Дәріс 9. Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы
Дәріс 10. Үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы
Дәріс 11. Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы
Табиғи су көздері дегеніміз – өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар, сонымен қатар ірі бөгендерді бөгеу арқылы да қолдан жасайды. Су қоймалары жатады.Міндетті түрде қарастырылады. Қазақстанда → Шығыс Қазақстан Облысы аумағында осындай бірнеше су қоймалары бар. Ол Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен су қоймалары бар. Қазақстанда ең үлкен – Қапшағай су қоймасы бар.
Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы – табиғи су көздерінде балық қорын көбейту, өсіру, сақтау және сапасын анықтауға бағытталған шаралар. Ол үшін балықты қолдан көбейтіп қана қоймай, табиғи көбеюіне, өрістеуіне жағдай жасау. Табиғи су көздеріне мелеративтік – өзен арнасын тазалау, табиғатын қалпына келтіру шаралары жүргізіледі.
Табиғи су көздерінде балықты көбейту үшін тек қолдан шабақ өсіріп, оларды табиғи су көздеріне жіберумен қатар балықтың жаңа бағалы түрлерін жерсіндіру, балықтың ареалын көбейтудің маңызы зор. Бұл балықты дүние жүзінде және Қазақстанда өсіргенде біраз шаралар жүргізіліп жатыр.
Жалпы елімізде өзен, көл, теңіз балық шаруашылықтары дамыған су айдындарынан 3,5 млн. га, бұларды балықтандыру мақсатында 15 балық өсіру және 3 балықтын уылдырық өсіру, 10 питомнигі, 2 бекіре зауыты елімізді дамытуда.
Қазақстан Республика су айдындарына Балқаш, Алакөл, Зайсан, Шардара, Қапшағай жатады. Зерттеулер нәтижесінде су айдындарының Ихтиофаунасы соңғы 20 – 50 жылдары күрделеніп, 30-дан астам балық түрлері өсіріліп, бейімделеген. Мысалы: көксерке.
Ш.Қ.О-дағы ең ірі Ертіс өзені. Ол Монғолия, Алтай тауларында. Ұзындығы 3825 км дейін. Ол – Зайсан, Өскемен, Шүлбі су қоймаларымен шектеседі.
Жалпы дүние жүзіндегі жағдайға келетін болсақ, көптеген мемлекеттер табиғи су көздерінде балық өсірумен айналысады. Кемелердің саны 30000-нан астам екен.
Табиғи гидросистеманың құрылысы өзгеріске ұшырап жатыр. Бөгендер салынып, нұқсан келтіруде.
Бекренің 90% аулайды – Қазақстандықтар. 1989 жылдан бастап өсіріп Каспийге жіберіп жатыр. Таяу жылдары 12-15 млн шабақ жіберу міндет. 30 млн дарақ шабақ өсіріп жіберуге көтерілуі керек. Қазақстанда: 300 тоннадай балық өсіретін болса, Болашақта 50 млн. жеткізуге көздеп отыр.
Балық аулауға мөлдем тиым салған – Марқакөл, Айыр көлдері. Шағын көлдерде балық тез азаяды 4-5 жылда. Оларда үнемі балық санын сүзіп, қорғауы тиіс.
Жапония, Қытай, АҚШ, Америка, Чилиде, Перу Марикультурамен айналысады. Табиғи су көздерінің биотехнологиясына келетін болсақ көптеген мемлекеттер айналысады. Каспий теңізіндегі 25% балық питомниктерінде өсіріп, теңізге жіберіледі.
Табиғи су көздерін өсіретін шаруашылықтар ұйымдатыруы мен технологиясы жағынан 3-ке бөлінеді:
-
Балық зауыттары
-
Тоғандарда уылдырық шашатын және шабақ өсіретін шаруашылықтар
-
Кіші көлдерде, тоғандарда балық өсіру шаруашылықтары.
Балық зауыттарында – аса құнды аталық пен аналықты ұстап уылдырық салатын шаруашылықтар. Қазақстанда – Бекіре, Қортпа, Шоқыр , Сига, Ақ балық бар. Заводтық әдіспен инкубациялайды.
Тоғандарда табиғи жолмен уылдырық шашатын көксерке көбейтіледі. Олардың шабақтары өзен-көлдерге жіберіледі. Ал кішігірім көлдерде балық аулауға тиым салу арқылы өсіреді. Мысалы: 4-5 жыл тиым салынады. Балық зауыттары өзен, көлдердің саласында орналасқан 2011 жылы Атырау өнеркәсібі Каспийге 4 млн бекіре жіберген. Бірақ бұл мемлекет тапсырмасының жартысы ғана. Осы шабақтарға чиптер арқылы бақылап, қанша тауарлы балық шыққанын анықтайды. Ең ірісі Атырауда 2 үлкен зауыт бар- балық шаруашылығымен айналысатын және бұдан басқа Бекіре, Сига секілді.
Табиғи жолмен уылдырық шашуға өсіретін тұқы балықтар:
-тоғандық әдіспен немесе
-лимандық әдісі бар.
Лиман – қазақша "қойнау, жайылма" су жиналатын ойпат деп аталады. Тұзды көлшіктер Ресейде орналасқан Көксерке мен Таран балықтарын өсіреді. Жазда суын ағызып жібереді.
Шағын көлдерде балық өсіру биотехнологиясы. Алдын – ала дайынадалады. Ол үшін милиративтік жұмыстармен қатар тазалап, артық шөптерін тазалап, тыңайтады. Бірнеше тәсілдер қолданылады.
-
Тереңдігін азайтады.
-
Уылдырық шашатын жерлерді жояды.
-
Шөппен қоректенетін балықтар жіберіледі – ақ амур.
Табиғи қорын қалыпқа келтіреді. Оларда өсіру үшін шабақтарды балық өсіріп көбейтетін шаруашылықтардан әкеледі. Жылан балық табиғи жолмен тез өседі. Балық ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жүргізіп отырады.
-
Балық жемі – балық тіршілігіне қажетті табиғи немесе қолдан жасалынған қорек. Балықтардың табиғи қорегі судағы ұсақ жәндіктер мен өсімдіктер. Судың беткі қабатында болатын балық жемі планктон фитопланктон, яғни, өсімдіктер және зоопланктон, яғни, жәндіктер болып 2ге бөлінеді. Су түбіндегі балыққа жем болатын өсімдіктер мен жәндіктерді бентос деп атайды. Балықтың дернәсілдері мен шабақтары зоофитопланктондармен қоректенеді, өсе келе жыртқыш балықтар (шортан, алабұға, көксерке) майда балықтарды да жей бастайды. Табан, сүйрік, таутан, сазан, оңғақ, мөңке балықтары судың терең жерінде жүріп зоопланктонмен, бентоспен қоректенеді. Қолдан өсірілетін тоғандағы балықтарды табиғи жемнен басқа, қосымша құрама жеммен де қоректендіріп отырады. Құрама жемнің құрамында құнжара мен сүрлемнің көптеген түрлері, дән ұшықтары, тағам қалдықтары, ұн, кебек, ұсақ балықтар мен ет, сүйек ұны, малдың қаны мен өкпе – бауыры сияқты ішкі органдары, өсімдіктерден жас қалақай, капуста жапырағы, сиыр жоңышқа, беде, жүгері т.б. заттар болады. Соңғы кездері құрама жем түйіршіктелген түрінде дайындалады. Құрамында жемді өндірістік жолмен дайындағанда оның құрамына А, Д, В1, В2, В3, В6, В12, РР витаминдері мен кобальт, кальций, фосфор тұздары қосылады.
Оларды су құйылған пакеттермен, шелек тәрізді ыдыстармен тасымалдайды. Пакеттерді, ыдыстарды ішінде тоңазытқышы, 4бұрышты қорапшалары бар машинаға салып 1жерден 2жерге тасымалдайды
Балықтарды азықтандыру. Балық жемі – балық тіршілігіне қажетті табиғи немесе қолдан жасалынған қорек. Балықтардың табиғи қорегі судағы ұсақ жәндіктер мен өсімдіктер. Судың беткі қабатында болатын балық жемі планктон фитопланктон (өсімдіктер) және зоопланктон (жәндіктер) болып екіге бөлінеді. Су түбіндегі балыққа жем болатын өсімдіктер мен жәндіктерді бентос (фитобентос және зообентос) деп атайды. Балықтың дернәсілдері мен шабақтары зоофитопланктондармен қоректенеді, өсе келе жыртқыш балықтар (мыс, шортан, алабұға, көксерке) майда балықтарды да жей бастайды. Табан, сүйрік, таутан, сазан, оңғақ, мөңке балықтары судың терең жерінде жүріп зоопланктонмен және бентоспен қоректенеді. Қолдан өсірілетін тоғандағы балықтарды табиғи жемнен басқа, қосымша құрама жеммен де қоректендіріп отырады. Құрама жемнің құрамында күнжара мен сүрлемнің көптеген түрлері, дән ұшықтары, тағам қалдықтары, ұн, кебек, ұсақ балықтар мен ет, сүйек ұны, малдың қаны мен өкпе-бауыры сияқты ішкі органдары, өсімдіктерден жас қалақай, капуста жапырағы, сиыр жоңышқа, беде, жүгері, т.б. заттар болуы мүмкін. Соңғы кездері құрама жем түйіршіктелген түрінде дайындалады. Құрама жемді өндірістік жолмен дайындағанда оның құрамына А, Д, В1, В2, В3, В6, В12, РР витаминдері мен кобальт, кальций, фосфор тұздары қосылады.
Балық жемі. Балықтардың қорек ететін тағамдар құрамына түрлі мөлшерде балық ұны, балық майы, бидай, бидай және жүгері глютені, бұршақ протеині, соя протеині, майсызданған рапстың ұрығы, соя майы секілді компоненттер кіреді. Жем ретінде төмен температуралы (LT) балық ұны ғана қолданылады.
Арқан балық (лососевые рыбы) тұқымдастары азығының құрамында түрлі көлемде астаксантин болады (стандартты мөлшер - 40 және 80 мг/кг). Жемнің құрамында пигментті концентраттар мөлшері 20 мг/кг болса, балықтың әр 1 кг. дене салмағына 4 мг пигмент, ал пигментті концентраттар 50 мг/кг болса, онда 5 мг пигмент қосылады. Балық 1 кг. салмақ қосу үшін ол 4,3-4,5 кг. азық жеу керек. Яғни 300 тонна тауар балығын алу үшін 1,5 мың тонна азық керек. Балықтар табиғи жолмен салмақ қосатын болса, онда суқойманың бір гектарынан 3-4 центнер балық ала аласыз, ал егер оларды қосымша қоректендіретін болсаңыз, онда дәл осы алаңнан 12-15 центнер балық алуға болатынын ескерген жөн.
Балық аурулары
Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Аеромонас пұнцтата — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті, ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз (қоздырғышы Дацтyлогyрұс вастатор және Дацтyлогyрұс ехтенсұс құрттары), сангвиниколез (Сангұініцола інерміс), диплостомоз (Діплостомұм цһроматопһорұм), ботриоцефалез (Ботһріоцепһалұс ацһеілогнатһі), лигулез (Лігұла інтестіналіс) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.
Алиментарлы аурулар
Алиментарлы деп жұқпалы емес ауруларды атайды. Олар зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталады. Сапасыз және негізгі қоректік заттардың және витаминдер жетіспеу себебінен туындайды.
Бахтақ бауырының циррозды дегеннерациясы.
Жасанды азықты қолданғанда бахтах өсіретін шаруашылықтарда кеңінен кездеседі.
ЭТИОЛОГИЯСЫ. Ауру бахтахты сапасыз немесе рационда майлы азық немесе артық тамақтандырғанда байқалады.
Табиғи ераық беріп немесе дұрыс және сапалы жасанды азықпен өсірген бахтахтарда бауырдың цирфойдты дегенерациясы болмайды. Ауру көбінесе құбылмалы бахтахта кездеседі. Албырттық басқа түрлері құбылмалы бахтахпен бірге өсіргенде ауырмайды.
Клиникалық белгілері . Ауру жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түрде балықтар қараяды, қоректенбейді, таяз суда бір-бірлеп кездеседі,сыртқы тітіндіркендіргіштерге назар аудармайды.Балықтар өлер алдында тепе-теңдіктен айырылады, бұраңда тәрізді қимылдамайды,кейде құрысу байқалады.Желбезектері бозарады, көздері бадырақ болады.
Көпшілік балықтар өлімге шалдығады.Ең алдымен ірі балық-
тар өледі. Созылмалы ауру түрінде балықтардың жалын денесінің тұсы және тәртібі өзгермейді. Балықтар қоректеніп , біршама жылжымалы болады. Балықтар арасында өлім ұзақ уақытқа созылып көпшілікте байқалмайды.
Алдын алу шаралары. Ауру анықталғанда азықтандыру кезеңінде үзіліс жасайды. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастап, оларды жаңа ауланған семіз емес балықпен, ірі қара малдың көк бауырымен , витаминдер қосып ауыстырады. Бахтахтың бауырында регенерация қабілеті жоғары болады. Егер барлық алдын алу шаралары өз уақытында жүргізілсе , балықтар тез айығады.
АҚ АМУРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Этиологиясы. Ауру себебі табиғи азықтың жетіспеу салдарынан, балықтарға тән емес жасанды азықпен азықтандыру болып саналады.
Ауру белгілері. Ересек балықтар ауырады. Клиникалық белгілері айқын көрінбейді. Кейбір балықтарда сулы домбығу байқалады, қабыршағы үрпиеді, көздері бадыраяды. Ауру балықтар анық байқалады белгісіз өтеді. Өлген балықтарды сойып жарған кезде ішкі ағзаларда майдың жиналганы байқалады.
Ауру балықтардың бауыры ақшыл-бозғылт кейде сарғыш дақтар көрінеді. Көк бауыры құрт ұлғаяды және қанға толады.Кесіндіде сары жолақтар байқалады.
Патологоанатомиялық зерттеу. Ауыр түрде науқастанған ақ амурлардың ішкі ағзаларын гистологиялық зерттеуден өткізгенде , бауыр паренхимасының жасушаларының ыдырауы және некроз ошақтары табылады, бүйректің интерстициялды ұлпасында және көк бауырында цирройдты гранулалардың жинақталуы, сонымен қатар бүйрек түтікшелерінің дистрофиясы байқалады.
Ауруды анықтау. Балықты сойған кезде, осы ауруға тән майлы жинақтардың байқалуына және азықтың анализіне негізделе отырып қойылады.
Алдын алу шаралары. Тоғанға ақ амурларды салудың қалыпты мөлшерін қадағалау, балықтардың тығыздыгын реттеу қажет. Табиғи азық жетіспеген жағдайда, әсіресе әртүрлі балықтар жіберілген кезде , тоғанға жаңа шабындық шөбін енгізеді.
БАХТАҚ
Балық аурулары-балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді.
Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады.
Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады.
Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті, ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз (қоздырғышы Dactylogyrus vastator және Dactylogyrus extensus құрттары), сангвиниколез (Sanguіnіcola іnermіs), диплостомоз (Dіplostomum chromatophorum), ботриоцефалез (Bothrіocephalus acheіlognathі), лигулез (Lіgula іntestіnalіs) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.
Балықтардың жүзу жарғағы қабуынуының ауруының
алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге
асырудың ветеринариялық ережесі
Осы балықтың жүзу жарғағы қабуынуының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Жүзу жарғағының қабынуы - балықтың жүзу жарғағының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Барлық жастағы балықтар ауырады.
2. Жүзу жарғағының қабынуы ауруын балау індеттанулық деректердің, клиникалық белгілерінің, ең бастысы патологоанатомиялық өзгерістер негізінде жүргізіледі.
3. Балық өсіретін шаруашылықтарда және табиғи балық шаруашылық су айдындарында тұқы балықтың жүзу жарғағының қабынуы пайда болған жағдайда қолайсыз танылып "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес шектеу қойылады, оның шарты бойынша мыналарға тыйым салынады:
1) балықтың барлық түрлерін, уылдырықты көбейту, қалыптасу мақсатында және балық қорегіне пайдаланылатын омыртқасыздарды, су өсімдіктерін әкелуге, әкетуге;
2) балық өсіретін шаруашылықтарда немесе тоғандарда тұқы балықпен бірге суда жүзетін құстарды асырауға;
3) балық аулайтын құрал, сайман, жабдықтарды, киім кешектерді, қамыс шабатын құралдарды, тірі балықтарды салып қоятын тоған ыдыстарды қолайсыз шаруашылықтан сау шаруашылық субъектілерінде пайдалануға;
4) жаз айларында ұрғашы және еркек балықтарды бірге өсіруге;
5) табиғи балық шаруашылық су айдындарында, шаруашылықтың басқа тоғандарынан әр түрлі жастағы балықтарды араластыруға және ауру балықпен сау балықтарды ауыстырып салуға.
4. Кейбір жағдайларда ветеринариялық органдар:
1) қолайсыз тоғандарға, аурудан таза қолайлы тоғандардан өсімдік қоректі балықтарды (ақ және ала дөңмаңдай балығын, ақ амур балығын) әкелуге;
2) егер тоғандар қолайсыз шаруашылық субъектісінің тоғандарымен байланысты болмаса, қолайсыз шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды шығаруға рұқсат етеді.
5. Өсірілген тірі тауарлы балықтарды тірі балық сақтайтын арнаулы орынға ұстамай, тек тікелей сауда орындарына тасуға рұқсат беріледі. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды тасуға пайдаланылған суларды хлорлаудан өткізгеннен кейін барып, соңынан жалпы өзектік арнаға төгіп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгіп, ыдысты тиісті өңдеуден өткізеді. Жүзу жарғағының қабынуынан қолайсыз тоғандарға балық аулайтын құрал, сайман, жабдықтары бар, киім-кешектермен, қамыс шабатын құралдармен, тірі балықтарды салып қоятын тоған ыдыстармен қамтамасыз етілген арнайы жұмыс бригадасы бекітіледі.
6. Инкубация цехтарын сумен қамтамасыз ету жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан таза су көздерінен іске асырылады.
7. Балықтарды азықтандыру үшін, таза сапасы жоғары азық түрлерімен аминокислот және белоктық құрамы мол азықтармен, және микроэлементтермен, витаминдермен байытылған концентратты азықтармен азықтандырылады.
2. Су қоймаларын сауықтыру шаралары
8. Барлық тоғандардың суын ағызып жіберіп кемінде бір жыл сусыз ұстайды. Ауланған балықтарды сауда орындарына сатуға жібереді. Бүйірі үлкейген балықтарды және судың бетінде жүзген балықтарды пісірілген күйінде жануарларды азықтандырады немесе жояды. Суды ағызып жіберіп сауықтандыру әдісінің тиімділігі тоғанның, сумен жабдықтау жүйесінің эпизоотиялық жағдайымен анықталады және тоғандардың тегістігі, оның ауданының көлемі, экономикалық мүмкіншілігі тағы басқа жағдайларды ескереді. Суын ағызып жіберген тоғандарға дезинфекциялайды, құрғатады, қатырғаннан кейін ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіреді.
9. Тоғандардың суын ағызып жіберуге мүмкіндік болмағанда сауықтырудың кешенді әдісін жүргізеді. Мұнда уылдырықты инкубациялау әдісімен алынған балықтарды өсіріп, сау үйір құрады немесе осы ауруға бейім балықтарды бейім емес немесе бейімділігі төмен балықтармен ауыстырады. Тоғандарға, аулау құралдарына және мүліктерге залалсыздандыру жүргізеді.
10. Тоғандарда балықтарды кешенді әдіспен сауықтырғанда алдын ала емдеу жұмыстарын жүргізеді.
11. Осы аурудан қолайсыз пункттердегі тоғандарды кешенді әдіс бойынша сауықтырғанда шектеу алынар алдында ветеринарлық қадағалаудың бақылауымен биологиялық сынама жүргізеді. Тоғандарға жергілікті тұқы балықтарын (бір жылға дейінгі, бір жылдық немесе бас көбейтетін) осы аурудан, басқа да аурудан таза шаруашылықтан әкелінген балықтарды жібереді. Балықтарды 15 градустан төмен емес температурада 3 ай бойы ұстайды және қолданылатын балық өсірудің тығыздығын анықтайды. Егер судың температурасы 15 градустан төмен болса, онда биосынаманың мерзімін ұзартады онда ортатәуліктік температура 3 ай бойы 15 градустан төмен болмауы керек. Осы аталған уақытта балықтың ауруының болмауы шектеуді алуға негіз болады.
12. Жүзу жарғағының ауруы толық тоқтағаннан 1 жыл өткеннен кейін кешенді ветеринарлық-санитарлық және балық өсіру-суландыру шаралары жүргізілгеннен соң, кешенді әдіспен сауықтырғанда теріс биосынама алынса "Ветеринария туралы" Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес балық өсірілетін шаруашылықтан шектеу алынады.
Балық аурулары
БОТРИЦЕФАЛЕЗ Bothriocephalus acheilognathi: Даму биологиясы
А — ересек құрт: 1 — басы мен мойны, 2—таспалары; Б — дефинитивтік иесі: 1 — сазан, 2— тұқы, 3 — мөнке, дөңмаңдай, 5— ақамур, 6— жайын; В — суда дамуы: 7 — жұмыртқа, 2 — корацвдияның жұмыртқадан шығуы, 3 — корацидий, 4 —циклоп (аралық иесі) денесіндегі процеркойд
Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті, ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз (қоздырғышы Dactylogyrus vastator және Dactylogyrus extensus құрттары), сангвиниколез (Sanguіnіcola іnermіs), диплостомоз (Dіplostomum chromatophorum), ботриоцефалез (Bothrіocephalus acheіlognathі), лигулез (Lіgula іntestіnalіs) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.
Алиментарлы аурулар
Алиментарлы деп жұқпалы емес ауруларды атайды. Олар зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталады. Сапасыз және негізгі қоректік заттардың және витаминдер жетіспеу себебінен туындайды.
Бахтақ бауырының циррозды дегеннерациясы.
Жасанды азықты қолданғанда бахтах өсіретін шаруашылықтарда кеңінен кездеседі.
ЭТИОЛОГИЯСЫ. Ауру бахтахты сапасыз немесе рационда майлы азық немесе артық тамақтандырғанда байқалады.
Табиғи ераық беріп немесе дұрыс және сапалы жасанды азықпен өсірген бахтахтарда бауырдың цирфойдты дегенерациясы болмайды. Ауру көбінесе құбылмалы бахтахта кездеседі. Албырттық басқа түрлері құбылмалы бахтахпен бірге өсіргенде ауырмайды.
Клиникалық белгілері . Ауру жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түрде балықтар қараяды, қоректенбейді, таяз суда бір-бірлеп кездеседі,сыртқы тітіндіркендіргіштерге назар аудармайды.Балықтар өлер алдында тепе-теңдіктен айырылады, бұраңда тәрізді қимылдамайды,кейде құрысу байқалады.Желбезектері бозарады, көздері бадырақ болады.
Көпшілік балықтар өлімге шалдығады.Ең алдымен ірі балық-
тар өледі. Созылмалы ауру түрінде балықтардың жалын денесінің тұсы және тәртібі өзгермейді. Балықтар қоректеніп , біршама жылжымалы болады. Балықтар арасында өлім ұзақ уақытқа созылып көпшілікте байқалмайды.
Алдын алу шаралары. Ауру анықталғанда азықтандыру кезеңінде үзіліс жасайды. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастап, оларды жаңа ауланған семіз емес балықпен, ірі қара малдың көк бауырымен , витаминдер қосып ауыстырады. Бахтахтың бауырында регенерация қабілеті жоғары болады. Егер барлық алдын алу шаралары өз уақытында жүргізілсе , балықтар тез айығады.
АҚ АМУРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
АҚ Амур (Ctenopharyngodon idella)
АҚ АМУР.
Этиологиясы. Ауру себебі табиғи азықтың жетіспеу салдарынан, балықтарға тән емес жасанды азықпен азықтандыру болып саналады.
Ауру белгілері. Ересек балықтар ауырады. Клиникалық белгілері айқын көрінбейді. Кейбір балықтарда сулы домбығу байқалады, қабыршағы үрпиеді, көздері бадыраяды. Ауру балықтар анық байқалады белгісіз өтеді. Өлген балықтарды сойып жарған кезде ішкі ағзаларда майдың жиналганы байқалады.
Ауру балықтардың бауыры ақшыл-бозғылт кейде сарғыш дақтар көрінеді. Көк бауыры құрт ұлғаяды және қанға толады.Кесіндіде сары жолақтар байқалады.
Патологоанатомиялық зерттеу. Ауыр түрде науқастанған ақ амурлардың ішкі ағзаларын гистологиялық зерттеуден өткізгенде , бауыр паренхимасының жасушаларының ыдырауы және некроз ошақтары табылады, бүйректің интерстициялды ұлпасында және көк бауырында цирройдты гранулалардың жинақталуы, сонымен қатар бүйрек түтікшелерінің дистрофиясы байқалады.
Ауруды анықтау. Балықты сойған кезде, осы ауруға тән майлы жинақтардың байқалуына және азықтың анализіне негізделе отырып қойылады.
Алдын алу шаралары. Тоғанға ақ амурларды салудың қалыпты мөлшерін қадағалау, балықтардың тығыздыгын реттеу қажет. Табиғи азық жетіспеген жағдайда, әсіресе әртүрлі балықтар жіберілген кезде , тоғанға жаңа шабындық шөбін енгізеді.
САЛҚЫН ТИЮ.
Салқын тию – ол су температурасының едәуір және тез төмендеуінің нәтижесінде пайда болатын балықтардың патологиялық күйі. Егер балықты ол болған судан, 10°С төмен суға ауыстырса онда салқын тию салдарынан өзгерістер болады. Ал егер температура айырмашылығы 12-15°С немесе одан да жоғары болған кезде, бірінші сеголеткаларда, содан кейін ересек балықтарда естен тану байқалады.
Салқын тию салдарынан пайда болатын өзгерістер, әсіресе балықтарда қыстық кезінде, судың температурасы ұзақ уақыт 0,1 – 0,2°С болғанда байқалады.
АУРУ БЕЛГІЛЕРІ. Тері қара түске еніп, қалыпты жылтырау қасиетін жоғалтады, бұлшық еттер жиырылу қасиетінен айырылады.
Төменгі температура ұзақ уақыт әсер еткенде кезде, балықтардың желбезек аппаратының қызметі өзгереді. Осы кезде кейбір желбезек жапырақшалары ісініп, қолба тәрізді пішінге еніп, ақшыл-қызыл түске боялады.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ. Балықтар бар суқоймасында, шаруашылық тоғандарында кенеттен су температурасының төмендеуін болдырмау. Егер көліктік пакеттерде және балықты өсіретін суқоймасында теңестіру үшін балықтарды пакетпен суқоймасына салады, содан кейін суға жібереді.
Ересек тұқылар үшін температуралық өзгеріс 8°С–ға дейін, ал сеголеткаларға 5-6°С болуы мүмкін. Қыстайтын тоғандарда судың температурасы +1,5°С - дан төмен болмауын қадағалау қажет. Осы мақсатпен су келетін құбырларды қалыңдап жабады, аэраццияны аязды ауада шашу арқылы жүргізбейді. Сонымен қатар тірі балықты тасымалдайтын көліктердегі судың күрт салқындауын болдырмау.
ЖАРАҚАТТАР.
Ихтиофтириаз, бірен – саран балық ауырады, негізгі клиникасы мына теңге балық денесіндегідей ақтаңдақтар
Балықтың эпидемия түрінде кездесетін «неондық ауруы», оның негізгі клиникалық белгісі балықтың түсінің өзгеруі
Бактериалық инфекцияға шалдыққан балықтың көзінің бақырайып шарасынан шығуы («пучеглазие»)
Жарақаттар балықтарды көлікпен тасымалдағанда, жыртқыш балықтар, насекомдардың личинкалары, құстар, сүтқоректілер және т.б. шабуыл жасағанда, тағы да су қоймасында қатты өсімдіктердің көп болуында, су құрылыстарынан өткенде, су қоймаларында жарылыс жұмыстары жүргізілген кезде пайда болады. Табиғи су қоймаларында балықтар, жасанды жолмен көбейтумен салыстырғанда сирек жарақат алады.
АУРУ БЕЛГІЛЕРІ. Жарақат түрі оны тигізу типіне байланысты. Балықтардың дұрыс жинақтамаған, аулаған және көлікпен тасымалдаған кезде, олардың қабыршақтары түсіп, жүзу қанаттарының ұштары сынып, дене үстіндегі жаралар, соғылған жерлер және бұлшық еттердің терең қабаттарында жарақаттар пайда болады. Егер балықтарды тығыз салған болса, олар бір – бірімен және қабырғамен егесіп тері қабаты жарақаттанады, шырышты жоғалтып қанталау байқалады.
Егер ұзақ уақыт балықтың денесінің кейбір жерлері қысылса, осы жерлерде атрофия және өліеттену байқалады. Мұндай жарақаттар қыстау кезінде, әсіресе аналық және жүдеу балықтардың табындарында жиі кездеседі.
Балық қанының жылдам ұю қасиетіне, ұлпаларда белсенді түрде жүретін регенерациялық процестерге және сапрофитті бактерияларға жоғары төзімді болуына байланысты жарақаттар жылдам жазылады.
Бірақ, кейбір жағдайларда зақымданған тері қабаты арқылы патогенді агенттер еніп, қабыну проессін және балықтың өлімін тудырады. Мысалы қыстау кезінде дене жарақаттарында сапролегния дамып, жиі балықтардың өлімін тудырады.
АУРУДЫ АНЫҚТАУ. Клиникалық белгілерге және табылған жарақаттарға ﴾жара, ойық жара, жүзу қанаттарының, желбезек қақпақшаларының сынуы﴿ негізделіп қойылады.
АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ механикалық зақымдалуды болдырмау болып саналады, сондықтан сапалы балық жабдықтарын және ссауыттарды қолдану, торларда тірі балықтарды қалыпты саннан асырмай, бір тоғаннан екінші тоғанға ауыстыру реттілігін қысқарту қарастырылады. Балықтармен бонтировка, аулау, көшіру жұмыстарын жүргізген кезде аса сақтық жасау қажет.
Қыстақ тоғандарда, әсіресе аналық қыстақтарында тоған түбінде қиыршық тастар болмау керек.
Дәріс 12. Кіріспе. Бал арасы, жіктелуі, экологиясы
БАЛ АРАСЫ ТҚҚЫМДАСЫ
Ғылыми топтастыруы
|
Дүниесі:
|
Анімаліа
|
|
Жамағаты:
|
Артһропода
|
Табы:
|
Ынсецта
|
Сабы:
|
Һyменоптера
|
Тұқымдасы:
|
Апідае
|
Тегі:
|
Апіс
|
Түрі:
|
А. мелліфера
|
Ара,үй арасы, бал арасы (Апіс мелліфера) –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұз. 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Омарта
/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Bee_Apis_mellifica_on_Muscari_comosum_(Sakhalin)_3.JPG
/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Bee_Apis_mellifica_on_Muscari_comosum_(Sakhalin)_3.JPGБал арасы.
Омарта – бал арасын өсіретін шаруашылықтардың өндірістік бірлігі. Омартада ара ұясы, омарташының үйі, әр түрлі құрылыстар (ара қыстайтын, құралдар қоятын, бал сақтайтын кәрез, т.б.) көшіп-қонуға арналған жиналмалы үйшіктер, Омарталық шеберхана, т.б. болады. Омарта Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында көбірек орналасқан
Ара шаруашылығы
Ара шаруашылығы , ара өсіру – ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар – Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 – 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.
Жер бетінде ең жақсы ара нәсілінің бірінің таза Кавказ арасы екенін және әлемде саф нәсіл өмір сүретін жалғыз аймақтың Түркияда Артвиннің Мажахел аймағы екенін білесіз бе?
Ара тұқымының жер бетінде 3 түрі бар: италиян, карниол және Кавказ аралары. Кавказ арасы әлемде таза, басқа түрмен араласпай сақталып қалған жалғыз жер – Артвин Жамили аймағы. Осында өсірілетін аралардың үстінде нөмірлері де бар.
Мол бал беретін саф Кавказ арасының ең үлкен ерекшелігі – жұмысшы аралардың қарындарының қара болуы. Сары қарындылар басқа аралармен араласқан деп есептеледі.
Кавказ аралары 500 гр бал үшін 3 миллион 750 мың мәрте гүлге қонып шығады. 1 кг бал үшін болса 40 мың дана ара 6 миллион гүлге қонады.
Ара балының құндылығы
Оның дәмдік және емдік қасиетінде
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Бал арасының үш тобы
Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.
Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.
Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.
Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мың-даған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығар-ту, ұя салдыру, балапан құрт-тарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.
Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйық-тығы, балы дәрілікке жасалады.
Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал - өсім-діктердің бірнеше түрінен жи-налған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қо-ректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи бал-ға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –
балдың құрамында крахмал-дың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсім-діктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) ба-лы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
Балдың емдік қасиеті
Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:
1. Қол-аяқ жансызданған-да, сары ара ұясының үлкені-нен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышы-маға бірнеше рет жағады.
3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұн-дырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
4. Ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясы-ның ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.
6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.
8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жа-раға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.
12. Отқа, қайнаған суға күй-ген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.
13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қо-сып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қо-сып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
17. Мәйітті бір мезгіл сақ-тауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұ-зылмайды.
Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.
18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.
Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады.
Қан аздықтан болатын ұйқы-сыздыққа ыстық су құйған жы-лытқышты аяққа басу керек.
Бір жағдайларға мазасыз-данғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады.
Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.
19. Суық тигенде, тұмаурат-қан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына
қосып, науқастан әбден айық-қанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәй-некте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қы-зарғанын басады.
20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қыш-қылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
21. Жөтелді басу үшін пи-яздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.
22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жара-қатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айы-ғатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
24. Балды үккіштен өткізіл-ген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әб-ден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақта-са, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.
25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектесе-ді.
Қатарынан бір-екі ай үз-бей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақса-рады.
26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құра-мында майды ыдырататын элементтер болса, бал жа-ғып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.
Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсім-діктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
Омарта – Ара ұясы. Омарталар – құрғақ, жылы, жақсы тазартылатын, оңай желдетілетін, араларды қыста сақтап қалуға қолайлы болу тиіс. Омартаның ішіндегі рамкалардың арасы 7,5-8 мм, рамканың қалыңдығы 25мм болу керек. Омартаны жасайтын ағаш қайыннан,шыршадан, майқарағайдан, самырсыннан, көктеректен болу қажет. Ағаштың ылғалдылығы 15% - дан жоғары болмау керек. Әр омартаның корпусының қабырғасын 2 немесе 3 тақтайдан жасайды. Омартаның сыртын олифамен домдап, 2 қабат ақ, сары немесе көкшіл қызыл түске бояйды. Омартаның төбесін металлмен жабады.
Омартаның құрылысы. Омартаның негізгі бөліктері: бір немесе бірнеше корпус, төбедегі тақтай, шатыр, түбі, жабысқан тақтай, алып салынатын тақтай, ұялы және магазиндік рамкалар.
Корпус – омарта қораптың пішіні тәріздес, төрт жағынан тақтаймен қоршаған. Оның ішінде аралардың жанұяларының орналастыратын ұяшықтар болады. Омартаның конструкциясына байланысты корпуста 10-нан – 20-ға дейін ұялы рамкалар болады. Корпустың алдыңғы қабырғасы араның жүісіне арналған жол.
Түбі – ол омартаның корпустық төменгі жағында орналасқан.
Жабысқақ тақтай – ол араның омартадан ұшып, қайта оралуына көмегін көрсетіп, жеңілдетеді.
Дүкендік надставка – ол араның жанұяларының ұяларын кеңейтуге арналған.
Төбе – ұяның ішіндегі жылуды сақтау үшін қажет.
Шатыр – омартаны сыртынан қоршап, атмосфералық қысымнан қорғайды. Омартада шатыр тегіс немесе бірскаттық және екіскаттық болады.
Алып – салынатын тақтай – көпкорпусты омартада бұл тақтай төменірек орналасады, басқа омарталарға қарағанда.Омартаның құрылысына екі алып-салынатын тақтай кіреді.Дүкендік рамка т.б. бар.
Көп корпусты омарталарда араларды күтіп бағу оңайға түседі, олардың ұяларын бұзбай кеңейте алады. Омарташы жалғыз немесе көмекшісімен көп ара жанұяларын күте алады. Омарталардан араларды көп корпусқа көктемнің бірінші жартысында көшіреді. Бұл кезде омарталарда рамкалардың ішінде төлдеу аз болады, сондықтан ол маңызды болып есептелмейді. Жазғы мезгілде төлдеу әрбір ұяда болады, оның көлемін кішірейткеннен төлдеудің бір бөлігі өлімге ұшырайды, сондықтан аралардың жанұяларының күші азайып, әлсізденеді.
Көп корпусты омартаға араларды ауыстыру ұзақ уақыт алады. Төлдеу кезінде суық тидіріп алмас үшін бұл кезеңді жылы мезгілде істейді. Таза дезинфекцияланған омартаны ескі омартамен ауыстырады, сонда араларды көшіреді, соның ішіне қысқа рамкада төлдеумен, бал және пергамен көшіреді. Төлдеуді омартаның ортасына орналастырады, ал перга мен балды шеттеріне қояды. Ескі омартада қалған араларды жаңа корпусқа қуады. Омарташы аналық араның ұяға енуін қадағалау керек. Ара жанұясының күшіне байланысты летокты 1-3 см кішірейтеді. Жазғы аралардан бал мөлшерін өте көп алады. Көп корпусты омартадан басқа: 2 корпусты 24 рамкалы омарта;Украиндық 20 рамкалы омарта; Белорустық 16 рамкалы жылытылған омарта; 16 рамкалы дүкендік надставкалв омарта; бір корпусты 2 дүкендік омарта; т.б түрлері бар.
Омарта шаруашылығы
Балара - жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғаққанаттары бар. Құрсақ бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншары орналасады. Балараның 2 күрделі, 3 қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетін сүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады
Балараны ерте кезде жабайы аралардан қолға үйреткен. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Балара киелі жәндік болып саналған. Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары - Азияның оңтүстігі және оңтүстік-шығысы деп есептеледі.Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұнда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяла 2-3 мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар - ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Үяны тазалайды, дернәсілдерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұнда 60-70 мыңдай жұмысшы балара болады.
Баларадан алынатын бал, балауыз басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдық шипалық қасиеті өте жоғары.
Балдың қайдан шығатынын біле жүрейік.
Мынау бал аралардың ұясы
Ал мынау рамаға отырған аралар.
Аралар балдарын осы жерге жинайды.
Сырттан бақылап отырсаң бұл жерде де қызу тіршілік қайнап жатыр.Аралар да өз иелерін таниды. Арнайы маскасын кимесе де оларды шақпайды.
Ара ұясы
Арнайы киімдегі омарташы
Ара ұясынан көзгенектерді алу
Ұяшықтарды ашу
Бал өндіру
Достарыңызбен бөлісу: |