Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс № 9 Мұрат Мөңкеұлының (1843 -1906) шығармаларындағы ойшылдық, философиялдық – азаматтық терендіктер



бет14/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
дарис

Дәріс № 9


Мұрат Мөңкеұлының (1843 -1906) шығармаларындағы ойшылдық, философиялдық – азаматтық терендіктер

1. Мұрат Мөңкеұлының ақындығы.


2. Мұрат - жыраулық поэзияны насихаттаушы.


1. Мұрат Мөңкеұлының ақындығы.
Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы – арнау, хат,сын-сұхбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар негізінен ақын өмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-құлық іс-әрекеттерін бейнелейді. Дүние, әлем өзгерістері туралы өзінің ойларын түйіндейді. Дүниенің жалғандығын, тұрақсыздығын еске салады. Бақ-дәулет, биік дәреже билік бәрі өткінші. Оған Адам алданады, бой алдырады. Дүниеге келген адам өсіп, жетіліп дүние-мүлік жиып, қызық көріп, әр түрлі әрекеттер жасап жүреді. Ақыры өледі. Талай асыл армандар орындалмай қалады. Пенденің көзі еш нәрсеге тоймайды. Малдылар малына, билер билігіне, сұлулар көркіне, серілер сән-салтанатына, құлқынқұмарлар барына разы болмай қайран өмірді мәнсіз талас, күрестермен, баққұмарлықпен, өткізіп алады. Біріне-бірі адамшылық, қайы-рымдылық жасаудың орнына, барын көре алмай, жоғына жәрдем бере алмай тайталас, бәсекемен жүреді. Қазіргі қазақ елін бұзып, бүлдіріп жатқан болыс сайлауы ел арасына іріткі салып, қарсы партиялар бірінің дәулетін бірі шашып, ұлықтарға, көріне көзге, жем болып аласұрып, берекесіздікке беріледі. Мысалы Есенғали болысты ақын сараң өзімшіл, тегі төмен адам, елге қайыр болмас деп мазақ етеді. /2,227/
Мұрат – сұлулықты, көркемдікті бағалай білген эстетикалық талғамы жоғары ақын болған. Ол төкпе ақынның әрбір шығармасынан айқын көрінеді. Сүйкімді мінез, нәзік жан оны әр кезде-ақ қызықтырған. Жаны таза, ақылға дана,сырт пішіні көркем,салтанатты,салмақты қыз бейнесін танытарлық лирикалық шығармалар жазған. Жігіттерге арман боларлық сұлу қыздың образын көз алдыңа елестетер «Қыз» деген өлеңі жеткен. Ақын қыз сұлулығын әр түрлі сымбаттылық бейнеде, ерекше шабытпен суреттей білген. Сұлудың сырт көрінісі, ақылы, мінезі, іскерлігі, жүріс-тұрысы, киім киісі – түгел дерлік қамтылып, бір адам бойына жинақталып тұлғаланған.
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз.
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңің сары алтындай көрінген қыз.
Мұрат сұлулық туралы арнайы термелеп, ұзақ толғаған. Оның арнайы жазған сұлулық туралы толғауы адамның асыл армандарын түгел термелеп, адамға жарасымды нәрселердің бәрін тізбектеген. Оның «Жалғаншы пәни жалғанды» - деп басталатын өлеңінде дүниедегі жарасымдылықтар ақын арманы ретті асқақ романтикамен ұштасқан. Онда сүйкімді жігіт, өнерлі ел азаматы, қыран құс, жүйрік ат, әдепті мінез, иманды жан, елге қорған болар батыр тағы басқахалық сүйсінер тұлғалар, тұрпатты бейнелер армандалады.
Соларға елдің зәру болып отырғаны айтылады. Халықтың өзінің сән-салтанаты да осыларға тығыз байланысты болатыны ескеріледі. Елдің сәні жайлы қонысы,көк орай шалғынды жайлауы,қоңды малы мен салтанатты тұрмысы деп дәріптеледі.
Қыз-бозбалаға тән мінез-құлық, іс-әрекеттерде өзіне жарасымдылық тапса ғана сәнді деп түйеді. Оларға да лайықты өмір құбылыстары ,керекті істер баршылық:
Қызды ауылды көргенде,
Ауыл жағын қамшылап...
Астына күрең ат мінсе,
Жібек те емес, жіп те емес,
Адам көрмес зат кисе.
Жиырма жасқа келгенде
Ол жігітке жарасар.
Халықтың ырысы мен дәулеті, адамдардың сәні мен сәулеті, азаматының адалдығы мен әділеттілігі қыз-бозбаланың сымбаты-сұлулығы,ақылы мен адалдығы түгел жарасым тапқан сәнді де мәнді келісімдіктерді көксейді ақын. Адал жан армандар ізгілік деп әдемілік пен жарасымдылықты алға тартады. Әсіресе, әсемдік әлеміндегі құйындата құйқылжытқан сөз нөсерлері аспаннан төгілген меруерттей жарқын сұлудың сымбатын ол:
Тал бойын қарасаң,
Сырдың біткен талындай.
Ауыздан аққан лебізі,
Кешкіқұрым ақ үйден,
Ырғай басып көрінсе,
Қамзол бешпент делбегей.
Ақын туған халқына осындай жарасым тапқан келісімдіктерді көксейді. Сол сияқты «Аттан сұлу болар ма?» толғауын оқыған адам әдеміліктің, ақындық тілдің сонны түрлеріне кезігіп, тілдің небір кереметтерін ашады.
«Арғымақ сайлап не керек?», «Ер өлмейді демеңіз», «Дүниенің төрт бұрышы», «Мен белгілі жүйрікпін», «Сөйлеймін сөзді ерінбей», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ», «Асқар асқар асқар тау» тағы басқа ақынның әсемді әлеміндегі көрінісін көркейте түсетін тамаша лирикалары. /5,175-176/
2. Мұрат - жыраулық поэзияны насихаттаушы
Жыраулық поэзияға тән ақпа-төкпе екпін, бірыңғай ұйқас,бір әріптен басталған ұзақ жолдар - жазба әдебиетке бергісіз тамаша ақындық табыстар. Тіл образдарын өз кезіне сай ерлік үлгіде, эпостық дәстүрде бейнелеуі, оларды асқақ эпитет, дәл теңеу, метафоралармен өрнектеулері – ақын поэзиясының құдіретті күші.
Арғымақтың баласы,
Арыған сайын тың жортар ,
Арқамннан қосын қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп.
Шешендік пен шеберлік үлгісі, образды сөздер қоймасы сияқты ақын толғаныстары бірінен-бірі өткен, төгіліп тұрған нұрлы сөздер:
Ақсұңқар едім – мен ұштым,
Қауырсыным түлеген,
Қалыңды қалың көліммен
Дулығалы қара нар едім,
Қатарланып асып барамын.
Мұрат ақын шығармаларының ең көлемдісі – «Қарасай –Қази» жыры. Бұл нағыз эпостық поэма. «Эпостық жырға жататын шығармалардың негізгі өзгешелігі – мұнда қандай да бір оқиғаны,жәйт-жағдайды баяндап айту тәсілі қолданылады.Эпостық шығармада әртүрлі кейіпкерлердің іс-әрекетін, күй-жағдайын, мінез-қасиеттерін, өзара қарым –қатынастарын суреттеп көрсетуге мүмкіндік мол. Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме, поэма сияқты үлгілері кеңінен дамып, өркендеп келеді.» /7,378/
Орақ батыр мен оның балалары Қарсай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. « Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі негізі мағынасында өлеңмен баяндалатын жырлап айтатын,уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма(батырлық жыры, эпостық ғашықтық жырлар). Сонымен бірге стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жағынан оларға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған.» /7,159/
«Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс,конфликт,кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.» /7,311/
«Қарасай–Қази» жырындағы ең тартымды көрініс – Қараүлек қарияның азалы жоқтауы. «Жоқтау – қазақ халқының өмірі мен поэзиясында тарихи-мәдени мәні ерекше құбылыс, тұрмыс-салт жырларының бір саласы. Халықтың асыл перзенті, елдің құрметтісі, сүйіктісі, әр шаңырақтың «ақыл-аузы», «Арқан–қазығы» дүниеден өткенде өткенде шерлі,азалы әуенмен айтылады. Оның сүйегіне, тегін, мінезіне дарыған асыл қасиеттері, ел –жұртқа, бауыр-туысқанға жасаған жақсылықтары, үлгі-өнегесі, артына қалдырған өшпес іздері мен ақыл-нақыл сөздері көркем де мәнерлі тілмен жырланады.»/7,154/
Қараүлек қария баласын жоқтаған ананың сөзін айтып қоймайды. Соған қоса, өзі ел-жұртының анасы ретінде толғап, ел қамын жер азаматтың қазасы түгел елге ауыр тиген, жалпыға ортақ аза боды деп қайғылы Қараүлектің бейнесі – ел әжесінің кейпінде тұлғалы көрініс табады. Орақтың жоқтайтын сөздер – асқақ батырға сай жар, жақсы ана екеніне куәгер.
Жыр оқиғасының тағы бір шиеленіскен кезі негізгі кейіпкерлердің араласқан тұсы, Қарасай мен Қазидай Орақ ұландарыынң патриоттық іс-әрекеттерін бейнелеген көріністер. Қарасай он жеті жасар жігіт бопқалған кезінде Орақтың өлгенін пайдаланып, оның жаулары –қалмақтар елге қауіп төндіреді. Жауға қарсы қол бастап, Алшы, Смайындар аттанады. Олардан жау қайм Батырдың ұлы бола тұра елде қалып, ата аруағын ақтамағанына өкінеді. Оны қайрап, былай дейді:
Атаңа тартып тумадың,
Беліңе садақ бумадың.
Не болды саған балаларым...
Бұдан кейін Қарасай мен он бес жасар Қази жау алдында жолығысып тілдеседі. Қазиге кері қайт деген аға сөзі өтпейді. Не көрсек те бірге көремін деп қайсарланады. Ақыры сан мың қалмақтың қолын қырып, жеңіспен елге оралады. Жыр оқиғасы қуанышпен аяқталады.
«Қарасай– Қази»жыры Мұраттың жыраулық өнерге жетік ақын екенін танытады. Ол Қарасай,Қази оқиғасын үлкен эпосқа айналдырғаны анық./2,222-227/
Мұрат Мөңкеұлының жыраулық поэзияға тән ақпа-төкпе екпін, бірыңғай ұйқас өлеңдері де көптеп кездеседі.Мәселен: «Мұраттың жалпыға айтқаны» өлеңі әуенді, дыбыстық ырғағы әлді күшті поэзия. Бірыңғай ассонанс болып келетін бірыңғай қатарда қолдану тыңдаушыға әсерлі , құлаққа жағымды болып естіледі.
Елпең-елпең жүгірсе,
Ебелек отқа семірсе;
Емендей белі бүгілсе
Жібектей жалы төгілсе;
Күн-түн қатып желгенде
Жер адымын қуырса;
Жердің шаңын аспанға
Жел құйындай суырса, – деген өлеңінде соңғы жолдарда аллитерация құбылысы да ап-айқын. Бұлай құрылған шығарма тіл жағынан оқырманды жалықтырмайды. Қазақтың өзіне тән теңеу, мета-форалары, эпитеттері қолданылады. Мысалы бірыңғай «Е» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңін қарастырсақ:
Ертеңнен шапса, кешке озса,
Еңкуден салса, төсте озса,
Еңіреуден қара қайырса,
Елікті қақтан айырса;
Бұндай өлең жолдары тек жыраулық поэзияға тән қасиеттер. Сондықтан да Мұрат ақынның жыраулық дәстүрді ұстана білгені ақиқат.
Ақын шығармашылығы мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де ұмытылмай, ел аузында сақталады. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерінде өз дәуірінің , сол кездегі халқының өмір тіршілігін айқын көрсете білген. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығының бүгінгі ұрпақ үшін қажеттілігі де осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет