Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет71/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
5.Лекциялық кешен

VII.Тақтұяқтылар отряды.
Бұл отрядқа қазірде 3 тұқымдас (жылқы, тапир, мүйізтұмсықтар) жатса, Қазақстанда тек жылқы тұқымдасына жататын түрлері кездеседі.
Жылқылар тұқымдасы.
Тұқымдастың өкілдері ашық далада тіршілік етуге бейімделген. Африкада және Азияда таралған. Жабайы жылқылар – үй жылқыларының тегі. Қазақстанда бұл тұқымдасқа жататын 1 түр – құлан тіршілік етеді.
Құлан – Equus hemionus Pallas, 1775.
Республикамызда жойылып кеткен құландарды жерсіндіру 1953 жылы басталды. Сол жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Түркіменстаннан әкеліп, 8 құлан жіберілді. 1982 жылдан бастап құландарды Қапшағай мемлекеттік қорық аңшылық – шаруашылығына жерсіндіру жұмысы қолға алынды.
Ал 1986 жылы Бетпақ даланың оңтүстік шығысында Андысай шағын қорығына жіберілді. Бұл аталған аудандарда құлан жақсы өніп - өсуде. Өткен ғасырда шипалы, дәмді еті үшін кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың бірі болатын. Оның бауыры көз ауруларын емдеуге, ал майлары қияқ, туберкулез ауруларын емдеуге пайдаланылған. Сол кезде қазақтар қысқа азық ретінде құлан етін көптеп дайындайтын болған.Қазіргі кезде бұл аса бағалы аңның саны бүкіл дүние жүзінде азайып кетті. Сондықтан да құлан халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған. Қазақстанда келешекте Үстіртте, Еділ – Жайық өзенді аралығында, Бетпақ дала мен Балқаш көлі маңында құландар қайта толатын болады. (Бекенов және т.б., 1999)
Құлан – Equus hemionus Pallas
VIII.Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
Ескекаяқтылар уақытының көпшілігін суда өткізеді. Олар демалу, шағылысу, бала туу және түлеу үшін жағаға шығады.
Бұл отрядқа итбалықтар тұқымдасы (настоящие тюлени)-Рһосіdae Gray,1821 жатады. Бұл тұқымдасқа жататын андардың суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделген терісі болады. Итбалық дене тұрқы 1,2 м-ден 6,5 м-ге дейін, салмағы 50-60 кг –нан 2-3,5 т-ға дейін болады
Қазақстанда оның бір-ақ түрі-Каспий итбалығы ғана кездеседі.
Каспий теңізінде мекендейтін итбалық жалпы саны шамамен 500-600 мыңдай. Каспий итбалығы - кәсіптік маңызы бар аң, XVIII-XIX ғасырларда жыл сайын 160 мыңға жуық итбалық терісі дайындалған. Олардың майлары пайдалы, терілерінен әйелдердің ішіктері, бас киімдері тігіледі. Майын және белогын медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданады. Итбалықтың майын былғары жасау, сабын қайнату, кейде медициналық «балық» майын жасау үшін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет