Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары.
Құжаттарды дайындау.
Қазіргі уақытта ақбөкендерді есепке алу жұмыстарына методикалық жетекшілік ететін –Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Зоология Институты, ал есепке алу жұмыстарын жалпы ұйымдастыру және қаражаттандыру жағын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігіне қарайтын .”Охотзоопром” өндірістік бірлестігі қамтамасыз етеді.
Қаржы және еңбек шығыны.
Қазіргі уақытта ақбөкендерді есепке алуды қаржыландыруды өндірістік бірлестік ”Охотзоопром” қамтамасыз етеді.
Қазақстан территориясындағы ақбөкендерді авиация көмегімен есепке алу үшін 160-200 сағат ұшу керек. Ол үшін әртүрлі ұшақтарды пайдалануға болады. Мысалы, ЯК-18,АН-2 немесе тікұшақтары. АН-2 ұшағымен және тікұшақпен ақбөкендерді есептеу үшін ең кем дегенде 3 адам болуы керек. 1 адам пилоттың кабинасында, 2 адам оң және сол қанаттары жағында отыру керек.
Жұмысты техникалық қамтамасыз ету.
Ақбөкендерді есептеуді авиация күшімен жүргізуге жарайтын ұшақтар – АН-2, ЯК-18, тікұшақтар – КА-26, Ми-4, МИ-8 және т.б. Ұшақта есептеушілерге қажетті құрал-жабдықтар: 1) журнал, 2) қалам, 3) кішкентай магнитофон, 4) фотоаппарат, 5) дүрбі, 6) топаграфиялық карта маштабы: 1: 1000000 немесе 1:5000000 болуы керек.
Орындаушыларды дайындау және оларға нұсқау беру.
Есеп жүргізетін авиа бригада есептеу жұмыстарына қатысып жүрген қызметкерлерден құралады. Бригада құрамына жұмыстың жетекшісі, сол және оң борттарындағы бақылаушылар кіреді. Есептеу жұмыстарынан бұрын қатынаспаған қызметкерлермен ұшар алдында және ұшып бара жатқанда тәжірибелі қызметкерлер жаттығулар жүргізу керек.
Алдын ала және қосымша мәліметтер жинау.
Жұмысты бастау алдында жануарлар жайылатын территориялар туралы сұрау жүргізіп, мәліметтер жинау қажет. Жануарлардың шоғырланған аудандарды аң аулау инспекциясы қызметкерлеріне, аңшыларға, жергілікті ұшақтардың ұшқыштарына белгілі болады. Мұндай алдын ала жүргізген жұмыстар нәтижесінде ұшудың санын азайтып, қаражатты үнемді жұмсауға мүмкіншілік береді.
Есеп жұмыстары жүргізілетін территорияны алдын ала бөлу.
Алдын ала жұмыс жүргізілетін территорияларды картаға қарап бір күнде бітіруге болатын учаскелерді бөліп қою қойылған мақсатқа сәйкес болады.
Мұндай алдын ала картаға қарап бөліп қою жұмыстары сол жергілікті территориялардың физика-географиялық жағдайын әртүрлі құрылыс объектілерін және т.б. нәрселерді ескере отырып жасалуы керек. Мысалы, ақбөкендердің Бетпақдаладағы популяцияларын есепке алу жұмыстары жеке:1) Мойынқұм шөлінің, 2) Шу және Шу-Іле таулары аралықтарының, 3) Қазақ таулы өлкесі мен Арал маңындағы Қарақұмдар арасының ,4) Сарысу өзені және Қарақан көлі арасының және т.б. ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі керек. Ал ақбөкендердің Үстірттегі популяцияларын есепке алуда жеке көңіл бөлінетін нәрселер: 1) Атырау Октябрьск темір жолымен Ембі өзені арасы; 2) Ембі өзені мен Солтүстік Үстірт аралығы және т.б. Ал енді ақбөкеннің Оралдағы популяциясын есепке алғанда жеке көңіл аударатын учаскелер: 1) Орал мен Қамыш Самарск көлдері аралығы, 2) Хакисор сор топырақтары және Қамыш Самарск көлдері аралығы және т.б.
Есептеу жұмыстары жүргізілетін территорияларды былайша алдан ала карталарды зерттеп, учасклерге бөлу дұрыс бағытта жұмыс жүргізіп алынған мәліметтерді жергілікті жер ерекшеліктеріне байланысты өңдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |