- Дегидратациялық, жүрек – қантамырлық заттар, симптоматикалық терапия.
- Антибиотиктер – егер асқынулары пайда болса (пневмония и др.).
- Ошақтық симптоматика белгілері пайда болса ішке преднизолон 1,5 мг/кг тәулігіне, бір мезетте - калий және ақуыздық диета.
- Қалпына келтіру кезеңінде – ноотроптар.
Профилактика - Индивидуальды қорғаныс және профилактика мақсатындағы шараларды қамтиды.
- Оқу – ағарту шаралары маңызды болып саналады.
- Репеллентер- аэрозоль, жақпамай түріндегі қансорғыштарды аластатаны заттарды қолдану. Серопрофилактика —энцефалитке қарсы гомологиялық (адамның) иммуноглобулин.
Япониялық энцефалит (маса энцефалиті, энцефалит В) - Этиология. Қоздырғыш— РНК-құрамды арбовирус. Термолабильді, дезинфекциялық заттарға төзімділігі төмен.
- Инфекцияның табиғи ошағы Ресейде, Японияда, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде табылған.
Эпидемиология - Табиғаттағы негізгі резервуар — жабайы сүтқоректілер мен құстар. Клиникалық көріністерсіз вирусемия дамуы мүмкін (симптомсыз инфекция).
- Қоздырғыш тек трансмиссивті жолмен беріледі (Кулекс туыстастығы және т.б.).
- Жаздық – күздік мезгілділік тән.
- Адамдарда көбінде жасырын, симптомсыз өтеді. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
Масалық энцефалит патогенезі. - Маса шаққан кезде қоздырғыш вирусы маса сілекейімен бірге қанға енеді.
- Вирус гематогенді жолмен ағзаға таралып, нейротропты қасиетініғ арқасында миға түседі, ары қарай көбейіп, қайталана қанға т.сіп басқа ағзаларға таралады.
- Ішкі мүшелерді геморрагиялық капилляротоксикоз, серозды-геморрагиялық қабыну және дегенеративті-некротикалық өзгерістер.
- Негізінен ми зақымдалып, менингоэнцефалит белгілері білінеді.
Ауру клиникасы (1) - Жасырын кезең 8 ден 14 күн.
- Ауру кенеттен басталады: қалтырау, дене температурасының шамалы жоғарылауы, бас ауруы, миалгиялар, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы т.б.
- Жоғары дене температурасы жиі 6—10 күн, сирек 14 к.н сақталады.
- Бет және конъюнктива гиперемиясы, склера тамырларының инъекциясы болады. Тері сарғаюы мен петехиальды бөртпелері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |