Дәріс №1. Кіріспе. Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсірудің ерекшеліктері. (1сағат)


Кесте 22. Құс қораларындағы ауа алмастырудың төменгі шекті мөлшері, әр кг тірі салмаққа шаққанда м³/сағат



бет11/12
Дата16.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#139857
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Кесте 22. Құс қораларындағы ауа алмастырудың төменгі шекті мөлшері, әр кг тірі салмаққа шаққанда м³/сағат


Құстардың түрлері мен жас топтары

Жыл мезгілдері

Суық

Жылы

Ересек құстар:

Жұмыртқалайтын тауықтар (клеткада)

0,70

4,0

Ет тұқымды тауықтар (еденде)

0,75

5,0

Күрке тауықтар

0,60

4,0

Үйректер

0,70

5,0

Қаздар

0,60

6,0

Жас құстар:

Жұмыртқа алуға арналған:







Жасы 1-9 апталық

0,8-1,0

5,0

10-22 апталық

0,75

5,0

Еттік тұқымды:







1-9 апталық

0,75-1,0

5,5

10-26 апталық

0,70

5,5

Бройлерлі балапандар:

1-8 апталық (клеткада)

0,7-1,0

5,0

1-9 апталық (еденде)

0,7-1,0

5,5

Жас күркетауықтар, қаздар, үйректер:

1-9 апталық

0,65-1,0

5,0

9-аптадан жоғары

0,60

5,0

Құс қоралырында зоогигиеналық норматив бойынша жарық коэфициенті, яғни жарықтанатын еденнің ауданын, жарық түсетін терезелердің әйнектерінің ауданына қатысы 1:8 ден 1:12 дейін болып, ал еттік бағытта ұстайтын құстарда 1:20 болуы қажет. Құстар қораларын жарықтандырудың бағалауы тек жарық мөлшерімен ғана емес, жарықтанудың ұзақтығымен де жүргізіледі. (кесте 23)

Құс қораларында жарықтанудың ұзақтығы тәулігіне 12-13 сағат болуы қажет. Ондай шаманы, әсіресе қыс айларында жасанды жарық көздері арқылы қамтамасыз етеді. Қосымша жарықтандыруды қазан айынан тәулігіне 2 сағат, қантарда 5-7 сағат пайдаланып, наурызда тоқтатады.

Құстарды клеткада ұстағанда, әсіресе жұмыртқалайтын тауықтарға жарық шамасы жеткіліксіз болып, денсаулығы нашарлап, өнемі төмендемеу үшін балық майын беріп, ультра-күлгін сәулелерін арнайы шамалардың көмегімен эритемді (ЛЭ-15, ЛЭ-30) және тікелей сынапты – кварцты құрылымдарды пайдаланады.


Кесте 23. Құстарға арналған қораларды жарықтандыру нормасы


Қоралар түрі

Табиғи жарықтандыру

Құстар орналасқан зонаға жасанды жарықтандыру, лк

Табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК), %

Жарық коэффициенті

(ЖК)


Күндізгі жарықтық электрошамдар

Қалыпты электр шамы

Ересек құстар үшін:













Еденде ұстау (еден үсті)

0,7

1:10-1:12

75

30

Клеткада ұстау (азық жолы)

0,7

1:10

70

30

Бройлерді клеткада және еденде

0,35

1:20

20

75

Жас құстар

1,0

1:8-1:10

20

75

Инкубациялау залы

0,8-1

1:15-1:20

75

30

Сынапты – кварцты ДРТ-400, ДРТ-1000 типті шамдар қорада немесе клетка батареяларының аралығында 0,5 немесе 1 м минутына жылдамдықпен өздігінен жүріп тұратын құрылымға орнатылады. Механикаландырылған батареяларда шамдар азық таратқыштарға бекітіледі. Көбінесе азық таратқыш рамаға еденнен 0,9 және 2 м биіктікте екі шам бекітіледі.

Өте қолайлы болып ЛЭ-15, ЛЭ-30 типті эритемді шамдар есептеледі. Оларды еденнен 2,0-2,5 м биіктікте бір шамға 15-20 м² ауданнан есептеп, тұрақты бекітіледі. Мұндай құрылыммен жұмыртқалайтын тауықтарды тәулігіне сәулелендіру ұзақтығы 6-8 сағат, қора ауасының ылғалдылығы жоғары, температурасы 10 ºС төмен болса, эритемді шамдар нашар жұмыс істейді.

2) Инкубациялаудың (балапан басудың) гигиенасы

Инкубациялау процессі мынандай операциялардың жинағынан тұрады: инкубацияға жұмыртқаларды дайындау (сапасы бойынша сортау және салмағы бойынша бөлу, дезинфекциялау және сақтау); инкубациялау (инкубациялаудың режимін, эмбриональдық дамуын биологиялық бақылау); шыққан балапандарды іріктеп, сорттау; инкубаторды, жабдықтарды және бөлмені тазалау, жуу және дезинфекциялау.

Инкубациялаудың нәтижесі шыққан балапандардың денсаулығы инкубациялауға алынған жұмыртқаларының сапасына тікелей байланысты болады.

Инкубациялауға арналған жұмыртқаларды таза ыдысқа жинайды. Жалпы жұмыртқалар алғашқы да таза болғанымен құс қораның ауасы суыған кезде шаң тозаңды үстіне сіңіріп (ваккумның әсерінен) кірлейді. Жұмыртқа қабығына қонған микробтар, алғашқы 3-4 сағат аралығында қарқынды түрде өтеді де, дезинфекциялауға қыйындап, жұмыртқаны зақымдап, бұзылуына апарып соғады.

Мұндай жұмыртқаларды инкубациялаудан өткізгенде балапандардың эмбрионалдық шығыны артады. Сондықтан бастыратын жұмыртқалардың сапасы жоғары болу үшін құс ұяларды таза болып, жұмыртқаны уақытында (тәулігіне үштен кем емес) жинап отыру қажет және олардың қабығын дер кезінде дезинфекциялаудан (жинаудан соң 2-3 сағаттан кешіктірмей) өткізу керек. Жиналған жұмыртқаларды сол күні құс қорадан инкубаторға немесе қалыпты жағдайдағы жұмыртқа сақтайтын қоймаға жіберіледі.

Жұмыртқалардың ұяларда немесе құс қорада ұзақ уақыт (1 тәуліктен артық) қалуы, әсіресе жоғарғы ауа температурасында (23ºС жоғары) және төменгі ылғалдықта (70 % төмен) олардың тез бұзылуына әсер етіп, соның нәтижесінде инкубациялардың алғашқы күнінде-ақ ұрық кезінде өліп қалады.

Жұмыртқаларды тасымалдағанда оларға жоғарғы (28ºС жоғары) және төменгі (7ºС төмен) температураның әсері тимеуі керек, өйткені ол ұрықтың дамуына теріс әсер етеді. Тасымалдау кезінде жәшікшенің шұңқырына тұйық басын жоғары қаратып, тігінен орналастырады. Сонда жұмыртқаның қыйсайып бұзылуынан сақтап оның бракқа шығуы кемиді. Мұнымен қоса жұмыртқаны тасымалдау кезінде селкілдейтін, қатты соғылыстан қорғау қажет. Өйткені ондай кезде жұмыртқаның сынуы көбейіп, бракқа шығуы артып қана қоймай, оның ішкі ауа камерасы шайқалып, бұзылып, пішіні деформацияланады (өзгеріп қыйсайды).

Жұмыртқаларды дезинфекциялаудан өткізу инкубациялау процесінің ең қажетті бір бөлігі болып саналады. Бұл мақсатта формальдегид, йод, хлорамин, сүт қышқылы, сутегінің қос тотығы, озон, ультракүлгін сәулелерін т.б. пайдаланады.

Жұмыртқаларды тапқан уақытынан бастап инкубаторға салғанға дейінгі сақталу мерзімі 6 тәуліктен аспауы қажет. Жұмыртқа сақталатын орындардың (қойма) ауасының температурасы 8-15 ºС, ылғалдығы 75-80 %, ал ауаның бір сағатта алмасуы 5 реттен кем болмауы керек. Жұмыртқаларды сақтау мерзімін ұзарту балапандардың шығуын, әр келесі сақталған күнге шаққанда 2-3 % төмендетеді.

Инкубациялауға алынған жұмыртқалардың сарысында белгілі мөлшерде витамин болып, пішіні дұрыс, салмағы стандартқа сай (тауықтар жұмыртқасы – 50-65 г, қаздікі 120-180 г, үйректікі – 70 - 100г, күрке тауықтыкі – 70-90 г, цесарканікі – 35-45 г) болуы керек.

Аналық табынның құстарын құнарсыз азықтармен көректендіру (витаминдердің, микроэлеменнтердің т.б. жетіспеушілігі) эмбрионалды кездегі, әсіресе инкубациялардың орта мезгілінде, өлімді арттырады. Ол кезде эмбрионалдық дистрофия (сирақтары қысқарып, буындары жуандап, аяқ бұлшық еттері өспей, дамуы тежеліп т.б.) туады.

Басылып шыққан балапандардың денсаулығына тек қана инкубациялауға алған жұмыртқалардың сапасы ғана әсер етіп қоймай (сақтау мерзімінің ұзақтығы, витаминдер мен микроэлементтердің мөлшері т.б.) оның инкубациядағы режимде (артық немесе жетіспейтін температурамен ылғалдылық режимі) маңызды роль атқарады.

Жұмыртқалардың басылып шығу кезіндегі ішкі ұрығының қалыпты өсіп-дамуы белгілі бір температурада, ылғалдылықта, газ алмасуда және мезгілді инкубациядағы жұмыртқаны айналдыруға тікелей байланысты болады.

Жұмыртқаларда ұрықтың (эмбрион) өсіп-дамуының қалыпты (оптималды) температурасы 37-38ºС, төменгі температурада эмбрионның өсуі тежеліп, ұрықта әртүрлі бұзылыстар кездеседі, ал жоғарғы температура жиі ұрықтың өлуіне апарып соғады (кесте 24).



Инкубациялаудың бірінші жартысында жұмыртқалардың басылуы едәуір қызулы жүреді. Ал екінші жартысында физиологиялық жылу бөлінеді де инкубаторлардағы температура мен ылғалдылықты төмендетеді де, ауа алмасуды ұлғайтады. Балапанның басылып шығу кезінде жұмыртқа ішінің температурасы 38, 7-41ºС көтеріледі де, оның қызуынан сақтандыру үшін ауа қозғалысының жылдамдығын жоғарлатады. Эмбрионның алғашқы өсуіне қажетті төменгі (миниальды) температура – 26-27ºС.
Кесте 24.Инкубациялаудың (басудың) режимі


Көрсеткіштері

Жұмыртқалары

Тауық

Үйрек

Күрке тауық

Қаз

Бөдене

1

2

3

4

5

6

Инкубациялау кезінде:

Температура, º

37,7

37,8

37,7

38,1

37,5

Салыстырмалы ылғалдылық, %

53

53

53

53

60

Психрометрдің суланған термометірінің көрсетуі, ºС

28,5

28,5

28,5

28,5

30,2

Тәуліктік жұмыртқа салған ыдысты айналдыру саны

12

12

12

12

12

Шығару кезінде:

Температура, ºС

37

37

37

37

37

Салыстырмалы ылғалдылық, %

78

80

80

80

70

Суланған термометрдің көрсетуі, ºС

33,2

33,4

33,4

33,4

32,2

Шығарудың соңында:

Температура, ºС

36

36

36

36

36

Салыстырмалы ылғалдылық, %

60

70

60

60

60

Суланған термометрдің көрсетуі, ºС

30,2

32,2

30,2

30,2

30,2

Эмбрионның өсуіне жағымсыз температураның шегі 41ºС. Эмбрионның кейбір өсу сатыларында оның температураға сезгіштігі жоғарлайды, әсіресе жұмыртқаның басылуының 15 тәулігінен кейін. Суда жүзетін құстардың жұмыртқалары жоғарғы температураға ерекше сезімтал келеді. Ылғалдылық жоғары болғанда, әсіресе инкубациялаудың екінші жартысында балапанның шығу мерзімі созылып, олар кішкене болып, жарылған (тесілген) қабықтан шыға алмайды, ал төменгі ылғалдық кезінде жұмыртқа іші құрғап, ұрық өсіп-дамудан тежеліп, балаппанның жұмыртқаны жарып шығуы қыйынға түседі.

Инкубациялау мерзімінің ұзақтығы тауықтарда 21 тәулікке, үйрек, күркетауық және цесаркада – 27, қаздарда – 30 тәулікке созылады.

Өсіруге балапандарды іріктеген кезде оларды сыртқы белгілері – қозғалысы, дыбысқа реакциясы (тықылдатқан), аяғына берік тұруы, жұмсақ іші тартылған, кіндік орны тығыз жабық, клоакасы қызғылт түсті, басы үлкен және кең (шекелі), көзі ашық және жайнаған, тұмсығы қысқа, жуан және тегіс, жұмсақ түбітті, жылтырауық, біркелкі түсті, қанаттары денесіне жабысқан, төс сүйегінің үші серпінді болуы ескеріледі.

Нашар балапандардың іші өте тартылған немесе үлкен, жерге салбыраған, түбіті, қысқа, сирек, немесе ұйысқан, нашар немесе әртүрлі түсті, қанаты түсіңкі, көзі сөніңкі, қабақтары жабылған, аяқтарына әлсіз тұрады, сыртқы дыбысқа реакциясы жоқ болады.

Қалыпты басылып шыққан балапандар сол күні мынандай салмақта болулары керек: тауық балапандары – 35-36 г. (жұмыртқаның 70-72 %), күрке тауықта – 47-52 г., үйректі – 55-70 г., қазда – 90-100 г.

Ірі өндірістерде тәуліктік балапандардың бір-бірін шоқудан сақтандыру үшін, арнайы машинамен үстіңгі тұмсығын қысқартып кесіп тастайды. Тұқымдық балапандардың (әтештердің) айдарын кесіп (электр тогімен күйдіріп, аяғының тұяғын қысқартады).

Балапандарды 12-24 сағаттық жасында арнайы жәшікке салып (60×60×18 см) жұқа материалмен (фанера) төрт бөлікке бөледі де, әрбіруіне – 25 бас тауықтың, 15 үйректің немесе 10 қаздың балапандарын орналастырып, ары қарай өсіруге жібереді.


Тәжірибелік сабақ №27. Қояндарды және жас көжектерді күтіп-бағу ерекшеліктері

Қояндардың негізгі көрегі өсімдік азықтары болып саналады. Олар жалпы рационның көректі заттары мен энергиясын ішек газдары және зәр арқылы өте аз (4-6) бөліп шығарады да, оның физикалық энергиясы – 95-96 % болады. Сондықтан қояндардың рационына коллориясы жоғары және жақсы қортылатын азықтар болуын қадағалайды.

Қояндарды азықтандыруға көбінесе көк шөп, тамыр-түйнектілерді, сүрлемді, ағаш жапырақтарын, дәнді азықтардан жасалған жемдерді пайдаланады. Сол сияқты, қоян рационына бидай кебегін, ет-сүйек ұнын және балық ұнын, бұзаулар мен торайларға дайындалған құрама азықтарды қосып пайдалануға болады.

Азық құрамындағы құрама жемдерді азайтып, ал қатаң, сулы азықтардың бөлігін арттырып, кейбір тұқымды қояндарды семіріп кетуден сақтаныдырады. Ірі қояндар мен буаз аналықтарды және өнімдік жас қояндарды қалыпты мөлшермен көректендіреді. Көжектері еміп жүрген аналықтар мен ет бағытындағы қояндарды шектеусіз азықтандырады.

Қояндарды тобымен шектеусіз азықтандырған кезде азық науаларының әр қоянға тұратын орны белгіленбейді, ал нормалы көректендірген кезде әрқайсысына науаның ұзындығынан есептеп бір уақытта тұрып жейтін орын (бір басқа) қалдырады.

Қояндарды қысқы құрғақ азықтан жазғы сулы көк шөпке ауыстыру біртіндеп жүргізілуі керек. Көктем кезіндегі көк шөпке ауыстыру қояндарды іш ауруларынан сақтандыру үшін біртіндеп, бастапқыда ірі қояндар үшін тәулігіне 50-100 гр, жастырына – 30-50 г беріп аптадан соң толық рационға көшіреді.

Қояндардың арасында іші бұзылу басталса, көк шөпті беруді тоқтатып, тал, шырша т.б. ағаштардың жапырақтары мен бұталарын береді. Қылқан жапырақты ағаштардың құрамында микробтарды және құрттарды (гельминттерді) өлтіретін заттар болады да, іш өткен кездерде берсе ас алмасу процесстері түзеліп, іш аурулары тоқталады. Оны мен қоса қылқан жапырақтарды жеген қояндардың ағаш клеткаларды кеміруі тоқталады, қыс айында олар витаминдердің көзі болып саналады.

Жалпы қояндарды қылқан жапырақтармен ұзақ 20-30 күннен артық бермей, арасында 7-10 күн үзіліс жасап отыру қажет. Алғашқы күндері қылқан жапырақтармен қояндар азықтандырғанда, олардың зәрі қызыл түске боялып, кейіннен тарап кетеді. Жүгеріні қояндар сүтті-балауса кездерінде жақсы жейді. Бірақ жүгері углеводтарға бай болады да, қарында ыдырап, ащып кетіп іш кептіреді. Сондықтан ондай азықты көп бермей және одан кейін су ішкізбеу керек. Қояндардың бір биологиялық ерекшеліктері, олардың түңгі нәжістерін жеп көректенуі (копрафагия). Түңгі қыйы қою жұмсақ болып келеді де, күндізгі нәжістері қатты шар тәріздес болып химиялық құрамы бөлек болады. Түңгі нәжісін жеп, қояндар қосымша азотты заттармен витаминдер тобы В және К алып, организмнің сұранысын қамтамасыз етеді. Өз нәжісін жемеген қояндардың салмағының өсуі тежеледі, жүдейді, кей кездері өлім-жітімге ұшырайды, аналық қояндардың көжектеуі төмендеп, іш тастап және өлі туғандар саны көбейеді. Қоянның жатырдағы көжегінің дұрыс өсіп-дамуы үшін рациондағы белоктардың, минералды заттар мен витаминдердің жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл заттардың жетіспеушілігі қоян көжектерінің шала тууына аналықтың іш тастауына немесе ұрықтың ыдырап ағып кетуіне апарып соғады. Онымен бірге артық мөлшерде азықтандыру қояндардың қалыптан тыс семіріп кетуіне себепші болады да, семіріп кеткен қоян аналықтары туар кездерінде өліп-қалады, ал туғандарының сүті аз болады.

Көжекті қояндардың рационын біртіндеп ауыстыру керек. Буаздықтың ақырғы 10 күндігінде рациондағы қатаң азықтардың бөлігін құрама жемдердің есебінен азайтады. Қояндарды таза сумен қамтамасыз ету үшін автоматты су құбырларын қояды. Буаз қояндар, басқаларына қарағанда суды көп пайдаланады. Мысалы, бауырында 8 көжегі бар аналыққа тәулігіне 800 г су қажет болады. Егер, көжектерді 45 күндігінде енесінен айыратын болса, олардың әр біреуінің орта салмағы 1 кг болады да, тәулігіне 2 л су ішеді.

Қояндарға судың тапшылығы тәбетін төмендетіп, массасының өсуі тежеліп, өсімі және аналықтың сүті кемиді. Судың жетіспеушілігінде аналық қояндар көжектерін асыраудан қашып, туған кезінде жас көжегін жеп қойып, әртүрлі ауруларға (бүйрек, ішек т.б.) шалдығады.

Қысқы айларында қояндар қар мен шөлдерін басады. Бірақ қорада минералдық заттардың жоқ болуынан, қояндарға ас тұздары мен мелдің күндік мөлшерін 1-2 г арттырады.

Су құбырларын жиі тазартып отыру қажет. Өйткені оған қояндардың түбіттері ұшып түсіп, азық қалдықтары және нәжістерімен ластанып, суға микробтар түсіп өсіп-өніп, іш ауруларына ұшырайды

Қоян фермаларында жиі инфекциялы аурулардан инфекциялық стоматит (жұқпалы ауыз уылу), тұмсығының сулануы инфекциялық ренит (жұқпалы түшкіргіштік), пастерелез (геморрагиалық септицемия), кокцидиоз т.б. кездеседі.

Қояндарды өсірудің гигиенасы

Аталық және аналық қояндардың денсаулығы мен келешектегі өнімділігі алғашқы шағылысқа қосылатын жағдайларына байланысты болады.

Қояндардың жыныстық жетілуі 3-3,5 айлығынан басталады, бірақ шағылысқа аталықтарын бірінші рет 6-7, ал ұрғашыларын -4-6 айлықтарында қосады. Тұқымдық фермаларында бұдан бір ай кешірек жүргізіледі. Аталық қояндарға, алғашқы жас кездерінде 5-6 бастан, кейіннен біртіндеп қосып 8-12 бас аналыққа дейін ұлғайтады. Аталық қоянды шағылысқа қосқаннан 2-3 тәуліктен соң бір күн үзіліс береді. Шаруашылықта жақындық шағылыс тумас үшін аталықтарды 2,0-2,5 жылда ауыстырып отырады.

Аналық қоянның буаздық мерзімінің узақтығы 28-32 тәулікке созылады. Орта есеппен әрбір туғанда 7-8 көжек, ал кейбір аналықтар 15-20 бас көжекке дейін туады.

Аналық қоянның тууына 5-6 күн қалғанда, оның клеткасына, құрғақ жұмсақ төсенішті 2/3 бөлігіне дейін толтырған жәшік (ұя) қояды. Туардан 3-4 күн бұрын аналық кеуде, бауыр жүндерін жұлып, жәшіктегі төсенішті тісімен ұсатып алып, түбітін төсеп ұя жасайды. Ұядағы төсеніштің құрғақ аналық жүні мен жылыланған болмаса, жана туған көжектер, ауа температурасы 18-20єС болғанда да ұядан жорғалап түсіп, суыққа ұрынып, температура шоганнан (күйреуінен) өледі. жақсы құрылған ұяда көжектерге алғашқы 20тәулігіне қажетті бір қалыпты температура ұсталып тұрады, яғни 35-22С шамасында. Төсеніш жетіспеген немесе дымқыл болса аналықтың түбіті мен дұрыс жылытылмайды да, ұядағы температура 18-20С жоғарламай, көжектер мазасызданып, суыққа ұрындырады. Жас туған көжектердің шығыны аналықтар алғашқы рет көжектейтіндер болып, ұяларын дұрыстап жүндерімен жылылай алмағанда көбейеді.

Аналық қояндардың көбі балаларына дұрыс қарап, туардың алдында төсеніштерін жұмсатып, туғаннан соң, көжектерін түбітімен жауып жылылайды да, кейбіреуі тіпті ұлғая бастағанда ұяда ыстық болып кетпес үшін, тесік жасап ауа алмастырады. Онымен қоса аналықтардың ішінде көжектеріне қарамайтын, ұяны жүнімен жылыламайтын, тіпті туғанда клетканың әр бұрышына, еден үстіне туатындары да, кездеседі. Ондай кездерде жасанды көмектер көрсету керек. Ол үшін құрғақ, жұмсақ төсеніштер мен толтырылған жәшіктер және жылы жүн қоры болуы керек. Жәшіктерді фанералардан жасап, төбесінен электр шамдары мен жылытылатын қылып жасайды. Шамдарды, түсіріп отырып, көжектердің ұясының манындағы температураны 38-40С шамасында ұстайды.

Қалыпты жағдайда қояндардың тууы 10-30 минут ішінде, көбінесе түңгі уақыттарда, сирек күндіз және таңертең жүреді. Көжектеген кезде аналық қояндар шөлдеп көп су ішеді, сондықтан клеткада таза су немесе қар болуы керек.

Көжектер туағанда жүнсіз, жалаңаш, қызылшақа күйінде туып, бауырын көтере алмай, көзі ашылмай, салмағы, тұқымына, енесінің күйіне, бауырындағы туған көжек санына байланысты, орта есеппен 60-90 г болады. Туғаннан соң, аналық өзі көжектің кіндігін тістеп үзіп, жалап, ұяға салып, көректендіреді. Көбінесе қояндар ешбір сырттан көмексіз туады. Алғаш екі тәулік бойы, қоянды мазаламау керек, тек аналық ұя салмай, баласына қарамай қойса ғана араласу қажет. Ол үшін аналық қояндарды клеткадан ала тұрып, жәшіктегі иісті шөп пен түбітке қолды уқалап, үстіне көжектерді салып, түбіт пен жабады да жарты сағаттан соң енесін жібереді.

Қандай жағдайда болса да 2 тәуліктен кейін тексеру жүргізіп, туған көжектердің санын анықтап, өлгенін және аналықтың шуын шығарып, ұяны реттеп, қалдыратын көжек санын анықтайды. Ұяның төсенішін 5-6 тәуліктен соң ауыстырады. Тексеру кезінде ұялы бөлмеге аналықтың кіруіне жол бермей, ұяға басқа көжектер салынып, телитін болса, аналық қоян оның иісін бір сағаттан соң ғана қабылдауға тиіс. Ұяға салған көжек пен бірге басқа ескі ұядан түбіт түспеуге тиіс. Басқа иісі бар көжектерді аналық қабылдамай лақтырып тастайды.

Кейбір аналықтар туғаннан соң өзінің көжектерін жейтін әдеттері болады. Оның себебі, көбінесе қатты аналықтың шөлдеуі, құнарсыз азықтандыру, туғанда қатты қиналуы, желінсау ауруы немесе емшектерінің жарасы болуы, күйтінің келіп, шағылыстан өтпеуі, ұяда өлген көжектердің болуы т.б. ондай себептерді болдырмай, алдын алғаннан кейінде көжектерін жеу қайталанса, ондай аналықтарды бракқа шығарады.

Үлкен аналықтардың бауырында 7-8, ал жастарында 5-6 бас жақсы дамыған көжектерді қалдырады да, ал артығын басқа баласы аз аналықтарға телиді. Көжектердің туғандағы тірі салмағы, енесінің салмағының 1 % құрағанда, яғни анасының тірі салмағы 3,5-4,5 кг болса, көжегінікі 35-45 г болады. Көжектердің түгі 5 тәуліктен кейін шығып, көзі 9-10 тәуліктен соң көре бастайды, олар 16-20 күндік жастарынан бастап, ұясынан шығып, көректене бастайды. Аналықтардың сүттілігі көжектердің еміп жүрген кездерінде ғана өсіп-жетілуіне қажетті фактор емес, олардың ары қарай дамуына да зор маңызы болады.

Қояндардың аналығының сүттілігін ұстау жағдайы, азықтандыру типі, оның жасы, тұқымы, көжектендірудің саны, емізу мезгілінің ұзақтығы, жыл мезгілдері, ұядағы көжектер саны т.б. әсері болады.

Егер енесінің сүті жеткілікті болса, көжектері ширақ, жақсы өседі, дене бітімі жұмырланған, жүні тығыз, жылтырауық болып, терісінің қыртысы болмайды. Анасының сүті жетіспесе, көжектің жүні ұйпалақталған, терісі жиырылған, денесі бүріскен, жүрісі әлсіз болып келеді де, ондай көжектер мазасызданып, ұядан шығып, салмағы төмендеп, азып көбінесе өлім-жітімге ұшырайды.

Көжектерді енесінен айырудың ең тиімді мезгілі болып 45 күндік жасы саналады. Өте нашар көжектерді кей кездерде, екі айлығына дейін енесінің бауырында қалдырады. Көптеген жағдайда бір ұяның ішіндегі көжектердің кейбіреуі әлсіз, өсіп жетілмеген болады да, ондайларды бөлгенде жеке клеткаға қойып, тек етке өткізуге арнап күтіп-бағу керек. Енесінен айырғаннан кейінгі жас көжектерді күтіп-бағу технологиясы, оларды күйі, салмағы жынысы және жасы бойынша әртүрлі топтарға бөлу мен байланысады. Жас қояндарды үш айлық жасында тағы да тексеріп, олардың еркегі мен ұрғашысы араласып кетіп, бір клеткаға орналастырылып, ерте шағылыстан өтіп кетпеуін қадағалайды.

Жас қояндарды топтап ұстағанда олар жиі бір-бірімен төбелеседі де, терілерін жарақаттап, сапасын төмендетеді. Ондай қояндарды бөліп алып басқа клеткаға отырғызады. Клеткада бұрыннан отырған жас қояндарға 1-2 бастан біртіндеп қосып отырып, санын 6-7 басқа жеткізіп топтаған дұрыс деп саналады. Егер олай жасауға болмаса барлық бір біріне қосылатын қояндарды бөтен орынға (клеткаға) апарып орналастырғанда, олардың бәріне таныс жағдай болмағандықтан араларында тартыс аз туады.

Бір мезгілде бірнеше жұмыстарды қабаттастырып (енесінен айыру, өлшеу, егу т.б.) жүргізуге болмайды. Оларға тосынан енесінен айырып, сүтін бермеудің өзі өте күшті күйзеліске ұшыратады.

Қояннның ең қарқынды өсу мезгілі 60-90 тәуліктік жастарында болып саналады да, қояннның тәуліктік салмақ қосуы орта есеппен 25-35 гр. Төрт айылығынан бастап салмақ қосуы төмендейді де, тәуліктік өсуі 10-12 г ғана болады. Сондықтан қояндарды етке союға 100-120 күндік жастарынан қалдырмай өткізген дұрыс деп есептеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет