10. Дәріс тақырыбы: Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция
Дәріс жоспары:
1.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция жүргізу туралы.
2.Шынайы емес тосудағы коррекция.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция жүргізу туралы.
В. Сатирдің негізгі әдістерінің бірі «жағдайды модельдеу» - ішкі өзгеріске түсер алдында, алдымен қарапайым байланысқа түсе алу. Адамның ішкі байлығы тежеуден, шынайы емее көрсеткіштерден, тағылған рөлдерден жұтайды. Ішкі бөгеттерді бұзу үшін өмірдегі ұстанымдарды қайта қарап, бүгінгі күннің талабымен сәйкестендіру қажет.
Сатир түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оң жән сол жарты шарларға әсер ете алды. Мәселен, әйел заты «мен алдымен балам туралы ойлауым керек» деген. Сатирдің тұжырымдауынша, барлық адамдар тепе-теңдік деңгейінде бір эмоциямен болғанда, сезім деңгейінде ерекшелік байқалмаған. Бөгеттерді жеңе отырып, көру, есту, сезіну және тәуекелшілдікке бара білуде қуанышты сезіну, ойды сыртқа шығару, не сезіп тұрғанымен бөлісу, қажет еткен ниетіне талпынуға ғалым мүмкіндік жасай білді.
3-шеңберде мінез-құлық, 4-жүйелер.
Қосып берген рөлдерде коррекция жүргізуде егер бала ата-ана орынбасары болса, әкесінің айтқанынан шықпау керек деген түсінікте болса, алдымен ата-аналарға қақтығыстарыңа баланы қоспай шешіңіздер деген жөн.
2.Шынайы емес тосудағы коррекция.
Ерлі-зайыптылар бір-бірінен қандай да бір мінез-құлықты іштей күтуде жүрсе, сыртқа шығарту. Индивид еш күдіксіз біреуден барлық ойында жүргеннің орындалатынын тосса, одан бас тартып, ащы шындықты мойындатып, дер кезінде жаңа ынталандыратын ресурстар табуға жетелеу. Жағдай қиындаған сайын адамдар сырттың берген рөлін дұрысқа шығарып, ішкі жағдайды ойламайтын болады.
Жылдар бойы клиенттерге бақылау жүргізу барысында өзгеру процесін бірнеше кезеңге бөлген:
Бірінші кезеңде «кво-статусы» адам өзгеру қажеттігін түсінеді, бірақ «бәрі бұрынғысындай қала берсін, себебі осылай дағдыланғанмын» - деп өзін көндіреді.
Екінші кезең «өзге таныс бірлігі» отбасы жүйесіне сырттан түсіп, тепе-теңдікті бұзады. Ол жаңа адамның қосылуы (келін, күйеу), түрмеге түсу, ажырасу немесе сынып жетекшісі де болуы мүмкін.
Үшінші кезең «хаос», адам шындығында бәрінің кетіп жатқанына түсінбей, не істерін білмей, үрейде жүреді. Осы кезеңде мүмкіндікті пайдалана отырып, жүйеге өзгеріс енгізуге болады.
Төртінші кезең «жаңа мүмкіндіктер» өткен жүкпен қоштаса отырып, жаңа ойлау мен мінез-құлықты қабылдауға дайын болатын кез. Осы кезең өзіндік бағалау мен сәйкестікті көтеруге мүмкіндік жасауды қажет етеді. Жоғары бағалау адамның күш-қуаты мен көңіл күйінен, мінез-құлқынан көрінеді. Бранден тұжырымдауынша, индивид жаңа идеялар мен жобаларға дайын болып, өзінің жетістігі мен кемшілігін ашық айтып, өзін қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс. Сәйкестігін көтеру өз бүтіндігіне, ішкі қаталдығына, өзімен-өзі болуына әкеледі.
Психотерапевт отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің өмірлеріне қажетті өзгеріс орнатуда алдымен жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде бірқатар мәселелер мен міндеттер туындайды, оны шартты түрде үш топқа бөлеміз:
1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көзқарасты отбасында қалыптастыру;
2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;
3.Отбасы психотерапиясының әдістемелері.
Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті -клиентке көмектесу, белсенді қызығушылығын ояту, келешекте осындай жағдайларды болдырмай, олардың алдын алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады.
4.Кеңесті жалғыз өткіземін бе, әлде терапевт шақырайын ба?
5.Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?
6.Отбасымен қайда жұмыс жасаған жөн? Бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?
7.Сабақты отбасымен түгелдей өткізу керек пе, әлде алдымен жеке-жеке жүргізген дұрыс па?
8.Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?
9.Қандай мәселеден бастау қажет? Жекелік пе әлде отбасылық па?
10.Нақты жоспар құру қажет пе, әлде дайындықсыз өткіземін бе?
Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу ғылыми пікірге сай жүргізілуі керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |