарға жарық беруді біртіндеп азайта бастайды (10 лк). Балапандардың басылып шығысымен неғұрлым ерте азықтандырса, солғұрлым жұмыртқа сарысы (желток) тез ыдырап, балапандардың өсіп-дамуы артып, сақталу пайызы жоғарлайды.
Балапандарда алғашқы төрт тәулікке дейін арнайы жасалған рационмен (нольдік) азықтандырады. Оның құрамына тез сіңірілетін көректі заттары бар ұнтақталған, түйірі 1-2 мм бидай, жүгері, бұршақ, құрғақ обрат т.б. кіреді. Бұл нолдік рационның құрамына минералды заттар (мел, сүйек ұны т.б.) енгізілмейді.
Ұлғайған балапандар мен ересек құстарға толық құнарлы құрама азықтармен көректендіріп, оның құрамына жүгері, бидай, арпа, тары, жарма, күнбағыс шроты, балық және ет-сүйек ұндары, құрғақ обрат, шөп ұны, витаминдер, лизин, метеонин, антиоксидант, кокцидиостатиктер, микроэлементтер т.б. қосылады.
Балапандардың қалыпты өсіп-дамуын бақылау үшін оларды белгілі бір жастарында: тәуліктік, 4, 9, 13, 17 және 21 апталық кездерінде өлшеп, оның нәтижесін стандартты көрсеткіштермен салыстырады.
Жұмыртқалау басталған кезде жас табынның 10-15 %-ын ірі тұқымды құстарға арналған құрама азыққа біртіндеп ауыстырады. Ол үшін 1-ші аптада жас шибиларға құрама азықтың ірі құстарға арналған жем мен 25 %, екінші аптада – 50 %, үшіншіде – 75 %, ал төртінші аптадан бастап, егер табын бойынша жұмыртқалау 35-50 % болса, толықтай үлкен тауықтардың рационына ауыстырады.
Жас құстарды көп сатылы (фазалы) тәсілмен өсіру кезінде оларды қайта ауыстырып орналастыру технологиясы қолданылады. Жас құстарды ұстағанда оларды жарақаттап алмай және жаңа орындарға үркітпей сақтықпен ауыстырады. Ондай күндері олардың арасында күйзеліс жағдай туғызбау үшін, басқадай шаралы жұмыстар жүргізілмейді.
Жас құстарды ауыстырып орналастыру технологиясының 60, 90 және 140 күндіктеріндегімен салыстырғанда 120 тәуліктік жасындағы шыбилар сыртқы ортаның әртүрлі факторларына төзімді болатындықтан, бұл мезгілде алмастыру тиімді болып саналады.
Құстарды бір орыннан ауыстырып орналастыру кезінде олардың организміне негізгі үш стрессор факторлар әсерін тигізеді. Олар біріншіден құстарды ұстау кезінде пайда болатын фактор, екінші – басқа қораға – клеткаларға апару, үшінші – жаңа орындағы жағдайдың сәйкеспеуі. Еттік балапандарды (бройлер) өсіру технологиясының ерекшелігі болмайды. Оларды қалың төсеніште және клеткалы батареяларда өсіреді: Бройлерлерді ірі партиялармен (10 және 20 мыңнан) қалың жиналмайтын төсеніштерде өсіру үшін арнайы құрылымдарды «Бройлер-10» және «Бройлер-20» пайдаланады. Әрбір белгіленген бройлер құрылымға бір жастағы құстарды 500 бастан бөліп, арнайы жылытқыш «Брудерлерге» орналастырады.
Жылытқыш электр-брудерлерден балапандардың шығып кетпеуі және суыққа ұрынып қалмауы үшін оның шетінен 60-70 см алшақтықта арнайы материалмен (комплектідегі) қоршайды. Балапандарды бұл кездерде арнайы арықша науалардан немесе арнайы вакумды автосуарғыштардан суарады.
Балапандарды басып шығарғаннан кейін 8-12 сағаттан кешіктірмей азықтандырып, суғарады. 4-10 тәуліктен соң қоршауды алып тастап, автоматты азықтандырғыштар мен ағын суарғыштарға еркін баратын жол ашады. Ол кезде брудерлерді көтеру уақытын, мұқият балапандардың жасына қарай, қадағалап, қалыпты температураны ұстап отырады.
Балапандарды алғашқы өсіру кездерінде күніне бірнеше рет брудердің қалқаншасын көтеріп немесе түсіріп отырып оның астына көмірқышқыл газының жиналып қалмауы үшін, желдетіп отырады.
Бұл кезде әлсіз, өсуі тежелген балапандарды іріктеп бөліп алып отырады.
Еттік балапандарды тәуліктік жасынан бастап сеткалы (торкөзді) едендерде брудерсіз ұстап өсіру де қолданылады. Бұл кездерде құс қораның ауасының температурасы алғашқы 5 тәулік бойына 32-34ºС ұстап тұрады. Еттік бағыттағы балапандарды сеткалы едендерде ұстап өсіргенде оның бір артықшылығы союға жіберілетін шібиларды тасымалдау оңай механикаландырылады. Етке бағытталған балапандарды клеткаларда өсірген кезде, олардың орындарының сиымдылығы құстың тұқымы мен жасына байланысты өзгерісте болады. Бройлерлік балапандарды клеткада өсіргенде өндірістік қора бөлмелерін пайдаланудың тиімділігі 3-4 есе жоғарлайды, 1,4-1,5 есе еңбек өнімділігі артады.
Бройлерлі балапандарға рационды екі мезгілге жасайды: бірінші 1-4 аптадағылар үшін – бастама (стартты) рацион, екінші 5 апталық жастан соң сөре (финишті) рационы.
Бройлері балапандарды орындарын ауыстырмай өсіру үшін арнайы типті клетка батареяларын пайдаланады. Бройлер-балапандарды ұстау және тасымалдау ережелерін мұқият сақтау қажет құстарды ұстау және тасымалдау кездерінде денелерінде көптеген жарақаттар түсіп, оларды сойғанда тері астында қан құйылған, ісіктер кездесіп, кейде сынықтарда байқалып, өнімінің сапасын төмендетеді. Құстарды қуып ұстау, тасымалдау кездерінде олар күйзеліске (стресс) ұрынып, бұлшықеттер арасында глюкогендердің ыдырауы күшейіп, еттің РН (қышқылдығы) жоғарлайды да ет тығыз, құрғақ, қатайып және қызыл-күрен түске боялады. Ондай етте шірік микроорганизмдер өсіп-өнеді де етті ұзақ сақтауға жарамсыз жасайды.
Тәжірибелік сабақ №26.Өнімідік тауық төлдерін өсіру гигиенасы. Өнімідік тауық төлдерін ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
1) Құс қораларының микроклиматы
Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.
Кесте 18. Құстардың қорасындағы бөлмелердің еденде ұстаған кезде рұқсат етілген сиымдылығы
Құстардың түрі мен жас тобы
|
Сиымдылығы, бас
|
Өнімдік
|
Тұқымдық
|
Ірі құстар
|
Тауықтар
Күрке тауықтар:
Аталық
Аналық
Үйректер
Қаздар:
Аталық
Аналық
Табиғи шағылысуда
|
2000
-
-
-
-
-
-
|
500
100
150
100
120
100
250
|
Ересек құстар
|
Өнімдік жас құстар
Бройлерлер (еттік)
Ересек күрке тауықтар
Ересек күрке қаздар
Ересек күрке үйректер
|
2500
5000
250
250
300
|
1000
-
250
250
100
|
Кесте 19. Құстарды едендерде ұстаған кездегі орналасу орындарының нормасы
Түрі мен жас тобы бойынша
|
Әр м² еденге шаққандағы саны
|
1
|
2
|
Ірі құстар
|
Ет тұқымды тауықтар
|
4,0-5,0
|
Күрке тауықтар
|
1,5-2,0
|
Үйректер
|
2,5-3,0
|
Қаздар
|
1,0-1,5
|
Өнімдік бағыттағы жас (ересек) құстар
|
Тауықтар:
|
|
1-18 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)
|
9,0
|
19-26 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)
|
5,0-5,5
|
1-7 тәуліктік (жынысқа бөлінбегенде)
|
14
|
Күрке тауықтар:
|
|
1 апта
|
4,0
|
1-17 апта
|
2,0
|
18-36 апта
|
3,0
|
Үйректер:
|
|
1 апта
|
8,0
|
1,0-18 апта
|
3,1
|
Қаздар:
|
|
1 апта
|
4,0
|
1-10 апта
|
3,0
|
10-27 апта
|
3,0
|
Ет бағытындағы ересек құстар
|
Балапандар:
|
|
1 аптада
|
25,0
|
1-10 аптада
|
18,0
|
Күрке тауықтар:
|
|
1 аптада
|
5,0
|
1-10 аптада
|
3,0
|
Қаздар:
|
|
1 аптада
|
8,0
|
1-10 аптада
|
4,0
|
Қысқа мезгілде (тәулік ішінде 4 сағатқа) ауа температурасының жоғарлауына рұқсат етіледі, бірақ жалпы орта есеппен 33ºС жоғары көтерілмеуі керек (кесте 21).
Құс қораларының ауасының температурасының төмендеуі құстың энергияға сұранысын арттырып азық шығының жоғарлатады да, ал температураның жоғарлауы белгілі бір мөлшерге дейін азыққа құстың сұранысын төмендетеді.
Сондықтан ауа райы ыстық аймақтарда құстың азыққа сұранысы азайып, оларға қажет көректі заттармен организмді қамтамасыз ету қыйынға түседі.
Кесте 20. Құстарды клеткалы орындарда ұстау кезіндегі сиымдылық орнының нормасы
Құстар тобының түрі және жасы
|
Клеткалы батереяның 1 басқа есептегендегі ауданы, см²
|
Жынысы бойынша бөлінбегенде
|
Ұрғашысы
|
Еркегі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ірі құстар:
|
Жұмыртқалайтын тауықтар:
|
|
|
|
Жекелеп ұстағанда
|
-
|
1050
|
1575
|
Топтап ұстағанда
|
1000
|
-
|
-
|
Еттік тұқымды тауықтар
|
870
|
-
|
-
|
Күрке тауықтар
|
-
|
1200
|
8000
|
Өнімдік ересек құстар:
|
Жасы: 1-9 апта
|
-
|
270
|
300-325
|
10-17 апта
|
-
|
400
|
450
|
өндірісте: 1-4 апта
|
145
|
-
|
-
|
5-8 апта
|
270
|
-
|
-
|
10-17 апта
|
300
|
-
|
-
|
Ірі тауықтар (еттік)
|
-
|
545
|
620
|
Күрке тауықтар жасы:
|
|
|
|
18-33 апта
|
-
|
1100
|
1200
|
Етке арналған құстар:
|
Бройлерлер. Жасы 1-9 апта
|
290
|
-
|
-
|
Күрке тауық бройлері 1-8 апта
|
500
|
-
|
-
|
Үйрек бройлері 1-7(6) апта
|
750-800
|
-
|
-
|
Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың жұмыртқасы 18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 % жоғарлайды. Құстар организміне жоғарғы температураның зиянды әсерін азайтудың жаз айларында, бірден-бір тиімді жолы қорадағы ауа қозғалысының жылдамдығын жоғарлатып (2,0-2,5 м/сек) организмнен жылу тарауын арттыру болып есептеледі.
Құс қораларының ауасының ылғалдылығының жоғарлауы азықтағы көректі заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып соғады. Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен қораларда болуы оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50 % төмен болғанда
Кесте 21. Құстардың және негізгі балапан шығаратын қоралардың (инкубатор) микроклиматы
Құстар түрі және жас тобы
|
Температура, град.
|
Салыстырмалы ылғалдық, % ылғалдық, ылғалдылық
|
Ауа қозғалысы, м/сек суық кезде
|
Шудың шекті мөлшері, дт
|
Шаң-тозаң шегі, мг/м³
|
Көмірқышқыл газы, %
|
Аммиак мг/м³
|
Күкіртті сутегі, мг/м³
|
Еденде ұстағанда
|
Клет-када
|
еденде
|
Жылыт-қанда
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Ірі құстар:
|
Тауықтар
|
16-18
|
-
|
16-18
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2-5
|
0,20
|
10
|
5
|
Күрке тауықтар
|
16
|
-
|
-
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2,5
|
0,20
|
10
|
5
|
Үйректер
|
14
|
-
|
-
|
70-80
|
0,5-0,8
|
90
|
2-5
|
0,20
|
10
|
5
|
Қаздар
|
14
|
-
|
-
|
70-80
|
0,5-0,8
|
90
|
2-5
|
0,20
|
10
|
5
|
Жас тауықтар:
|
1-4 апта
|
28-24
|
35-22
|
33-24
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
5-11 апта
|
18-16
|
-
|
18
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
12-22 (26) апта
|
16
|
-
|
16
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
Бройлерлер:
|
1 апта
|
28-26
|
35-30
|
32-28
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
2-3 апта
|
22
|
26-29
|
25-24
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
4-6 апта
|
20
|
-
|
20
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
7-9 апта
|
18
|
-
|
18
|
60-70
|
0,3-0,6
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
Жас күрке тауық:
|
1 апта
|
30-28
|
37-30
|
35-32
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
2-3 апта
|
28-22
|
28-24
|
31-27
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
4-5 апта
|
21-18
|
25-21
|
26-22
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
6-17 апта
|
20-17
|
-
|
21
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
18-30 апта
|
16
|
-
|
18
|
60-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
Жас үйректер:
|
1 апта
|
26-22
|
35-26
|
34-24
|
65-75
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
2-4 апта
|
20
|
25-22
|
24-20
|
65-75
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
5-8 апта
|
16
|
-
|
18
|
65-75
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
9-26 апта
|
14
|
-
|
14
|
65-75
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
Жас қаздар:
|
1-3 апта
|
26-22
|
30
|
30-22
|
65-75
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
4-9 апта
|
20-18
|
-
|
20-18
|
65-70
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
10-39 апта
|
14
|
-
|
14
|
70-80
|
0,2-0,5
|
90
|
2-5
|
0,2
|
10
|
5
|
Инкубация бөлмесі:
|
-
|
20-22
|
-
|
50-70
|
0,3
|
-
|
0,5
|
0,1
|
-
|
-
|
Босатын бөлмесі
|
-
|
20-22
|
-
|
50-70
|
0,3
|
-
|
1,0
|
1,0
|
-
|
-
|
Өңдеу бөлмесі
|
-
|
24-26
|
-
|
60-65
|
0,2
|
-
|
1,0
|
0,05
|
-
|
-
|
Сақтау бөлмесі
|
-
|
28-30
|
-
|
60-65
|
0,5
|
-
|
1,0
|
0,2
|
-
|
-
|
құстардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, қауырсындарының сынғыштығына апарып соғады. Ауа ылғалдығы 35 % дейін төмендесе құстар арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда жоғары болады. Ондай жағдайда ауаның ылғалдылығын қалыпты мөлшерге дейін көтеру, ауаның шаң-тозаңын басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын арттырып және өсу салмағын жоғарлатады.
Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерін тауықтар, күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының ауасында 75 пайызға дейін, ал үйректермен қаздар үшін 85 пайызға дейін жоғарлатуға рұқсат етіледі. Ауа райының суық кездерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ересек тауықтар мен күрек тауықтардың қораларында 40-50 % дейін, ересек қаз және үйректерге – 60 %, ал олардың жас шібилері үшін – 50 % дейін төмендетуге болады.
Жылдың суық мезгілдерінде қора ауасының қозғалысының жылдамдығы – 0,5 м/сек жоғары болмауға тиіс.
Құстардың қораларының ауасында аммиактың мөлшері қалыптан көп болса, олардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, мазасыздандырып және көз кілегей қабатына сіңіп көз ауруы-кератоконьюнктивит (аммиакты токсикоз) туына әсер етеді. Әсіресе бұл ауру жас құстарда басқа вирусты және бактериялық инфекциялармен қосылып (инфекциялық ларинготрахеит, бронхит т.б.) жиі өлім-жітімге ұшыратып, шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді.
Егер, құстардың қораларының ауысындағы аммиактың мөлшері қалыпты болғандағы (15 мг/м³) өнімділігін 100 % тең деп бағалаған болсақ, ауадағы газдың мөлшері 30 мг/м³ дейін көтерілсе жұмыртқалауы 21,8 % төмендеп, өлім-жітімге ұшырауы – 2,2 есе жоғарлап, ал аммиактың концентрациясы әр куб.м ауада 40 мг дейін ұлғайса, жұмыртқа – 37,3 % келіп, өлім пайызы – 3 есеге артады. Құстардың денсаулығы мен өнімділігіне ауаның шаң-тозаңдар және микроорганизмдермен ластануы да айтулы әсерін тигізеді. Қора ауасындағы шаң-тозандардың мөлшері жоғарлаған кезде ауа желдеткштерінің қуаты – 18-20 % төмендеп, жылу құбырларының (калориферлердің) өткізгіштік қасиеттері – 40-60 % азаяды.
Құс қораларындағы қалыпты микроклиматты (оптималды) қамтамасыз ету үшін таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған ауаны төменнен шығарып отыратын тиімді ауа алмастыру жүйелерін, көбінесе механикалық түрлерін пайдаланады. Құстардың таза ауаға сұранысы басқа сүт көректі малдармен салыстырғанда, әр кг тірі салмаққа шаққанда, екі есе артық болады. Сондықтан ауа алмастыру жүйелерінің жеткіліксіз жұмыс жасауы құстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді (кесте 22).
Құс қораларындағы технологиялық процесстерді жаппай механикаландырудың салдарынан өндірістік шудың молайып, олардың өніміне және жұмыртқа сапасына теріс әсерін тигізеді. Шудың мөлшері 90 дБ болып, бір сағат бойына әсер етсе жұмыртқалайтын тауықтар стресс жағдайға ұшырап, алынған жұмыртқалардың беріктілігі төмендеп, сынуы 4,6-12 % дейін көбейеді. Сондықтан құс қораларындағы өндірістік шулардың мөлшері 60 дБ жоғары болмай, қысқа мерзімдерде 90 дБ аспауы керек.
Қорадағы жарық шамасы құстардың жыныс бездерінің қызметін (функциясын) арттырып, жұмыртқалауын жоғарлатады. Сондықтан құс қоралары қалыпты жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін табиғи тәсілмен жарықтандырумен қатар жасанды жолдармен – электр шамдарын орнату арқылы жарықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |