Дәріс 1 кіріспе. Жеке даму биологиясының ҚЫСҚаша тарихы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет17/18
Дата29.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#493360
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Дәріс жеке даму биологиясы 2023

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Дамушы ұрықтың ортамен жəне ана организмімен қарым-қатынасы
2. Ортаның биотикалық жəне абиотикалық факторлары. Жұмыртқа туу, тірі жұмыртқа туу
3. Ұрықтың шыдамдылығын шектейтін шектеуші фактор туралы ұғым. Жұмыртқа қабықшалары, олардың ұйымдасу ерекшеліктері мен биологиялық маңызы
4. Амниоталардың уақытша органдары (сарыуыз қапшығы, амнион, хорион, аллантоис) жəне олардың биологиялық маңызы
5. Сүтқоректілерде плацентаның түзілуі, қызметтері, құрылысы, дамуы
6. Сүтқоректілердің плацентасының классификациясы
7. Туылған кездегі немесе ұрықтың жұмыртқа қабықшаларынан босанған кезіндегі өсуші организм мен ортаның қарым-қатынастарының өзгеру
Дәріс 15. Постэмбрионалды даму және қартаю. Организмнің тура және күрделі дамуы
Ағза туылып, дүниеге келгеннен бастап оның постэмбриональды дамуы (адамдарда постнатальды) басталады, ол ағзалардың түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз жылға дейін өтеді. Демек, тіршіліктің ұзақтығы — бұл ағзалардың түрлік белгісі, ол олардың ұйымдасуына тәуелді болмайды (төменнен қара). Постэмбриональды онтогенезде ювениальды және пубертатты кезеңдер, сонымен қатар өліммен аяқталатын қартаю кезеңді ажыратады.
Ювенильды кезең. ағзаның туылғанынан жыныстық жетілуіне дейінгі кезең. Әртүрлі ағзада түрліше өтеді және ағзаның онтогенез типтеріне байланысты болады. Бұл кезеңге тікелей немесе тікелей емес даму типі тән.
Пубертатты кезең. Бұл кезеңді пісіп жетілген кезең деп атайды және ол ағзалардың жынысты көбеюімен байланысты. Бұл кезеңде ағзаның дамуы максимумға жетеді. Постэмбриональды кезеңдегі даму мен өсуге ортаның факторлары үлкен әсер етеді. Өсімдіктер үшін шешуші факторларға жарық, ылғалдылық, температура, топырақтағы қоректік заттардың саны мен сапасы жатады. Жануарлар үшін бірінші деңгейлі мағынаға толыққанды қоректену жатады (қоректегі белоктар, көмірсулар, липидтер, минералды тұздар, дәрумендер, микроэлементтер). Сонымен қатар, оттегі, температура, жарық (Д дәруменінің синтезі) та маңызды. Жануар ағзаларының өсуі мен жеке дамуы нейрогумарольдық және жүйке механизмдерінің реттелуімен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет