Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет68/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
5.Лекциялық кешен

5. Мысықтар тұқымдасы.
Мысықтар орман, тау, шөл аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Қорегі – ет, негізінен тастақты қуыстарды, өте сирек інде тіршілік етеді. Қазақстанда тұқымдастың 3 туысына (мысықтар, барыстар, қабыландар) жататын 8 түрі кездеседі.
1. Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
1) Шұбар мысық немесе дала мысығы – Felis libys Forster, 1788.
Шөлді аймақтарды мекендеуге бейімделген – жабайы мысық. Осы аймақтардағы өзендердің бойындағы тораңғы, жиде, жыңғыл, шеңгел, қарасора өскен ну тоғайларда тіршілік етеді.
2) Қамыс мысығы (камышовый кот) – Felis chaus Guldenstaedt, 1776.
Қамыс, қоға мен тал өскен өзен бойындағы тоғайларда мекендейді.
3) Сілеусін (рысь) - Felis Lynx Linnalus, 1758
Таулы орманды жерлерде жатақ жасап мекендейді. Іле, Күнгей, Жоңғар Алатауларында бұл жыртқыштың саны едәуір. Мысықтар туысына жататын қарақұлақ (қаракөл) – Felis caracal, сабаншы (манул) – Felis margaritra Pallas, 1776 және шағыл мысығы (барханная кошка) – Felis mardarita Lochl, 1858, сандарының азаюына байланысты Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген
2. Барыстар туысы (Uncia Gray, 1854).
Барыс - Uncia Schreber, 1775.
Қазақстанда барыс оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында таралуда. Піскем мен Өгем жоталарында, Талас пен Қырғыз, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда таралған.
Бұрынғы кездері кәсіптік маңызы бар аңдардың қатарында болған, яғни бұл аңның терісі дайындалып тұрған. Одан кейін бүкіл дүние жүзінде саны азайып кетуіне байланысты халықаралық табиғи қорғаудың «Қызыл кітабына» тіркелген.
3. Қабыландар туысы (Acinonyx Brooks, 1828).
Қабылан (гепард) – Acinonyx jubatus Schrebes, 1776.
Қазіргі кезде біздің республикамызда бұл жабайы мысық жойылып кеткен де болуы мүмкін. XVIII-XIX ғасырларда қабылан Каспий теңізінің шығыс жағалауы мен Арал теңізіне дейінгі аймақта кездесетін. Саны өте аз болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет