Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет69/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
5.Лекциялық кешен

VI. Жұптұяқтылар отряды.
Қазақстанда бұл отрядтың 4 тұқымдасына жататын түрлері кездеседі:
1) қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
Қуысмүйізділер өкілдерінің кәсіптік маңызы жоғары, олар бағалы шикізаттар – ет, тері, мүйіз, тұяқ береді. Қазақстанда бұл тұқымдастың 4 туысына жататын 5 түрі мекендейді:
газельдер туысынан – Gazella Blainville, 1816, қарақұйрық (джеиран) – Gazella subgutturoza, Guldenstaedt, 1780. Балқаштан Маңғыстау түбегіне дейінгі аралықта кездеседі; бөкендер туысынан – Saiga Gray, 1843, ақбөкен немесе киік (сайгак) – Saiga tatarica, Linnacus, 1766;
ешкілер туысынан – Capra Linnacus, 1758, таутеке (сибирский горный козел) - Carpa sibirica Palles, 1776.
Республикамызда Тянь - Шань, Жоңғар Алатауы, Оңтүстік Алтайда кездеседі;
қойлар туысы (баран) – Ovis Linnacus, 1758.
1).Арқар (баран) - Ovies ammon Linnacus, 1758.
Сыр бойы Қаратауында, Тянь-Шань, Қырғыз Алатауы, Шу Іле тауларында, Іле, Жоңғар Алатауында, Сарыарқа тау жоталарында, Тарбағатайда, Қалба Алтайында, Оңтүстік Алтайда кездеседі.
1).Жабайы дала қойы немесе Үстірт арқары (муфлон) – Ovis orientalis Gmelin, 1774.
2).Бұғылар тұқымдасы (олени) – Cervidae Gray, 1821.
Бұғылар туысы – Cervus Linnacus, 1758.
Марал (благородные олени) – Cervus elaphus Linnaсus, 1758.
Маралдар Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Маралдар – аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Одан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесінде, бұлшық етке, тыныс жолдарында, т.б. органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі.
Шығыс Қазақстан облысында 6 мыңнан астам марал өсірілетін шаруашылықтар бар. Олар жылына 5,2 мың килограмға дейін маралдың жас мүйізін дайындайды. Бұл шаруашылықтарда өсіп есейген әр маралдар 5-5,3 кг дейін панты алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет