Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық үндестік



бет17/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
дарис

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық үндестік.

Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін мәдениетке жетелеуге, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа белшесінен батқан елді оқуға, мәдениеттілікке шақыру тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор, үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.


Ыбырай өзінің көптеген бір алуан өлең, әңгімелерін жастарды оқуға шақыруға арнады. Осы тақырыпқа арналған өлеңдерінің бірі Қазақ хрестоматиясының алғашқы бетіндегі "Кел балалар оқылық" өлеңі.
Кел балалар оқылық
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей- ақ табылар
Кел балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Кезінде бұл өлеңнің тарихи мәні айырықша зор болды. Ақын бір жағынан жастарды оқуға білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын оқу - өнер, ғылым – білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың өнер – білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даяарлауды бірінші мақсатымдеп санады.
Өнерлі білімді адамды надандарға қарама – қарсы қойып, ақын олардың біріне бірінің айырмашылықтарын тайға таңба басқандай бейнелейді. Өнерді ел бақыт, халықты мұратқа жеткізетін сенімді құрал шын мәніндегі адамгершіліктің, дүние танудың бірден бір анық жолы деп бағалады. Оқу мен ғылымның материалдық мүмкіншіліктерін де ақын терең түсінді. Адам бойындағы ең жақсы қасиет ақыл, мінез, дәулет тұрмысқа керектібұйым – бәрі де оқумен, білумен, ізденумен табылатын адам ақылының жемісі. Дүниедегі ең ескірмейтін мұрат, өмірлік сенімді деп, ақын қазақтың мол байлығына өнер – білім байлғын жарстырады. Білім еш арымайды, жұтқа ұшырамайды ол мәңгі бақыт кілті деп танытады.
Ыбырай Алтынсариннің ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп – оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адам төзімді күреспен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқуменен табады.Үстіне киер киім де еңбек жемісі, ол да тоқуменен табылған. Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету арқылы ғана өнерлі бақытты болмақшы. Адамға еңбек ету парыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбек өміркілті, оқуға өнерге жеткізетін де осы еңбек. / 3. 852 –853 /.
Бүкіл ісін ағарту ісіне арнаған Ыбырай Қазақ хрестоматиясына кірген өлеңдерінде халық ағату идеясын кең көтеру мен қатар сөйтіп, ел арасына кең жайылып жатталып кететін шығарма арқылы әсер етуді көздеді. Осындай мақсатта туған келесі өлеңнің бірі « Өнер білім бар жұрттар » атты өлеңі. Баланы жан – жақты түсінігі бар, айтқанды түсінтен, тез ұғатын, қабілеті күшті азамат етіп шығару үшін, алдымен оқыту керек. Ол сонда ғана тәртіпке түсінетін, оған мойынсұнатын саналы азамат болып қалыптасады. Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбырай шығараларында аз айтылмаған. Оқыған мәдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді. Бұл өлеңінде де өнер, білім техниканың пайдасын айта келіп, балаларды жас өспірімдерді мәдениетті ұлы орыс халқыныңқатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі - өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.
«Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып – жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.» - деп , радио, телефон, телеграфты айтса,
Мың шақырым жерлерге
Аты жоқ құр арбаны
Күн жарымда барғызды, - деп, поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетті. Мұнда бұрын естімген, білмеген ұғымдар өмірге келді. Бұдан біз Ыбырай Алтынсарин қазақ баллар әдебиетіне көркем творчествосының жаңа түрін енгізгенін байқаймыз. Бұл өлеңінен адамды таң – тамаша ететін, кісі қызығарлық, соған құштарлығыңды арттыра түсетін техниканың болу дәрежесін оқу және үздіксіз оқу арқылы ғана жетуге болатынын оқымаған қараңғы халықтың жастарына дәлел етіп, үлгі етіп көрсетті. Ғылым адамды әр түрлі апаттан алып шығады, құтқарады.
Ыбырай Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді талай беттерге кездесті. Өтірік арыз « Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне кездесті. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ.Себебі оның келешекке деген сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса да болашақ жастар орындайды деп білді.Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық надандықтарды шеней келіп;
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды, -дейді.
Қазақтың алдына өнері ілгері елдердің мәдени табыстарының көлденең тартып ол елдердің техникалық жетістіктері оқудың жемісі, оқыған адамға дүние кең, өмір сүру жеңіл, өйткені білімді адам отпен суды өзіне қызмет еткізеді, дүниенің рақаты мәдениетті өмір, жақсы тұрмыс, салтанат бәрі де өнер ақылы қол жеткен табыс. Біз де қарап жатпалық, басқа елдер жеткен өнерге ұмтылып, соған қол созайық деп жастарды өнерге үндейді.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті ау алысқа –ай,
Ұмтылыңыз қалыспай.
Ол кезде мектеп, оқу оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Қазақ ішінде мектептің, онда бала оқытудың пайдасын тез ұққандар да, баласын орысша оқытатын мектепке беруден тартынатындар да болды. Тіпті үстем тап өкілдерінің өздері де біріңғай болған жоқ. Ислам дініне берілушілер және ескілікті берік сақтағысы келгендер қадем оқуын қолдады. Кейбіреулері жаңаға қарай бейімделіп ел билеу үшін де патша өкіметінің ұлықтарын жаңа мектептерге беруді мақұл көрді. Мұндайлар қазақтың әр губерния, әр уездерінен де табылды. Бұлардың жері басқа болса да, аңсаған арман, көздеген мақсаттары бір болтын.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақтағалам.
Атаң мұнда енеңмен есен – аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл берсең басыларсың,
Ата – анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің? – деп Балқожаның Ыбырайға жазған хаты, тек Балқожа ғана емес сол сықылдылардың бәрінің көздеген мақсатынан бәрі бір екендігін аңғартады. Балқожа мен Балқожа сияқтылардың баласын оқуға бергенде, оқы білім ал, өнер үйрен соған қолың жетсе ғана ата – анаңды асырай аласың деп оқудағы мақсатты қара бастың қамына әкеліп тірейді. Бірақ сол 1850 жылы орыс қазақ мектебіне түскендердің бәрі бірдей «әкесінің баласы», халықтың баласы болып шыққандары да балды. Екінші жағынан олар патша өкіметінің қазақ балалары оқитын мектептер ашқандағы алдарына қойған мақсат – міндеттерін бас тартты. Ата – аналары, оқуың мен тек біз үшін қызмет ет десе миссионерлер біліміңді тек патша өкіметінің ықпалын қазақ даласында жүргізу үшін күш сал деді. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға, білім алуға, мәдениетілікке шақыру тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды. / 2. 228 – 229 /.
Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырады. Былайша айтқанда, адам деген ардаұты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педогог ғалымдардың кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселенің бірі десек, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педогогы Ыбырай Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педогогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педогог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, Бунаковтармен пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған “Қазақ хрестоматиясын” алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықтыланып құрылғандығын көреміз. Кітаптың мақсаты татар тіліндегі әдебиеттер арқылы далаға кең тараған ислам діні мен оның зиянды әрекеттеріне қарсы шығу, оның орнына шын ғылым беретін жаңа принципті ұсыну және оны срыс алфавиті арқылы өзінің ана тілінде тарату болса, балалардың жастарына лайықты, ең керекті материалды теріп жинастыру еді.
Кітаптың мазмұны бірнеше тақырыпты қамтиды:

  1. Бұл кітапқа балалар өмірі туралы орыс тіліндегі әр түрлі хрестоматия,

көбіне Паульсанның хрестоматиясынан алынған әңгімелер, екі түрлі жастағы адамдардың өмірін суреттейтін әңгімелер, үш қазақ жырларының өлең, жырларынан үзінді, төрт қазақтың мақал, мәтелдері.
Жинастырған материалдарына да, құрастыруларына да автор мейлінше ұқыптылықпен қарап, тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлген.И.И.Паульсанның “Книга для чтения и практических упражнении в русском языке” хрестоматиясынан басқалары К.Д. Ушинскийдің “Детский мир”, “Родное слово”, Л.Н. Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан алынған. Бұлардың көпшілігі – дәл аудармашылар да, бірқатары–ерікті аудармашылар. Кейбіреулерінің орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың өмірі мен тұрмыс – салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады. Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние танушылық көзқарасын кеңейту үшін “Қазақ хрестоматиясының ” тек өз кезі ғана емес қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар, талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол сілтейді. Мысалы: хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана – сезімдеріне лайықталып, педогогика ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын көреміз. Кітаптың бет ашары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі еңбек мәселесі болды. “Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш” әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етін жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Ал Ыбырай Алтынсариннің “Әке мен бала” деген шығармасында мынадай әңгіме айтылады.” “Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса жолда қалған аттың тағасын көріп баласына айтады:” “Анау тағаны, балам, ала жүр,”- деп. Бала әкесіне: Сынып қалған ескі тағаны не қыласың,”- деді. Әкесі үндемейді. Тағаны өзі іліп алды да жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, сонымен әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: “Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың,”- деді. Кейде сол нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездесе. Бұл жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай Алтынсарин ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талпынса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар» – деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кезде осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талапты да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай Алтынсарин «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде осыны толық жеткізіп бере алады әңгіменің мазмұны мынадай;
Даңқты Петр шіркеуге барып ғибадат етіп тұрса, сурет салып жатқан бір баланы көреді де, оның не жасап жатқанын сұрады. Бала; «Сіздің салып жатырмын» – дейді. Петр суретті көрсе, мәз нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар бала екенін аңғарып, сурет салуға үйрететін оррнға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. Жазушының бұл арадағы көздегені Петрдің ақылдығын көрсету ғана емес, жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткендігін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жеткендігін дәлелдеу. / 2. 230 – 234 /.
Махаббат, мейірімділік туралы әсіресе “Мейірбанды бала”, “Шеше мен бала”, “Аурудан аяған күштірек” деген үш әңгімесін алуға болады. Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді, олардың кейбіреулері өсе келе, тек атасының баласы болмай, адам баласы бола біледі. Тек өзіме ғана ғана болсын деген мещандық көз қарасты атап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созды.
“Мейірімді бала” әңгімесінде, 13 жасар қыз, патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз “Тақсыр жұмыс жасап бала шағаларын асырап отырған атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз”, - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасымен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады.
Сейіт шын мәнінде мейірімді болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен әллпештеп өсірген анасының қадірін білген жастар алақанына салып аялап, тәлім – тәрбие беріп отырған ұлы анасы – Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің идеясы осы. Бұл әңгіменің осылай түсінсек қана Сейіттің мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі Ыбырайдың еңбектерінде әр елдердің мәдениет майданындағы өз ара достық қарым – қатынастарын да бейнелеп отыратындығы. Ыбырай Алтынсарин балаларға басқа елдің жақсы адамдарын үлгі етуі оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді. Бұл келтірілген мысалдардан басқа да Ыбырай Алтынсариннің аударған өзі жазған қысқа әңгімелерінң әрі тәрбиелік мәні үлкен, әрі өмір құбылысы мен адам өмірінің әр алуан жақтарын қамтиды. Солардың ішінде әсіресе оның «Бай баласы мен кедей баласы» ел өшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктің оқиғасын суретке арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой түйінінде көптеген қыр жатқандығын аңғаруға болады. Бұл әңгіме сюжеті, құрылысы жағынан орыстың ұлы демократ жазушысы Салтыков Щедриннің «Бір шаруа генералды қалай асырады дегенсатиралық ертегісіне ұқсайды «Бай баласы мен кедей баласы» атты Ыбырай Алтынсриннің әңгімесінде үлкен идея бар. Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы күресушісі мен жастас балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екндігін көрсету болса, онда оларды екі таптың бейшарасы, үстемдік етуші таптың, яғни жауыздық пен қоярлықтың қапшығы, мүгедектің бейнесі деген қорытындыға келетін сияқты.
Шығарманың бас геройы етіп бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатыр. Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни жастас балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені биологиялық және психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп – дұрыс, дені де сау. Бір қарағанда Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе – бет келгенде Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі да Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе – бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз болатын тұрмыс талқысы. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасы мен ақылсыз – пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бейшаралыққа ұшыратса, әкесін де өзін де өз күші өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді кішкентай күрес үлкен етіп шығарады. Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бірі бай баласының екіншісі кедей баланың типі жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен – саран ақылды Үсендердің бар екендігін аңғартады. Бірақ ол бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз, келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді. Сөйтіп, Алтынсарин «Бай баласы мен кедей баласында» өз кезіндегі қазақ даласындығы, Обломов, Обломовшылдықтардың кіші – гірім бір көрінісін суреттеу арқылы, соны туғызып отырған негізгі себептердің бетін ашып, оқушылардың оған қарсы тәрбиелейді
«Надандық» әңгімесі де көлемі шағын, бір – екі эпизодттан болса да әңгіменің мәні зор. Өйткені оны қазақ даласындағы ғасырлар бойы серпілмелі келген қараңғылықтың бір алуан көрінісі және сол қараңғылыққа дін надандығы қосылып, ескілікке жаңа заман жаңа адамның шығарған үкімі деуге болады. / 8. 234 – 239 /.
Ыбырай Алтынсарин баланы тәрбиелеуде ананың роліне ерекше маңыз беріп, көңіл бөлген. Оның аналық махаббатын, бала өсірудегі үздік қызметін тамаша суреттеген. Баланың алғашқы тәрбиесі ананың қолында болатынын айтқан өйткені бала ананың бауыр еті, соғып тұрған жүрегі деп бағалаған.
Бала тәрбииелеуде бұл ана еңбегін қадірлей білген үздік баға деуге болады. Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, өздеріне жаттатса, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадірлі екнін сонда ғана сезіне бастар еді.Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада деген сияқты ана еңбегін қадірлемеу, сыйламау, кейде тыңдамай кету болмас та еді. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата – анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретуден басталады. Ата – анасын сыйламаған бала ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қасиет ете алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, опасыздық етуден ауыр қылмыс. Сондықтан да ана қадірін түсіне білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсарин көп ескерткен мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтелік те әйелді деген әдемі сөз де бар. Ал «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей мұнан да күшті, мұнан да әсерлірек жазылған.
«Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше
Сендер қайтып келгенше адам болып ,
Еш арманым бломас ед өле - өлгенше».
Әдебиет адам тану құралы дейміз ғой Ыбырай Алтынсарин ана құдіретін ана образын жас өспірімдерге әдебиет арқылы танытып отыр. Бұл жолдар баланы ананың жан дүниесіне үңілтеді. Ананың балаға берілгендік сезімі мен оған бақыт тілеген ізгі ниетті жас өспірімдерді тебірентіп жібереді. Ата – ананы сыйлай білген бала, оның қадір – қасиетін өз ата – анасындай құрметтей алатын боп өседі.
Балалар әдебиеті алдымен тәрбие жұмысымен тығыз байланысты болғанмен, ол бір жақты дамымаған. Оның әр алуан саласы тармақтары бар Бала тәрбиелеу, балаға өмір жолын танытып, білім беру, сана – сезіміне қозғау салып, әр жақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары да тәрбие, оқу – білімге, еңбек етуге бағытталғанын көреміз. / 7. 285- 290 /.
Осы талданған әңгіме өлеңдерді қорытындылай келеменің түсінгенім, ойыма түйгенім Ыбырай Алтынсарин әңгімелері мен өлеңдерінің тақырыптары бір бірімен үндес көтерген мәселесі оқу, білім алу, надандыққа қарсы тұру болса. Әңгімелері тек қана еңбекке, адамгершілікке, мейірімділікке, жомарттыққа шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет