Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Далалық жұмыстарды жүргізу



бет75/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
5.Лекциялық кешен

Далалық жұмыстарды жүргізу.
Ауа райы жағдайы және есептеу жұмыстарын жүргізу уақыты.
Ақбөкендерді есепке алу ұшақ ұша алатын ауа райы жағдайында ғана мүмкін. Жел қатты болса ұшақпен есептеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғады. Жұмыстың жетекшісіне мұндай, яғни қатты жел болған жағдайда маршрутты картаға түсіру қиынға соғады. Сондықтан таң ертең және кешкі сағаттарда желсіз күндерде ұшқан дұрыс нәтиже береді.
Бақылау жүргізу және жазып алу.
Ақбөкендер Қазақстанда өте кең кеңістікте таралғанына байланысты оларды есепке алу жұмыстары сол территориялардың кейбір учаскелерінде ғана жүргізіледі де, олардың жалпы санын экстраполяция (бір құбылыстың бір бөлігіне қатысты жасалынған қорытынды оның басқа бөліктеріне де тарату) әдісімен есептеп шығарады. Ақбөкендерді есепке алу бір-бірінен 10-15 км қашықтықта қатарласа салынған маршруттарда жүргізіледі. Ол маршруттар әдете солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа қарай салынады. Маршруттардың бағытары әр региондағы ақбөкендер миграциясының ерекшеліктеріне байланысты салынады.
Жануарлардың жасын және жынысын анықтау.
Қосымша мәлімет ретінде мүмкіншілігінше ақбөкендердің жынысын көрсеткен дұрыс, негізінен мүйіздері бар - жоқтығына байланысты. Ол үшін дүрбіні пайдаланады. Кейде жануарлардың тек еркектерінен немесе тек ұрғашыларынан құралған үйірлері кездеседі, ал жиірек олар аралас болады. Ақбөкендердің жынысын толығырақ анықтау үшін қосымша төменірек ұшулар ұйымдастырылады және фотоаппараттар пайдаланылады.
Жануарлардың санын есептеу.
Бастапқы мәліметтерді есептеуге дайындау.
Борттағы журнал бойынша картада көрсетілген маршруттарда ақбөкендердің кездескендерін белгілейді. Ақбөкендердің кездескен нүктелерін келесі маршруттардағы нүктелерімен қосып салыстыру арқылы олардың жалпы мекендейтін территориялары қосылады, яғни контуры жасалады. Әр бір маршруттағы ақбөкендердің саны есептеледі. Картадағы ақбөкендер мекендейтін учаскелердің бәрі есептеліп, ақбөкендердің таралған территориясының ауданы есптеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет