Комплексті пайдаланатын техникалық өсімдіктер
Ең белгілі комплексті пайдаланатын техникалық өсімдіктерге Phragmytes fustralis (остик- қамыс) және Achnatherum splendens (чий блестящий- ақ ший)жатқызуға болады.
Қамыстың қалың болып өсетін аудан мөлшері соңғы жылдары 7 есе азайып кетті және қазіргі уақытта оның ресурсы құрғақ шикізаты шамамен 2352 мың тонна. Ал ақ шийдің ресурстары құрғақ шикізаты 23735 тонна шамасында болады.
Тағамдық өсімдіктер
Тағамдық өсімдіктер ішінде ең маңыздысы Malus sieversii(яблоня Сиверса- кәдімгі өрік ), Crataegus ( боярышник - долана), Berberis (барбарис- бөріқарақат), жыл сайын орман шаруашылық ұжымдары 300 тонна шамасында алма, өрік және долана жемістерін дайындайды.
Эфир майлы өсімдіктер
Зерттелген 450 өсімдік түрлерінен 70 шақты түрлері құрамындағы майларының құрамына байланысты маңызды және болашағы бар деп айтуға болады. Олардың ішінде Artemisia (полынь- жусан), Hyssopus (иссоп- сайсағыз), Mentha(мята- жалбыз), Achillea(тысячелистник- мыңжапырақ),және т.б бар
Дәрілік өсімдіктер
Негізгі дәрілік өсімдіктердің ресурстары (80%) Іле Алатауы Кетмен, Күнгей, теріскей Алатауы, Жоңғар алатауы, Қырғыз Боралдайтауы, Алтай және Тарбағатай жоталарында шоғырланған. Кейбір дәрілік өсімдіктер Қазақстан экспортқа шығара алады. Мысалы, Ephedra equisetina (эфедра хвощевая- хвойник хвойщевой - қырықбуын), Glycyrrhiza glabra (солодка голая- жалаң мия), Glycyrrhiza uralensis(солодка уральская- Орал миясы) өсімдіктердің Қазақстандағы ресурсы яғни қоры 75 мың тонна шамасында, сондықтан жоғарыда аталған өсімдіктер шикізатын шетелге шығаруға толық болады.
Республикамыздағы Орман Массивтерінің маңызы өте үлкен. Бұл табиғи жүйелер 21,6 млн гектар жерді алып жатыр, олардың 10,9 млн гектары тұтас ормандар. Ол ормандар 69 ағаштар 700 бұта және жартылай бұталар түрлерінен тұрады. Жалпы, Қазақстанда орманды алқаптың еншісінде 3,2% жер, олар биологиялық ресурстар қалыптасуында үлкен рөл атқарады.
Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі
Биологиялық алуантүрлілік өсімдіктер және жануарлар түрлерінің тізімімен шектелмейді. Биота туралы түсінік алу үшін өсімдік жабынының алуантүрлілігі туралы білу керек.
Өсімдіктер жабынының өсімдіктер қауымы деңгейінде инвентеризациялау территорияның кең- байтақтығына және табиғаттың алуантүрлілігіне байланысты өте күрделі.
Өсімдіктердің алуан түрлілігінің жағдайы зоналық аспектіде қаралады. Қазақстанда қсімдіктер жабынының алуантүрлілігін ерекше атап өтуге болады (дала, шөлдер, орман, шалғындық, бұталы тоғайлар, биік таулардағы тундралар және т.б)
Дала. Дала зонасының жалпы мөлшері – 128,8 млн гектар немесе бүкіл Қазақстан территориясының 40%-ын алып жатыр. Бұл зона әртүрлі зона тармақтарына бөлінеді:
1.Шалғынды дала және майда жапырақтар ормандар ауданы – 0,6 млн гектар;
2.Қоңыржай-қуаң мол әртірлі шөпті қаулы далалар – 8,5 млн гектар:
3.Әртүрлі шөпті қаулы далалар – 13,6 млн гектар:
4.Құрғақ бетегелі қаулы далалар -52 млн гектар:
Солтүстік және Орталық Қазақстанның өсімдіктер картасында далалық қауымдардың әртүрлі комбинацияларының 250 шамасында типтер келтірілген. Қазақстан далаларында кең таралдған 10 формация анықталған. Далалық аймақтарда 200-ге жуық ассоцияция сипатталған, бірақ қауымдар деңгейінде инвентаризация жүргізу жұмыстарын әлі біткен жоқ.
Қазақстандаадам тіршілігінің нәтижесінде өзгерген регион- ол дала аймағы тың жерлерді игеру барысында(1954-1960жж.) жерлерді кең масштабты жырту нәтижесінде негізгі қырттардағы далалық жерлер жойылды. Орманды далада барлық шалғындық далалар және мол әртүрлі шөпті қаулы далалардың 90%- жыртылды, тегістіктердегі далалардың 30%- жыртылды. Тегістіктегі территориялардағы құрғағ далалардың 50-60%-ы, ал майда шоқылардағы далалардың 10-15%-жыртылды.
Бұл аймақтарда қалған далалық учаскелер (тасты далалар, тұзды топырақтардағы комплексті далалар) малды шектен артық жаюдың нәтижесінде өзгерген. Бұл региондардың қаулы далалары бетегелі Австрия жусанды іртүрлі арамшөпті өауымға айналған және оларда алуантүрлілік айтарлықтай азайған.
Достарыңызбен бөлісу: |