Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Еліктер туысы – Capreolus Gray, 1821



бет70/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
5.Лекциялық кешен

Еліктер туысы – Capreolus Gray, 1821.
Елік – косуля - Capreolus capreolus Linnacus, 1758.
Қазақстанда Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының орман – жоталарында таралған. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 1000-5400 шамасында елік ауланатын. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200 – 250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады.
Бұландар туысы (кабырчовые) – Alcer Grаy, 1821.
Бұлан – Alcer alser Linnacus, 1758.
Бұландар Қазақстанның 10 облысында кездеседі. Әсіресе, Жайық, Есіл, Тобыл, Елек, Ертіс өзендерінің бойындағы орман – торғайларда көбірек кездеседі. Дәмді етімен сәнді мүйізі үшін есепсіз аулау нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың аяғында бұлан саны күрт азайып кеткен. Одан кейін қорғауға алу нәтижесінде оның саны өсіп, 1972 жылдан бастап бұл аң арнаулы рұқсат қағазы бойынша ауланатын болды. Республика жерінде бұланның негізгі мекендері – қайың, самырсын, шырша, қарағай өскен орман алқаптары.
2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
Қазақстанда бұл тұқымдасқа бір туыс – құдырлар жатады.
Құдыр туысы – Moschus Linnacus, 1758.
Республикамызда Шығыс Қазақстан облысының таулы, қылқан жапырақты аудандарында таралған. Жалпы есеп бойынша Қазақстанда шамамен 1000-1200 құдыр бар. Ерте уақыттан бері Шығыс және Еуропа медицинасында және парфюмерия өнеркәсібінде құдырдың «мускус» бездері қолданылған. Соңғы жылдары құдырдың саны өте аз болғандықтан, Қазақстанда әуесқойлық жолмен жылына оның 15-20 – сы ғана ұсталады.
3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
Шошқалар немесе доңыздар – жұптұяқтыларға жататын орташа келген жануар. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Әсіресе, Алматы, Қызылорда облыстарында көбірек кездеседі. Доңызды қамыс құрақты қопалар мен батпақты жерлердің тұрғыны деп есептейді. Іле Алатауында олар теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен 3500 м биіктікке дейін кездеседі. Жабайы шошқа тұяқтылардың ішінде кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын аңның бірі. Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қыл береді. Республикамызда жылына 2500 жабайы шошқаны аулап 100 т сапалы ет дайындап тұруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет