ОМАРТАШЫНЫҢ ҚҰПИЯ СЫРЫ
Кәсiп түбi-нәсiп
Қасиеттi Құран-Кәрiмде "Ара" атты сүре бар. Онда бал арасынан алынатын барлық өнiмнiң адамға пайдалы екенi айтылыпты.
Алладан түскен соңғы кiтапта араға арналған сүре тұрса, оның қаншалықты пайдасының барлығы осынан көрiнетiнi сөзсiз ғой.
Қазақ ежелден балды да, бал арасын да бiлсе керек. Бұған көне Отырар, Сайрам, Сығанақ қалаларының орнынан табылған балауыз сияқты заттар дәлел. Соған қарағанда, там-тұм омарта ұстағандар да болған. Рас, ол туралы дерек көздерi тым сирек. Ал қазiр бiзде бал арасын ұстаудың шежiресiн 1786 жылдан, яғни, қазақ даласының сонау шығысында жатқан Алтай өлкесiн Ресейдiң отарлау кезеңiнен бастайды. Сонан кейiн аталған кәсiп Жетiсу өңiрiне тарапты. Ақжайыққа алғашқы омарташылар мен бал арасының "отбасылары" көршiлес Орынбор өңiрiнен келген.
Қай заманда да өмiрден өшпейтiн омарташылық Кеңес өкiметiнiң жылдарында өрiсiн кеңге жайды.
Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейiн Қазақстанда 400 мыңға жуық ара ұясы болып, ұжымшарлар мен кеңшарларда және жеке шаруашылықтарда ұсталды, бағып-күтiлдi. Отанымыз жыл сайын Жапония, Оңтүстiк Корея және тағы басқа елдерге 50 мың тоннадан астам жоғары сапалы, мөлдiр де таза балды экспортқа шығарып отырған.
Бал арасын өсiру саласында 100 мыңнан астам адам еңбек еттi. Бал арасын өсiру – бiреулер үшiн кәсiп болса, екiншiлер үшiн нәсiпке және бос уақытын мазмұнды өткiзудiң көзiне айналды.
Алайда соның барлығы бүгiнде бәрi өтiрiк". 2008 жылы елiмiзде бар болғаны... 2780 тонна бал өндiрiлiптi. Қазiр бал арасын өсiрумен бүкiл республика бойынша тек он мың адам ғана айналысуда. Салыстыратын болсақ, Украинада бұл кәсiпке мойын бұрғандардың саны жарты миллионға жеттi. Былай қарағанда, украин елiнiң экономикалық ахуалы бiзбен тiптi салыстыруға да келмейдi.
Сонымен қатар, ара отбасыларының саны он есеге қысқарған. Мемлекет тарапынан бал арасын өсiру саласын басқару тетiгi атымен жоқ. Қазақтың бал арасын өсiру тәжiрибе стансасы жабылып қалды.
Тек соңғы жылдары ғана iсте жанданушылық байқалады. Қазақстанның бұрынғы Үкiметбасы С. Терещенконың бастамасымен Қазақстан бал арасын өсiрушiлердiң Ұлттық Одағы құрылды. Оның төрағасы – өзi. Бұдан басқа, аймақтарда осы одақтың бөлiмшелерiн құру қолға алынды. Отанымызға сырттан бал арасы үшiн нәрлi шөптердiң тұқымдары әкелiнiп, себiлуде. Нәр беретiн ағаштар отырғызу iске асырылып жатыр.
Осы салаға қажеттi құр ал-жабдықтар өндiретiн кәсiпорын ашылмақ. Тағы да басқа iстерге қозғау салынды.
Таулы Алтайдың шөбi шұрайлы, жасыл желектi аңғарларындай болмаса да, Ақжайықта да омарта ұстап, күнiн көргендер бұрын да аз кездеспеген. Тап қазiр де жоғалып кете қойған жоқ. Тек санының күрт кемiгенi болмаса.
Гүлжан Мәжитқызының айтуынша, бал арасын өсiруге және омарта ұстауға қызығушылар жеткiлiктi. Аталған ұжым шiлде айында "Информбиржа" газетiне "Тұңғыш омарташылар компаниясы "Тенториум" жұмысқа және ынтымақтасуға шақырады" хабарландыру бергенде, безек қаққан телефонда тыным болмапты. Сан адам, iшiнде өзiмiздiң қаракөздер де бар, қалайша бал арасын өсiруге болады, омартаны қалай ұстау және басқа үдерiмдер жөнiнде кеңес пен көмек беруiн сұрапты.
Осы жерде айта кеткен жөн, омарташылардың арасында қандастардың саны әлi де саусақпен санарлықтай...
Алайда бал арасын өсiрудi онан әрi дамытуға кедергi де көп. Оның да түрлi себебi бар. Мәселен, бал арасы нәр жинайтын екпе шөптер өсiрiлетiн алқаптар жоқтың қасы. Барының өзi тым аз. Мысалы, өңiрiмiзде өсiрiлiп жатқан күнбағыс түрлерi мейлiнше майлы болғанымен, бал арасына берер нәрi жұтаң. Эспарцет, қарақұмық сынды нәрi мол дақылдардың себiлмегенiне көп болды немесе барының өзi жартымсыз.
Несие жайыда алаңғайырлық облысымызға танымал омарташы Сергей Кривобоков биыл банктен несие алды. Рас, ол өзiнiң мүлiктiк және қаржылық мүмкiндiгiне кәмiл сенiмдi. Өкiнiшке қарай, өзге омарташылар мұндай қадамнан әзiрге жалтарулы. Өйткенi, кез келген банктың пайыздық жеңiлдiктерiнiң жоқтығы өз алдына, сол несие алу үшiн сандаған ведомствоға барып, құлаш-құлаш құжат жинаудың машақатын айтыңызшы?!
Соңғы кезде тағы бiр аяққа оралғылар туындады-биыл шiлде айында қабылданған Қазақстан Республикасының биоқосымшалар туралы заңында бал арасының бiр өнiмi-прополис биоқосымшаға жатқызылған. Сондай-ақ, дәрiгерлер қауымы да: "Араның балы да аллерген" деп, ызыңдай бастады. Ал мұндай ұйғарымдарға Г.Мұхамбетқалиева сол саланың маманы ретiнде үзiлдi-кесiлдi қарсы:– Табиғаттың тума тұнбасы болғандықтан, бал ешқандай аллерген де, биоқосымша да емес.
Тек бал ғана емес, арадан алынатын прополис, аналық сүт, тозаң гүлi және басқа өнiмдер бүкiл дертке дауа.
Апитерапия-яғни, бал арасы, бал өнiмдерiмен сауықтыру-ежелден келе жатқан ем-домның түрi.
Тiптi балды дәрi-дәрмекпен қатар қолданса, ол ағзадағы дәрiден тұла бойға сiңген химиялық улы заттарды бiртiндеп шығаратын көрiнедi. Сондықтан компанияға келушiлердiң қарасы үзiлмейдi, жұмыс телефонына да тыным жоқ. Бiр сөзбен айтсақ облыс омарташылары ара шаруашылығы туралы арнайы заңның қабылдануын асыға күтедi. Сонан соң, бал арасына қатысты облыстық бағдарлама қабылданса да, артық болмас едi. Әрине, мұның бәрi келешектiң еншiсiне тиер жұмыстар.
Жайықтың балы да арзан. Келiсi 2 мың теңгеден аспайды. Атырау мен Ақтауда ол 3,5-4 мыңнан кем емес. Тек жасанды емес, тазасын таңдай бiлсеңiз болғаны. Айтпақшы, 14 қыркүйекте атаулы күнге орай, Орал қаласындағы М.Ықсанов және Құрманғазы атындағы көшелердiң тоғысқан тұсында бал жәрмеңкесi ұйымдастырылды. Одан құр қалғандар Орал қаласының күнi-18 қыркүйекте болған келесi жәрмеңкеге барып, өз қалағандарын тапты.
Осыған орай айтарымыз, "Тенториум" компаниясы жан-жақты байланыс орнатқан. Сонау Ресейдiң Пермь қаласында бал өнiмдерiнiң бүкiләлемдiк көрмесi ретiндегi мұрағат бар екен. Мiне, соған жеткiзiлген Ақжайықтың балы "Ең сапалы да дәмдi өнiм" деген бағаға ие болса керек.
Бал арасын өсiру және омарта ұстау-әрi қиын, әрi қызықты кәсiп. Кеткен шығынды ақтайтыны өз алдына, Гүлжан Мәжитқызының айтуынша, кiрiсiнiң өзi кейде 200 пайызға дейiн барады.
Қазақтың даңқты ұлы, Кеңес Одағының екi мәрте Батыры Талғат Бигелдинов ағамыз жетпiстен асқан шағында омарташылыққа ден қойыпты. Осы кәсiппен түбегейлi айналысқан ақсақал өзiнiң таза балды күнделiктi тұтынуының арқасында денсаулығының күрт жақсарып, ағзасының жасара түскенiн айтады. Әттең, Талғат ағамыздың өнегесiнен бүгiнде қолы бос, кейбiр мазасыз, қытымыр қарттарымыз үлгi алса, кәне?!
Қали АХОН, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлiм бастығы:
Бал арасын өсiрудiң және омарташылардың қиыншылықтары маған жақсы таныс. Қазiргi экономикалық ахуалға байланысты ара шаруашылығына байланысты облыстық бағдарлама жасау кейiнге шегерiлген. Ендi ара нәр жинайтын екпе шөп пен ағаштар алқабына келсек, омарташылар өзара бiрiгiп, келiсiп, жер алсын да ексiн. Оған бiздiң тарапымыздан кедергi жоқ. Немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi шаруашылық қожайындарымен келiсiп, өзара тиiмдi ынтымаққа ұмтылса, несi ауыр?! "Жыламаған сәбиге омырау бермейдi" деген халық даналығы бар ғой.
Өзiмнiң пайымдауымша, өңiрiмiзде ара өсiрудiң үлкенкелешегi бар.
Руслан ДОСМҰХАМБЕТОВ, омарташы: Осы кәсiппен бес жылдан берi айналысамын. Әрi еңбек, әрi ермек. Пайдасы да мол. Өзiме де ұнайды. Атақты Шерлок Холмс та омарта ұстапты ғой.
|
Араны да асылдандыруға болады
|
|
|
Омарта ұстау, ара өсірудің пайдасы зор. Өйткені бал бүгінгі күні әлем бойынша үлкен сұранысқа ие. Мәселен, балдың түрлі ауруға қарсы емдік қасиеті, тұрмыстық заттар жасауға керектігі баяғыдан белгілі. Ал бал құрамында адам ағзасына пайдалы 60 түрлі зат бар.
Мысалы, глюкоза, минералды тұздар, ферменттер, дәрумендер, радиоактивті заттар және бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Осыдан-ақ ара ұстаудың аса пайдалы екенін байқайсыз.
Өркениетті елдер жыл сайын омарта ұстауға, ара тұқымын асылдандыру үшін жүздеген миллион доллар бөледі. Өйткені ара балына сұраныс көп. Өзін ақтайтын сала. Ал бізде ше? Елімізде ара шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысында жақсы дамыған. Бұл аймақта соңғы жылдары асыл тұқымды омарта санын арттыру да дұрыс жолға қойыла бастаған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы ҒЗИ омарташылық бөлімінің меңгерушісі Абзал Жұмағалиев: - «Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері асыл тұқымды омарта саны артуда» дегенді айтады. «Желтоқсанда аумақта асыл тұқымды 12 омарта болса, қазір олардың саны 24-ке жетті. Ұлан, Күршім аудандарында олардың саны алтаудан, Глубоковский, Шемонайха мен Қатон-Қарағай аудандарында - үшеуден, Үржар және Көкпекті аудандарында - біреу бар. Өкінішке қарай, біздің омарташылардың көбі, бұдан жүз жыл бұрынғыдай ауыр қол еңбегін қолданады. Ал бал алудың кез келген кезеңін механизациялау өнімділікті 25-30 пайызға арттырады. Біз жергілікті машина жасау зауытында бал бөлгіш электр аппаратының екеуіне, сондай-ақ көшпелі омарташылық үшін типтік модульдеріне тапсырыс бердік» дейді ол.
Сондай-ақ ғалым орыстың орта белдеу жазығы тұқымының кенді-алтайлық эндемикалық популяциясын сақтау үшін, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінен тұқымы белгісіз араларды әкелінуін тоқтату мақсатында әр ауданда 3-тен 5-ке дейін, барлығы - 35 асыл тұқымды ара омартасын ашу көзделуде. Одан басқа, алдағы уақытта омарташылар үшін бал алу әдісі бойынша 10 семинардан тұратын курс өткізу жоспарланып отыр. Қазір Шығыс Қазақстанда қазақстандық балдың 70% үлесі жиналады (800 тоннадай). Ал облыстың әлеуеттік 18 мың тонна бал жинауға жетеді.
|
БАЛ АРАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Вирустық салдану.
Бал арасының салдануы (Паралич пчел) – ересек аралар жаппай қырылатын вирустық ауру.
Қоздырушысы – Maratovirus paralisis мөлшері 27-45нм, РНҚ геномды 930С-та қыздырғанда 30минутта өледі. 40С-та бірнеше күн, ал -200С-та 6 айға дейін сақталады.
Ерекшелігі: Вирус жас және кәрі аралар үшін зардапты. Тәжірибе жүзінде араларға вирусты бүркіп жұқтырғанда, олардың 25-100%-ы 8-14 күн ішінде, кейде кейінірек өледі. Таралу жолдары анықталмаған.
Қоздырушы вирус жүйке жүйесінде және аш ішектің эпителийінде орналасады.
Клиникалық белгісі: Ауру басталғанда аралар қозынып, өте белсенді болады да, кейіннен сыртқы әсерге бейтараптанып, қорғаныс әрекетінен қалады, ауаға көтерілуі ауырлап, ұшуы баяулайды. Ауырған ара ұзақ уақыт қозғалыссыз болып, тиіскен кезде қанатын зорға қозғалтады. Ауырған және өлген аралардың сыртқы түті түсіп қалады, түсі жылтыр қара-қошқыл болады. Ауру жіті өтіп, ара тез арада құрыстанып, өліп кетеді. Кейде ауру созылмалы өтіп, 30-40күнге созылуы мүмкін. Ондай жағдайда араның ауруға шалдыққандығы байқалмай қалады. Аурудың таралуына ауа райының ыстық болуы қолайлы ықпал жасайды.
Алдын –алу шаралары: Сау омарталарды ауру әкелуден қорғап, араларды дұрыс күтіп, олардың ыстыққа ұрынбауын қадағалау қажет. Ауру шыққан омартадағы араларға көктемде 500мл қант шырынына 200000 ӘБ биомицин қосып береді. Ұядағы араларға 50мг панкреатин рибонуклеазасын 15мл суға езіп бүрку жақсы нәтиже береді.
Аскосфероз.
Аскосфероз немесе өсіннің әктенуі – жетілген балапан құрттардың өліп, кеуіп қалуымен ерекшеленетін араның жұқпалы ауруы. Кепкен балапан құрттар қатайып, түсі ағарып әкке ұқсайды, содан ауру өсіннің әктенуі деп аталады.
Қоздырушысы – Ascosphera apis – аскомицеттер класына жатады. Саңырауқұлақтың мицелияларында аскомицеттерге тән септалары болады. Бояп қарағанда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Аскосфералар жетілген кезде жекелеген қапшықтары жарыла бастайды. Жетілген спорацисталар 45-120мкм. Споралар ара ұясында ондаған жылдар бойы сақталады.
Ерекшелігі: Араның аскоферозы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда байқалды. Кейіннен басқа Европа елдерінде, АҚШ пен Канадада тіркелді. Ауру қоздырушысының бастауы ауырған және өлген балапан құрттар, ал жұғу факторлары – қоректік азық пен механикалық тасымалдаушы ересек аралар.
Клиникалық белгісі: Әдетте әлсіз ұялар жиі ауырады. Ең алдымен кәрездің төменгі жағында орналасқан еркек аралардың балапан құрттары зақымданады. Кейін жұмысшы аралардың балапан құрттары да ауыра бастайды. Мицелиялар кутикулаларды тесіп өтіп, балапан құрттың денесін ақ зең басады. Әсіресе, оның мойын тұсында ақ жаға тәрізді орналасады. Өлген балапан құрттар кеуіп, сұрғылт ақ түске еніп ұяларынан оңай алынады. Жабық өсінділер зақымданғанда қақпақшылардың астынан зеңнің ағарған дақтары көрінеді.
Алдын – алу шаралары: Омартада күшті ара ұясын қалтырып, үйшікті жақсылап жылылайды, араларды сапалы қорекпен қамтамасыз етеді. Аскосфероз байқалғанда, зақымданған өсінді алып тастап, ұяны тығыздайды, омартаны тазалап, жақсылап жылылайды. Әлсіз ұяларды бір – біріне қосып, біріктіреді. Араларға әдеттегі жеміне натрий пропионатын және сорбин қышқылын қосып илеп, шелпек жасап береді, кейіннен бұл препараттарды 50% қант шырынына қосады.
Қалталанған өсін.
Қалталанған өсін – бал арасының жетілген балапан құртының денесі сұйыққа толы қапшыққа немесе қалтаға ұқсап өліп қалатын жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы – РНҚ геномды, систематикалық орны айқындалмаған вирус. Вирионының мөлшері 30нм. Тауық пен тышқанның фибробластарында өсіріледі. Балда 1ай шамасында, шірігенде 7-10 күн сақталады. 590С-та қыздырғанда, күн сәулесінің әсерінен тез өледі.
Ерекшелігі: Вирус 5-6 күндік араның балапан құрттары үшін зардапты. Ересек аралар жасырын түрде ауырып, денесінде ұзақ уақыт вирусты сақтайды. Қоздырушы адам мен жылы қанды жануарлар үшін зиянсыз. Ұя ішінде вирус балапан құрттарға зарарланған бал және гүл тозаңымен қоректендіргенде беріледі. Омарта ішіндегі аралар ұяшықты тазалап, өлекселерді шығарған кезде денесінде вирусты ілестіріп, балапан құрттарды қоректендіргенде оларға жұқтырады. Вирус алып жүретін ересек аралар өзінің және бөтен омарталардағы ұяларға ауру таратады.
Вирус балапан құрттардың сыртқы қабатындағы торшаларды зақымдайды. Түлейтін сыртқы қабат пен өсіп келе жатқан ішкі қабаттың ұлпаларының арасында кеңістік пайда болып, ол сұйыққа толады. Майлы ұлпа ыдырайды. Гемолимфаның торшалары іріміктеніп, балапан құрт өледі.
Клиникалық белгілері: Өсіні бар кәрездің түрі шіріме ауруларындағыдай ала-құла болады. Ұяшықтардың қақпақшаларының кейбірі тесіліп, кейбірі мұлдем болмайды. Негізінен ауызы жабық өсіндер өледі. Ауруға жұмысшы, еркек және аналық аралардың балапан құрттары шалдығады. Өзіне тән иісі болмайды. Зақымданған балапан құрттың түсі бозғылт, өлексесі ұяшықтан оңай алынады. Өлексе сұйыққа толы қапшыққа ұқсайды. Қабығын тескенде ірімігі бар сұйық ағады. Өлексе жиырылып, басы сорайып, балапан құрттың жалпы пішіні ұшы қайқайған башмаққа ұқсайды. Аралар өлексені қапшығын бүлдірмей шығарып тастайтындығынан, ауру оншама тарамай, зілсіз өтеді.
Ауру мамыр айының соңында, маусымда байқалып, шілдеде сирек кездеседі. Бал жинау молшылық жағдайда болғанда ауру тежеліп немесе мүлдем тоқтап қалады. Ауа райы қолайсыз, суық, жауынды, бал жинау жетімсіз болса, керісінше ауру кең етек алады.
Алдын – алу және күресу шаралары: Омартада мықты ұяларды ұстап, оларды жеткілікті мөлшерде қорекпен қамтамасыз етіп, жақын туыстық ұрықтануына жол бермей, барлық санитариялық, тазалық ережелерін мұқият орындап, жүйелі түрде құрал – жабдықты дезинфекциялап тұру – аурудың алдын алудың негізгі шарттары.
Ауырған араларды емдейтін арнайы препараттар жоқ. Егер ұя оншама зақымданбаса, зақымданған кәрезді алып тастайды. Ауырған ұяның анасын жас аналықпен ауыстырады. Үйір қосу жақсы нәтиже береді. Нашар ұяларды бір – біріне қосады. Ұя күшті зақымданғанда оны зарарсыздандырылған омартаға көшіреді. Ауру жойылған соң 1жылдан кейін карантин алынады.
Гафниоз.
Бал арасының гафниозы немесе қылау – іші өтіп, қыстың соңы мен көктемде жаппай қырылуға соқтыратын жұқпалы ауру.
Қоздырушысы – Hafnia alvei (B. paratyphi alvei) ұсақ, ұштары жұмыр келген полиморфты таяқшалар, мөлшері 1-2 х 0,3-0,5мкм, спора түзбейді, қозғалмалы, барлық анелин бояуларымен жақсы боялады, грам-теріс. Гафния бактериялары суда қайнатқанда 1-2минутта, 58-600 С-та 30минутта өледі.
Ерекшелігі: Ауру негізінен қыстың аяғында жіне көктемде, ал жазда күн суытып, жауынды болғанда байқалады. Оның шығуына араның қоректік балының сапасыз сұйық болуы, орналасқан жерінің суық және ылғалдылығы ықпал етеді. Көбінесе жұмысшы аралар ауырады. Қолдан жұқтырғанда қоздырушы бактерияны 5-10% қант шырынына қосып берсе аралардың өлімге ұшырауы күрт көбейеді, ал микробты құрғақ ұнтақ қантпен бергенде аралардың тіршілігі әдеттегідей өзгере қоймайды.
Көктемде ара ұяларын қысқы орынынан шығарғанда, кәрездерді ауыстырғанда, адасқан аралар арқылы, ортақ ыдыстан суарғанда ауру сау ұяның араларына жұғады. Өлім көрсеткіші, ара орыны ылғалды болғанда, 50-60%-ға жетеді.
Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 3-14күн. Гафниоздың өзгеше клиникалық белгілері болмайды. Ауырған ара ұша алмай жорғалап жүреді.Құрсақ бөлігі қампиып,іші өтеді. Тыныс ала алмай, кейде аяқтары салданады. Ауру жіті өткенде араның шығыны мол болады. Көктемде ұша бастағанда аралар иісі жағымсыз, жабысқақ, сұйылған, шамадан тыс көп мөлшерде бозғылт – қоңыр түсті нәжіс бөліп шығарады. Көктемгі ұшуы сылбыр болады. Омартаны тексергенде қорек қоры мол, бірақ барлық кәрездер қоңырқай жабысқақ немесе сұйық экскременттермен былғанған. Ауырған араны сойып көргенде ішектері кеуіп, ластанған ақшыл немесе ақшыл сұрғылт түсті болады.
Алдын – алу және күресу шаралары: Аралардың күтімін жақсарту әдетте ауруды тоқтатады. Аралардың шығыны көп болған жағдайда оларға 3рет арасына 1апта аралатып 1л 50% қант шырынына қосып левомецитин – 0,2г, стрептомицитин 200000 ӘБ, биомицин 100000ӘБ антибиотиктердің бірін береді.
Бал арасының инвазиялық аурулары.
Браулез (ара биті) – Браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы – Браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар жабысып, бүкіл тыныс мүшелерін бітеп тастайды. Бұл жағдайда аналық ара жұмыртқалауын тоқтатып, әлсіреп өледі. Ал браула жабысқан жұмысшы аралардың гүл тозаңын, шырын жинау қабілеті төмендейді.
Ауруды анықтау – үшін браулаларды жинап алып, балға, глицеринге немесе спиртке салып лабораторияға жөнелтеді.
Емі – ауырған ара семьяларын фенотиазин түтінімен ыстайды, 1,5 г фенотиазинді қызарып шоқталған түтіндеткішке салып ақшыл қызғылт түтін шыққанда әр ұяның есікшесінен 30-40 рет үрлейді. Келесі ара семьясын осы әдіспен емдеп, ең соңында екі ұяға да қосымша 20 будақтан түтін жібереді. Емдеу жұмыстарын үш күн ұдайы кешке қарай жүргізіп, 10 күннен соң қайталайды. Ұядағы төселген қағаз үстіне құлап түскен браулаларды жинап өртейді.
Алдын алу шаралары – омартаны карантинге жауып мал дәрігерлік- санитарлық қағидаларға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізеді.
Карездерді ұялардан алып уақытша қоймаға апарып қою арқылы браулалардың личинка, қуыршақтарын өлтіреді. Араға он күн салып қя едендерін, рамаларды тазалайды. Бал жинаған ұяшалардың бетін пышақпен кесіп ашып, браулалардың жүретін жолдарын бұзады.
Мелеоз – сақа аралардың денлеріне қоңыз (майка) личинкаларының жабылуынан туындайтын инвазиялық ауру.
Қоздырғышы – қоңыз личинкалары ара денесіне әр түрлі шөптерден (әсіресе күнбағстан) гүл тозаңын, шырын жинағанда жабысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналастырылған омарталарда жиі кездеседі.
Араларға әсіресе шұбар қоңыздың личинкалары қатты залалын тигізеді. Олар ара денесінің қатпар аралық жарғақтарына кіріп емін-еркін ара денесінің өлін сорып қоректенеді. Үлкендігі 3 -5 х 1 – 2мм ғана осы личинкалар ара денесіне қоныстанып, оны тез арада өлтіреді де, басқа араларға жабысады. Қоңыздың бір личинкасының өзі 3-4 араны өлтіре алады. Көінесе әлді семьядағы аралар қатты жарақаттанады.
Аурудың белгілері – аралар мазасызданып жүгіреді, секіреді, денесін тазалауға тырысады. Ұя түбіндегі қондырмадан көптеген ара өлекселерін көруге болады. Қоңыздың биологиялық өніп-өсу мерзіміне қарай мелеоз ауруы, көбінесе негізгі бал жинау кезеңінде омартаға зиянын қатты тигізеді. Әр семьядағы бал, гүл тозаңдарын жинағыш араларды күрт азайтады.
Ауруды анықтау – ара денесін мұқият қараса ауруды жай көзбен-ақ анықтауға болады.
Алдын алу шаралары – аурудың алдын алу омартада кездескен аналық қоңыздарды құртады да ара өлекселерін түгел жинап алып өртейді.
Түтіндеткішті ағаш көмірімен шоқтандырып жағады да, үстіне 50 г темекі жапырағын немесе ұсақ темекі салады. Сөйтіп осы ауру байқалған ара семьяларын түтіндетеді. 3 – 5 минуттан кешікпей ұя түбіне құлаған қоңыз личинкаларын жинап алып өртейді.
Акарапидоз – немесе кенелік ауру, акарапис Вуди кенесі тудыратын, ересек аралардың инвазиялық ауруы.
Кенелер аралардың трахеасында тоғышарлық етіп, бітеп тастайды. Олар организмдегі қоректі заттарды сіңіріп, өздерінен улы токсин бөліп шығарып, аралардың өліміне әкеп соғады.
Трахеаға түскен аналық кенелер он шақты жұмыртқаларын салады. Организмнен тыс кенелер рамкаларда, омарта қабырғаларында, балда және т.б. жерлерде кем деген де 3-4 күн тіршілік ете алады.
Акарапидоз жыл мезгілінің кез келген уақытында шығуы мүмкін, көбінесе жазғытұрым пайда болады. Ауру аралардың қанаттарының орналасуы бұзылып: олар әр жаққа қайырылған тәрізді. Ондай аралар қша алмайды. Ұша алмайтын аралар омартадан сүйретіліп шығып, кешке қарай бір жерге үйіліп жатып өліп қалады. Егер акарапидозға күмән туған жағдайда 30-50 сүйретілген, қанаты дұрыс орналаспаған араларды ветеринарлық лабораторияға жіберу керек. Акарапидозға диагноз дұрыс қойылды деп саналады егер, трахеада кенелер болса, сонымен қатар әртүрлі, аралардың сыртқв денесінде тоғышарлық ететін кенелерде болады.
Емі және алдын алу – акарапидозды болдырмау үшін, араларды бұл аурудан таза аймақтардан әкелу керек. Омартада жақсы күтім жасау керек, қыстықтарын ылғалдандырмау керек, пасектерді құрғақ, биік жіне желден қорғау керек. Үлкен су қоймаларынан алшақ жерлерде ұстау керек, омарталарды бір-бірінен 4-6 м алшақта ұстау қажет.
Акарапидозбен ауырған арлардың семьясын жазылғанша карантинге жабады. Емдік препараттарды ауруларға ғана емес, сау араларға да береді. Емдеуді әртүрлі препараттармен жүргізуге болады: интробензол қоспасымен,метилсалицилатпен, эфирсульфонатпен, тедионмен, чешск препаратымен БЭФ, фольбекспен, скипидармен және тағы басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |