Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет12/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Гаструляция–көп қабатты ұрықты қалыптастыру бойынша онтогенездің сатысы
2. Гаструляцияның əртүрлі тəсілдері
3. Хордалылардағы гаструлалар құрылысының ерекшеліктері
4. К.М. Бэр, А.Н.Ковалевский жəне И.И.Мечниковтың ұрықтық жапырақшалар теориясын құруындағы зерттеулерінің маңызы
5. Ұрық жапырақшалары туралы теория жəне оның қазіргі жағдайы
6. Екі– жəне үшқабатты ұрықтың түзілуі: эктодерма, эндодерма, мезодерма
7. Мезодерманың түзілу тəсілдері (телобластикалық, энтероцельдік)
8. Ұрық жапырақшаларының туындылары
9. Белгілеу тəжірибелері. Алғашқы гаструла сатысындағы презумптивтік бастамалардың карталары
10. Морфогенетикалық қозғалыстар (инвагинация, эпиболия, иммиграция, деляминация)
11. Клеткалардың морфогенетикалық қозғалыстарының (клеткалардағы жабысу жəне шеттету құбылыстары, клеткалық бөлінудің бірдей болмауы, клетка қозғалыстарының бағыттары) механизмдері

Дәріс 9. Гаструляция типтері мен мезодерманың даму әдістері
Бөлшектену морула немесе бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының нәтижесінде бластомерлердің көп санынан (ланцетниктерде 3000 шамасында, құрбақаларда бірнеше жүзден) тұратын бір қабатты ұрық бластула екі қабатты ұрыққа — гаструлаға (грекше gaster — қарын) айналады.
Гаструла – эмбрионалдық материалдардың күрделі қозғалу процестері нәтижесінде пайда болатын екі немесе үш қабатты ұрық денешігі, оларды ұрық жапырақшалары деп те атайды. Сыртқы жапырақшаны эктодерма (грекше есtоs — сыртқы), ішкісін — энтодерма (еntos — ішкі), кейінірек түзілетін ортаңғы қабаты – мезодерма дейді. Ішкі қуысы гастроцель, ал қуысты сыртқы ортамен байланыстыратын саңылауы бластопор. Гаструла түзілу кезінде жүретін барлық процестер жиынтығын гаструляция деп атайды.
Гаструляция әдістері бастапқы бөлшектену нәтижесіне, ағзалардың шығу тегіне және жүйелік орнына тәуелді 4 түрге бөлінеді: инвагинация (iшке қарай ойысу), эпиболия (қаптау), деляминация (қабаттар түзу), иммиграция (көшу).Мезадерманың пайда болу механизмдері
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструланың пайда болуымен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы дамиды. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Омыртқасыз жануарлардың бәрінде, тікенекті терілілерден басқаларында, мезодерма бөлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасады.
Ішек қуыстылардан басқа барлық ағзалар үш ұрық жапырақшасынан – эктодерма, энтодерма және мезодермадан дамиды. Мезодерманың қалыптасуының 2 әдісі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет