Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік


Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі су қоймаларындағы ихтиофауна тізімі



бет3/8
Дата15.06.2016
өлшемі3.98 Mb.
#136949
1   2   3   4   5   6   7   8

Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі су қоймаларындағы ихтиофауна тізімі

Балық түрлері

Су қоймалары

Қара Ертіс өзені

Бұқтырма су қоймасы

Өскемен су қоймасы

Ертіс өз. нен Шүлбі су қоймасына дейін

Шүлбі су қоймасы

Ертіс өзені ШГЭСтен төмен

Сібір бекіресі

-

-

-

-

-

+

Стерлядь

-

-

-

-

-

+

Қызыл балық

-

-

-

+

-

+

Нельма

-

-

-

-

-

+

Көк шұбар

-

+

+

+

+

+

Пелядь

-

+

+

-

-

-

Сібір хариусы

-

-

+

+

-

-

Шортан

+

+

-

+

+

+

Налім

+

+

-

+

+

+

Сібір жылан балығы(минога)

-

-

-

+

-

+

Көксерке

+

+

+

+

+

+

Алабұға (ақтаутан)

+

+

+

+

+

+

Ерш

+

+

+

+

+

+

Сазан (карп)

+

+

-

+

+

+

Алтындай карась

+

+

-

-

+

+

Карась

+

+

-

-

+

+

Қара балық

+

+

-

+

+

+

Язь

+

+

-

-

-

+

Сібір елеці

+

+

+

+

+

+

Сібір шабағы

+

+

+

+

+

+

Табанбалық

+

+

+

+

+

+

Сібір пескарьі

+

-

-

+

-

+

Подкаменщик

-

-

+

+

-

+

Гольян

-

-

-

+

-

+

Сібір щиповкасы

+

+

-

-

+

+

Сібір голеці

-

-

-

+

-

-

Жерсіндірушілер саны

3

5

4

4

4

4

Шаруашылықтағы балық түрлерінің саны

11

13

7

11

11

15

Барлық түр саны

15

16

10

18

14

22

"+" – ихтиофауна құрамында бар; "-" – ихтиофауна құрамында жоқ.



Балық аулау жағдайы

ШҚО су қоры ұлан-байтақ жерді алады, көптеген суқоймалар балық шаруашылғы болып табылады. Қазіргі кезде балық қорын қорғау және қолдану оңтайлы жағдайда емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық ауланады, Шүлбі су қоймасында – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200т. Ертіс өзенінде – 5-15т, облыстағы өзендерде – 10-15т.

ШҚО балық шаруашылық су қоймалары бойынша 2010 ж. ауланған балық 2369,00 тоннаны құрады.

Шүлбі су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Шүлбі су қоймасы орта өнімді су қойма болып табылады. Қазіргі кезде Шүлбі су қоймасы балық өсіруден гидралогиялық тәртіп бойынша қолайсыз болғанына қарамастан ШҚО маңызы жағынан 2-ші балық кәсіпшілік су қоймасы болып табылады. Балық өнімінің негізін торта және алабұға сонымен қатар табан құрайды. Көксеркенің саны және оны аулау біртіндеп өсуде. Су қойманың биоценоз процесінің қалыптасуы аяқталған жоқ, оған жіңішке денелі мөңке мен жіңішке денелі өзен шаянының пайда болуы және тез таралу дәлелдері айғақ болуда.

Балық аулау бөгеннің жеке бөліктері бойынша да және жыл мезгілдері бойынша да жүргізіледі. Балық аулаудың нәтижесі бойынша қыс (0.39-0.49кг/тор) және күз (0.54-0.99кг/тор) мезгілдерінде балық аз ауланады, ал көктемде және жазда балықтың торға түсуі 2-3 есеге көбейеді (0.99-2.6кг/тор). Балық аулаудың жоғарғы көрсеткіші барлық жыл мезгілінде су қойманың орта бөлігінде нәтижелі болады (0,99-2,6 кг/тор). Бөгеннің жеке бөліктеріндегі жалпы балық өнімділігі 73-86 кг/га, ал орташа 79 кг/га –ны құрайды. Балық өнімділігін көбейту және балық өсіру тиімділігін арттыру мақсатында Алтай филиалының қызметкерлері Зайсан-Ертіс балық қорғау басқарма қызметкерлерімен біріге отырып, балық пен суды пайдаланудың қажетті көлемі жасады.

Шүлбі су қоймасындағы балықтың қорын қорғауды, пайдалануды және қайта өндіруді оңтайлату мақсатында ұсынылады:



  • торта, алабұга, табанның қорларын пайдаланудың өсін көбейту мақсатында міндетті түрде аумен аулауды енгізу;

  • жасанды уылдырықтау қоймасын орнату бойынша міндетті шаралар көлемін жүргізу.

Бұқтырма су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Бұқтырма су қоймасы – Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері – шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар – табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген – табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары, деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды. Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда, балықтың көп бөлігі өзендерде уылдырықтайды.

Бұқтырма су қоймасының салынғанына 40 жыл болды. 60-80 жылдары балықтардың және омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді. Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт жүретін болады.

Табанның популяциясы 80 ж-ң ортасына дейін және көпшұбардың популяциясы 90 ж-ң ортасына дейін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету нәтижесінде тез дамыды; даралардың өсуі және көбеюі жоғарғы қарқынмен жүрді. Азық қоры азайғаннан кейін бұл даралардың биологиялық көрсеткіштері күрт төмендеді, паразиттік ластау көздері пайда болды, ауру көбейді. Нәтижесінде табанның тоғандарда және көкшұбардың тереңсулы учаскелерде супербасымдылығы қазір сұрақ астында.

Соңғы жылдары көксеркеге сұраныс көбеюде , оның нарықтық бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5 есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Бұқтырма суқоймасы барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Ертіс бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.

Көктемде көлді-өзенді бөлікте тор арқылы аулау жоғары болады, ондағы аулау мөлшері өзен сағасы маңындағы кеңістікте 16,3 кг/тор , орташа 5,17, жазда 6,21 кг/тор орташа мөлшерде 4,02, бірақ бұл жерде балық аулауға шаянның тез өсуі және көптігі кедергі келтіреді. Таулы бөлікте тормен аулау 0,22-ден 3,05-ке дейін құбылады, орташа тәулігіне 1,32 кг/тор. Күз кезінде аулау жаздағы сияқты орташа 1,28 кг/торды құрайды.

Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).

Облыс суқоймаларындағы балық қорының жағдайы қазіргі кезде табиғи суқоймалардан 11 мың тонна балық өнімін өндіруге болатындығын көрсетеді. Ол үшін балық аулаудың тиімді тәртібі қажет, балықты аулауға тіркеу және бақылау жүргізу керек, табиғат қорғау құылымдарының жұмысын оңтайлату.


Бұқтырма су қоймасында табан саны бойынша ең басым балық түрі болып табылады, нәтижесінде лигулез ауруының таралуы болды. Онымен күресудің негізгі әдісі табанды қарқында аулау, бірақ бұл әдіс іс жүзінде экономикалық себептерге байланысты орындалмай жатыр.

Көксерке санын қатаң түрде реттеу қажет. Оны өндіру көлемі бекітілген лимитке сәйкес келу қажет. Су қоймаларда оның қорының көбеюі дерматофибросаркомамен ауруына әкеледі. Көксеркені облыстың кіші су қоймалары және көлдерінде өсіру жолы мен әдісін ойластыру қажет.

Бағалы жергілікті балық (шортан, оңғақ, аққайран, мөңке) түрлерінің санын жаңа «Су қорларын пайдаланудың ережелерін» қабылдағаннан кейін, Жоғарғы Ертістің гидрологиялық тәртібінің тұрақтанғанынан кейін арттыру мүмкін.

Алакөл жүйесінің көлдер құрамына екі ірі көл кіреді – Алакөл және Сасықкөл. Бұл жерде кәсіптік балқаштық алабұға табыны сақталған, сазанды аулау жүргізіледі. Көксерке дерматофибросаркома ауруына шалдыққан. Табан, мөңке балықтары тұтынушы көз қарасы жағынан дұрыс пайдаланбай жатыр. Алакөлдік көлдерді балықтандыру және балық қорларын пайдаланудың кешенді сұлбасын құру қажет.



ШҚО көлдері және кіші су қоймаларында тауарлық балық шаруашылығының дамуы

2010 - 2012 жж. кезендегі,  ҚР Үкіметінің 06.01.2006 ж. №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту концепциясында көрсетілген негізгі міндеттердің бірі «...су тоғандарының тұрақты кәсiпшiлiк базасын құру, кәсiпкерлердiң балық шаруашылығын жүргiзу бойынша рөлiн арттыру және шығарылатын өнiмнiң, Еуропалық Одақ стандарттарына сай келетiн балық өнiмдерi экспортының сапасын жақсарту, тауарлық балық өсiру шаруашылықтарын тиiмдi басқару, аквакультураны дамыту, балық кластерлерiн, тауарлы бекiре өсiрудi құру, балық шаруашылығы су тоғандарын қорғау және өсiмiн молайту жүйесiн жетiлдiру көзделедi.


2010 мен 2012 жылдар аралығындағы кезеңге арналған даму бағдарламасы мынадай шараларды қабылдауды талап етедi:
балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру;
балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты жағалық инфрақұрылымын құру;
балық өнiмдерiн биржалық, опциондық және фьючерстiк саудалауды дамытудың тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
жылына 12-15 миллион дана бекiре шабақтарын шығарумен айналысатын Атырау және Орал-Атырау бекiре өсiру зауыттарын толық өндiрiстiк қуатқа шығару;
Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде тауарлық бекiре шаруашылықтарын құру және оларды бекiре шабақтарымен қамтамасыз ету. Бекiрелердiң аналық-жөндеу бастарын қалыптастыру;
молықтыру кешенiн балық өсiрудегi түбегейлi жаңа бағыттармен қамтамасыз ету;
балық шаруашылығы үшiн халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
Каспий теңiзiнiң бөгде қоныстанушыларымен күрес бойынша шараларды әзірлеу және iске асыру. Олармен күрес бойынша бiрлескен мемлекетаралық зерттеулерге қатысу;
қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды өтеуге субсидиялар бөлу және пайдалануға берiлген мезеттен бастап алғашқы үш жылда салық салуға жеңiлдiктер беру;
"Балық және балық өнiмдерi" халықаралық көрмелерiн, балықтарды қорғау, өсiмiн молайту, өндiру, өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды және аквакультураны дамыту мәселелерi бойынша семинарлар өткiзу;
су қоймаларын пайдалану режимiн қамтамасыз ету және балық шаруашылығы талаптарына жауап беретiн суды шығындаудың заңнамалық тәртiбiн белгiлеу;
жойылып кету қаупi төнген және республиканың Қызыл кiтабына тiркелген құнды балық түрлерiнiң өсiмiн жасанды молайту бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеу. Селекциялық-генетикалық орталықтар құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн аналық балық үйiрлерiн ұстауға жағдайлар жасау арқылы құнды балық түрлерi коллекциясының тектік қорын қалыптастыру;
су тоғандарын (учаскелерiн) пайдаланушылардың Салина артемиясын, шаяндарды және басқа да гидробионттарды өндiру, өсiру мен пайдалану және оларды экспорттау тәртiбiн анықтау бойынша пайдалану туралы ереже әзiрлеу;
су бассейндерiмен шектесетiн елдердiң мамандарын қатыстыру арқылы iрi балық шаруашылығы су тоғандарының ихтиоценозын қалыптастыруға бағытталған ғылыми негiздердi әзiрлеу ...»

2007-2015 жж. ҚР балық шаруашылығын дамыту Концепциясында Республикадағы өткен кезеңдегі балық шаруашылығы жағдайына ретроспективті талдау беріледі, соның ішінде, тауарлық балық шаруашылығы туралы сұрақ қозғалады, ол «...өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары сәтті дамығын ... Бейімделген су қоймаларда бір, екі, үш жыл жүрген тауарлық балықтар өсірілген. 1970-1990 жылдар аралығында тауарлық балықтарды өсіру көлемі 0,6 мың тоннадан 9,8 тоннаға дейін 14,2 есеге артты. Мұндай тауарлық балық өндіру қарқыны бұрыңғы Одақ республикаларының еш бірінде болмаған...» 1981-91 жылдары ШҚО көлді-тауарлық балық шаруашылығын (КТБШ) құру жұмыстары жүргізілді, оған облыстың 18-20 көлі мен кіші суқоймалары пайдаланылды (Сибин, Балықтыкөл, Олемба, Совхоздық, Шыбындыкөл т.б. көлдері, және Каменское, Шар, Тайынты суқоймалары).

«...1990-2005 жылдары Республикады тауарлық балық шаруашылығы дамыған жоқ. Тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейін азайды. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезеңінде тауарлық балық шаруашылығының мемлекеттік реттеу жүйесі жүргізілмеді. Республикалық қандай да бір бағдарламалардың болмауы осы бағытты дамыту бойынша бұл салада балық шаруашылық субъекттерінің толық қызмет етуіне мүмкіндік бермеді...» ШҚО 30.05.2002 жылғы облыстық Маслихаттың № 15/9-II шешімімен 2002 жылы «2002-2004 жж. кезеңдерінде облыстың балық шаруашылығын дамыту аймақтық Бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «...облыстың көлдері мен кіші суқоймаларын жекеленген супайдалануға беру және оларда тауарлық балықтарды өсіруді ұйымдастыру...». Балық шаруашылық мақсаттары үшін жарамды суқоймалардың тізімі құрылды, оларға 40 кіші суқоймалары және 29 көл кірді. Сол кезде көлдер мен кіші суқоймаларын балық шаруашылық мақсаттары үшін жеке меншікке беру жұмыстары басталды.

ШҚО ұлан-байтақ су қорының бар болуына қарамастан, оның бәрі балық шаруашылығында пайдалануға жарамды деп айта алмаймыз. Облыста балық шаруашылық жоспарда суқоймалардың үш санаты бар:



  • балық шаруашылық жоспарында балықсыз және болашақсыз;

  • ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;

  • бағалы балық түрлерімен балықтандыру және өсіру үшін жарамды.

Балықсыз көлдер және суқоймалар (Әміренкөл, Батырхан, Белкөл, Қозылкөл, Құрымбайкөл көлдері, Кішіүлбі суқоймасы), олар балықтар өмір сүру үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамды, немесе температура көрсеткіші төмен және су алмасу коэффициенті жоғары. Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатынға жатады, ол жерде табиғатты пайдалану шектеулі. Бұл нысандар табиғат ескерткіштері және қорықтар болып табылады (Марқакөл) ол жерде шаруашылық қызметіне тыйым салынған, немесе туризм және спорттық-әуесқой балық аулауды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Облыстың 100 артық кіші суқоймаларын пайдалануға болады немесе олар балық шаруашылық мақсатында қолданыста. Кейбір суқоймаларда кәсіптік балық аулау жүргізілуде, бірақ ондай кіші суқоймаларда қарқынды бір науқаннан кейін балықтың қоры 4-5 жылда ғана қайтадан қалпына келеді. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда тұқы, ақсаха, дөңмаңдай, ақ амур сияқты бағалы балық өнімдерінің жыл сайын 2 тоннасын ауласа болады.

Қазіргі уақытта облыста «2006-2010 жж. ШҚО агро өнеркісіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасы» әрекет етеді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «... жергілікті маңызы бар балық шаруашылық суқоймалырын конкустық негізде пайдаланушыға бекіту...» 131 суқойма кіргізілген тізілім құрастырылған. Тізілім облыс Әкімімен бекітілген. Суқоймаларды пайдалану бекітілген тәртіпке сәйкес қолданылу керек. Мысалы, арнайы өкілетті органмен бекітілмеген, балық шаруашылық ғылымымен дәйектелмеген жаңа балық және омыртқасыздар түрін өз бетімен кіргізу заңмен жазаланады. Сонымен қатар балық шаруашылығын дұрыс жүргізбеу, судың химиялық құрамын және керекті тыңайтқыштарды, ихтиофаунаның құрамын тіркемеу, мелиоративті шараларды жүргізбеу өсірілген балықтардың өлуіне, суқойманың экологиялық жағдайына зиян әкеледі.

Көптеген суқоймалардың иелері бар. әр бір нақты суқоймаға ҒӨО Алтай филиалының мамандары қоныстандыру үшін нысандар анықтады, отырғызатын материалдың нормасын есептеді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстар жасады. Ағымды жылы 25.01.2007 ж. № 57 ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Суқоймаларды балықтандыру және акклиматизациялаудың Республикалық сұлбасы» бекітілді, оған ШҚО бойынша Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының материалдары кірді. «Сұлбада...» ірі суқоймаларды балықтандырумен бірге, облыстың кіші суқоймаларын да балықтандыру бар.
Шалқар (Батыс Қазақстан облысы)





Жайық алабы

Шалқар көліБатыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы көл. Жайық алабында. Теңіз деңгейінен биіктігі 16,7 м. Ауд. 205,8 км2, ұз. 18,4 км, ең енді жері 14,7 км. Қазаншұңқыры айқын қалыптасқан. Жағалаулары солтүстік, оңтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған жерлерінде жарлауытты, биіктігі 3 — 10 м. Шолақаңқаты (Шалқараңқаты), Есенаққаты өзендері құяды, су деңгейі 15,5 м көтерілгенде Солянка өзені ағып шығады. Деңгейі көктемде көтеріліп, күзге қарай сабасына түседі. Минералдары көктемде 3 — 4 г/л-ден қысқа қарай 6 — 8 г/л-ге дейін өседі. Көлде аққу, қаз, үйрек, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді. Мал суарылады, балық ауланады. Жергілікті тұрғындар Шалқарды “Кіші теңіз” деп те атайды. [1]

Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол – Шалқар көлі.

Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл.

Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан.

Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны.

Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Алайда бір «версия» мейлінше көңілге қонымды. Көл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий маңы ойпаты орнында жоғарыда айтылған теңіз болған.

Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар көлі адам назарын өзіне тарқан, оның жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік тайпалары – қазақ халқының ата-бабалары қоныс тепкен.

Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы араб көпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Ахмед Ибн-Фадлан Хорезмнен Бұлғарияға дейінгі маршрутын сипаттай келе, ерте дамыған ортағасырда Еуразия кіндігі палеографиясына көп көңіл бөлген. Шалқар көлі айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, көлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна, (кіші Аңқаты) және көрсетілген – «бұның бәрі үлкен өзендер» деп өзендерге сипаттама берген.





Шалқар айнасы өзіне бүкіл дала бұлттарын тартады

Шалқар көлі айналасына Х ғасырдың өзінде елді мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде көпестер, миссионерлер қонақ болған. Көл жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай болған.

Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні нақтылай түсті.

Қалалық типті мекендердің ірісі – Ақ мешіт мекені. Ол Шолақ Аңқаты өзені жағасында орналасқан. Қаланың қалыптасқан уақытын XVIII-XIX ғасырларға жатқызуға болады. Өңірдегі отырықшы қала мәдениеті ескерткіштерінің ең ірісі.

Бұған ұқсас ескі қала Атырау облысындағы Сарайшық қаласын алуға болады.

Табиғат нысаны ретінде, көлдің маңызды көрінісі 1768-1774 жылдары академик П.С.Палластың басқаруымен Ресей Академиясы ғылымдарының зоологиялық экспедициясы кезінде зерттеле бастады. П.С.Паллас көлдің жан-жақты сипаттап қана қоймай, балық аулау, оны ұйымдастыру мен реттеуге байланысты да жазды.

Су айдынының шикізат базасы туралы, су айдынын реттейтін ғылыми-қорытынды шаралар туралы терең білім алу қажеттілігін, ХІХ ғ. ортасында өнеркәсіптің қарқында өсуі анықтап берді.

Географиялық қоғамның ұсынысымен 1952 жылы академик К.М.Бэрдің басшылығымен ихтиофаунаны зерттеу мен балық аулау кәсібінің жағдайы бойынша экспедиция ұйымдастырылды (Бэр, 1860). Бэрдің экспедиция бойынша көмекшісі Н.Я.Данилевский Шалқар көліне келіп, оның морфологиясын, грунт құрамын, тереңдігін баяндап, судың сұлбалық жоспарын жасады. Сонымен қатар оның ихтиофаунасы туралы кейбір мәліметтерді де келтірді (Данилевский, 1853). Балық өсіру тиімділігін сақтаудың алғы шарттарының бірі ретінде Н.Я.Данилевский: «Тұщы судың құйылуының ағымын азайтады, оның сапасын бұзады, түбінің қасиеттілігін өзгертеді, су өсімдіктерін құртады, бүкіл бассейннің байлығын жойып жіберуі мүмкін» - деп, су жүйесінің тұрақтылығын анықтаған.

Шалқар көлінің физикалық-географиялық шарттары туралы қысқаша сипаттамасы, оның жаға желілері, грунт құрамы, тереңдігі, ихтиофаунасы мен гидробиологиялық кешендері бассейнде балық аулау кәсібі жағдайын зерттеген Н.А.Бородин еңбектерінде қамтылған.

Н.А.Бородин – біздің жерлесіміз, 1861 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Орал әскерлер гимназиясын алтын медальмен тәмамдап, Петербург университетіне оқуға түседі. жаратылыстанушы, кейіннен Кеңес ғалымы, Гарвард және Кембридж университеттерінің профессоры. Көптеген жылдар бойы балық өсірумен, оның ішінде Шалқар көлі мен Солянка өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды өсіру тәжірибелерімен айналысқан. Оған шалқар селедкасы мен шалқар торта балығы туралы алғашқы сипаттамалар тиесілі. Шалқар көлінің гидрофаунасын зерттеу негізінде ғалымдармен көл генезисі бойынша Понто-Каспий су айдындарының қалдық су айдыны, бұрынғы геологиялық дәуірдің реликтісі болып табылады деген пікірлер айтылды. Кейбір қазіргі заманғы ихтиофауна өкілдері алғаш рет 5-7 млн. Жыл бұрын шекарасы қазіргі Жерорта теңізі, Қара теңіз, Азов теңізі, Каспий теңізі және Арал теңіздері шекара шегінен асып, тұзы аз Понтикалық көл-теңізде пайда болған.

Қазақтың белгілі жазушысы, Қазақ ССР-нің Мемлекеттік лауреаты, Шалқарда дүниеге келген Х.Есенжанов өзінің «Ақжайық» трилогиясында Шалқар көлін былай сипаттайды: «Шалқар – үлкен көл, оның ұзындығы жиырма верст, ал ені – 15 верст болады. Сағадағы әрі бетін көк толқын бұйралап, теңіздей шалқыған Шалқар көл жатыр. Көлге борлы ақ тұмсығын төндіре шөккен арғы беттегі Сынтас тауы алыстан бұлдырайды; шетіне көз жеткісіз судың алыс кенересі көк жиекпен қосылып доға сызық тартқан. Айналасы атпен жүрсе қос күндік Шалқар көлі бейне бір ожаудай; алыстан аққан бұраң бойлы көп түбекті, Арқа беті қызыл жарлы Аңқаты өзені – ожау көлдің сабы сияқты».

Көлдің қазіргі көрінісі дөңгелек-жұмыртқа тәрізді формада, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы – 14 км. Максималды тереңдігі 18 м, тереңдігі 10-нан 12 метр тереңдікті көл түбінің 30 %, ал екі метрден кем тереңдікті 30 % алып жатыр.

Көлде 1,4 млрд. куб.м.-ға жуық су жиналады, көлдің ең үлкен ауданы 24000 га. Желді күндері судың бетін ақ бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді.

Шалқар көлінің суы тұзды хлоридті-натрийлі минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Бұның өзі оның құрамы теңіз суымен ұқсас екендігін көрсетеді, ал экологиялық жағдайы демалушылардың сауығуына септігін тигізгендіктен, көптеген теңіз суларынан артық та.

Көлге шығыс жағынан 2 өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал бір Солянка өзені Жайық өзеніне құяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет