Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері



бет19/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
дәріс кешені (2)

4. Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.
Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады. Бұлар: мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі.
Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады. Бұлар: сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т.б.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:
- нормативтік құқықтық акт
- әкімшілік шарт
- әкімшілік прецедент
- құқықтық әдет-ғұрып
- ғылыми-құқықтық доктрина
Нормативтік құқықтық акт дегеніміз – референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе тоқтатын, белгіленген нысандағы нормативті құжат.
Әкімшілік шарт дегеніміз – екі не одан да көп субъектілер арасындағы келісім, оның ережелері тек сол субъектілер үшін ғана міндетті болады.
Әкімшілік прецедент дегеніміз – әкімшілік нақты іс бойынша қабылданған шешімінің осыған ұқсас істерді қарауда, шешуде қолданылуы. Бұл англосаксондық құқықтық жүйедегі елдерде кең тараған, Қазақстанның құқықтық жүйесіне құқықтың бұл қайнар көзі тән емес.
Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - қоғамда мемлекеттік биліктен тәуелсіз қалыптасқан және көп қайталануының нәтижесінде адамдардың санасына бекіп қалған ережелер.
Ғылыми құқықтық доктрина – құқықтың қандай да бір саласында немесе жалпы құқықта қалыптасқан арнайы пікірлердің, ережелердің және принциптердің көпшілік мойындаған жүйесі.
Сонымен ҚР-да әкімшілік құқықтың қайнар көздері ретінде нормативті құқықтық актілер мен шарттар алынады.
ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы:
1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995ж.
2. Конституциялық заңдар;
3. Заңдар;
4. ҚР Президентінің Жарлықтары;
5. ҚР Үкіметінің қаулылары;
6. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері;
7. Парламент палаталарының қаулылары;
8. Әкімшілік құқық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім шарттар;
9. Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың қаулылары;
10. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативті актілері;
11. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті актілері;
12. Локальдық нормативтік актілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет