Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс № 8 Базар Оңдасұлының (1839 - 1911) шығармашылығындағы басты жанрлар, көркем нақыштар, бейнелік мәселелері



бет13/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
дарис

Дәріс № 8


Базар Оңдасұлының (1839 - 1911) шығармашылығындағы басты жанрлар, көркем нақыштар, бейнелік мәселелері

1.Базар Оңдасұлының шығармашылығындағы басты жанрлар, көркемдік нақыштар, бейнелік мәселелері.


2.Базар Оңдасұлының дастандарындағы фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер


Базар Оңдасұлының (1839-1911) шығармашылығындағы басты жанрлар ,көркемдік нақыштар, бейнелік мәселелері.
Базар жыраудың әдеби әдісі Шортанбай, Дулаттарға ұқсайды. Бірақ стилі бөлек. Шортанбайда реалистік – сатиралық арна елеулі. Оның романтизмі әдеби тәсілінде емес, идеясында. Ал Базар жырауда романтикалық образдау мен идея бірлескен. Тілі мейлінше тартымды,ұғымды, көпшіл. Метафоралары халық поэзиясына жақын . Ақын замана қайшылықтарын жинақтай отыра үлкен образ жасайды. Онысы заманды шенеу ғана емес, іздену , күрес, сарынымен де байланысты . Осы сипаттарына қарап біз Базар поэзиясы романтикалық толғаудыың 19 ғасырдыың аяғындағы өзгеше бір көрінісі дейміз.
Идея жағынан Базар жырау кейбір ескішіл бағыттағы ақындар секілді пайғамбар заманын аңсамайды. Өз дәуірінің үлкен аңғарын танып , сол қайшылықтан шығудың жолын іздейді , тулайды , бұлқынады.
Романтикалық толғаудың тіл мен мазмұн бірлігіне негізделген Базар шығармаларының шынайылығы, көркемдігі, образдылығы оның поэзиясының басты ерекшеліктерінің бірі. /1.183/.
Ақын өлеңіне бейнелілік пен суретшілік тән . Ол неше бір поэтик тілдерді әсірелеу, теңеу, эпитет, метафора қолданады. Адам тұлғасын, сырт пішін, кескін-келбетін суреттеуде болсын ақындық шабыт поэтик тіл айшықтары белес береді.
Азу тілі ақсиған,
Ор қояндай қақсиған.
Көзі ақықтай сүзілген,
Тісі ақ маржандай тізілген.
Келісті келген кер миық…
-деп сұлудың сырт пішінін – портретін танытқандай сөз тізбелейді ./2.147/.
Базар ақын өз заманының кемеңгер ақыны.
Ақындар бойындағы ерекше шабыт пен таланттың көріністерін Базар өзіндік сөздер мен танытады. Ақын шабытын жүйріктер қимылдарына ұқсатады.

  • Шабарына келгенде ,

Қашаған қуған жүйріктей.
Оңды теріс оралған ,
Озарына келгенде
Қарадан шығын жоғалған.
Жыраудың өлеңдерінде Дулат ,Шортанбай ақындар сарыны да , тіпті,кейде, Махамбет әуені де байқалып қалады.
Кейбір ақындарды сынға алып, олардың шығармаларындағы мәнсіздіікті-дәлсіздікті осылай көрсетеді. Қажыған халық бойына қуат құяр нұрлы сөздер толғауды ұнатады. Өлген адамдарға жоқтау шығарады кәсіп ешіңкіреп жүретін Будабай сияқтыларға көңілі толмайды.
Базар, сөз жоқ, кезінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелкеріне қоса білген, кең танысты жырау .


2. Базар Оңдасұлының дастандарындағы фольклорлық сипаттар мне авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.
Жыраудың творчествасын айқындай түсетін дастандары: «Әминә қыз», «Айна –тарақ», Мақпал-Сегіз» және «Жүсіп –Ахмет».
«Әминә қыз» сиқыр күшке сенетін шығыс тақырыбына арналған шығарма.Бағдат шаһарындағы бір жігіт әкеден қалған мол байлықтың арқасында Әминә атты бір қызға үйленеді. Жігіт алған жарын қанша ықылас, кең пейіл көрсеткенімен кенет әйеліне тосын мінез пайда болып, ұйықтамайтын, тамақ ішпейтін күйге түскен. Мұның себебін білу үшін жігіт өтірік ұйықтаған болып, аңдып жатады. Әйелі түн ортасында орнынан тұрып, қаланың сыртына қарай жүре берген. Қаладан оқшауырақ көп бейіттің ішіне кіріп, жаңадан көмбеген бір өлікті алып жей бастайды. Бұл сұмдықты көрген жігіттің жаны түршігеді. Ертеңіне қызметкерлері пісіріп неше түрлі тәтті тағамдарды әкелгенде, әйелі дәм татпаған, сол кезде жігіт әйеліне түндегі көргендерін айтады.
Сөйтіп, жеті жыл ит болып, көп азап шегіп,ақыры бір қыздың жәрдемімен адам қалпына келіп, сол қызға қайта үйленген. Бұл әйел дуамен Әминаны байтал бейнесіне айналдырып жіберген. Жігіт байталды мініп, күнде базарға барып, жол-жөнекей байталды шыңғыртып сабаумен болған. Айуанға қатты азар беретін жігіт туралы патшаға арыз түсіп, жігітті шақыртқан. Патшаға мән-жайды сұрағанда жігіт жоғарыдағы оқиғаны баяндап: «Жеті жыл ит болдғаным еске түседі, байталды ұратын себебім сол»-деп жауап береді.
Бұл шығарма халық ауыз әдебиетіне тән шығарма. Себебі сюжеті фольклорға тән құрылған. Мысалы Әмина қыздың байталға айналып кетуі. Бұл халық ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін құбылыс. Осыдан-ақ бұл дастаннан фольклорлық сипаттарды байқауға болады.
Ақын бұл шығармасында әділдік, адалдықты бірінші орынға қояды және шығармасын әділдік жеңеді деген шешіммен аяқтайды.
«Айна-тарақ» сюжеті шымыр құрылған шығарма. Бұл да шығыс тақырыбына арналған. Ағайынды үш жігіт бір қызға ғашық болады. Бірақ бірін-бірі білмейді. Үш жігіт мал саудасымен ұзақ жолға жүрмек болып, әрқайсысы жеке- жеке қызға келіп: «көңіліңе ұнаған нәрсеңді айт, әкеп беремін»- дейді. Қыз жігіттердің үлкеніне кілем алуды, ортаншысына айна, ең кішісінеғ тарақ әкелуді ұсынған. Бір ай жол жүріп Бұхара шаһарына жетіп, базарға айдап барған малдарын сатып болған соң,үлкен мың ділджәға кілем, ортаншысы мың ділдәға айна, кішісі үш мыңға тарақ сатып алады. Кілемді мініп алып ұшуға, айнаны биік жерге қойып дүниенің төрт бұрышын көруге, ал тарақты кеудесіне қойса үш күн бұрын өлген кісі тірілетін. Айнаның кереметін көру үшін биік жеге қойып, өз ауылдарына көз салады.
Үш жігіт кілемге мініп алып ұшып, жаназа тарқамай-ақ елге жеткен. Тарақты кеудесіне қойған кезде өлген қызға жан еніп, түрегелген. Тірілген қыз жігіттердің біреуіне ғана берілуі тиіс. Жігіттердің әрқайсысы өзінін алғанын орынды көріп, қызды бір-біріне қимай көп таласады Бұл таластың түйінін шешіді хан қазылар алқасына тапсырған.
«Айна тарақ» оқиғасы қызық. Жырдың жатық кезінде ел жыршыларының жаттап алып, көп жиналған жерлерде айтып жүргені анық. Бұл шығармадан да фольклорлық сипаттарды тануға болады. Бұл дастанда қиял-ғажайып оқиғаға құралған. Мысалы өлген қыздың қайта тіріліп, өмір сүруі.
Ақын шығарманың соңында болған шиеленісті оқиғаны дастандағы кейіпкерлердің яғни билердің шешуіне береді. Дастандағы оқиға жақсылықпен аяқталады. Бұл ақынның көркемдік шеберлігі.
«Мақпал-Сегіз» дастаны Базар дастандарының ішіндегі ең көркемі. Бұл жырдың тақырыбы жастардың бас бостандығы, махабат, сүіспеншілік. Феодалдық қоғамда сүйгеніне қосыла алмаған жастардың өмірін жыр етеді.
«Мақпал –Сегіз» негізінен халық жыры. Жырдың бірнеше нұсқасы бар, бәрінің тақырыбы бір болғанымен, оқиға желісі, даму жолдары, шығарманың шешілуі басқа-басқа. Бір нұсқасында Жабы мен Сегіз достасып, Мақпалды Сегіз алып, Сегіз өзінің қарындасын Жабыға қосады. Кейбір жырларда Жабыны қалмақ батыры етіп көрсетеді. Базар жырлаған нұсқада Жабы қарақалпақ батыры. Тұратын жері- Дәуқара. Ал Мақпал мен Сегіз Сыр бойын мекендеген елдердің қыз- жігіттері.
Халық жыры «Мақпал-Сегізді» Базар өзінше жырлайды. Бұл жырды оқып отырып, толау алыбы Базардың стилі, тіл ерекшелігінен көруге болады.
Жырда халықтың тұрмыс-тіршілігі кең суреттеліп, әсем бейнеленген. Жылқы айдап қырға отар кеткен Сегіз қайтіп келген ел ақтап қыз таңдаған қарақалпақ Жабы батыр қалың беріп қызды алмақшы боады. Қыз ағалары келісім берген. Жас шағынан бірге өсіп, бір-бірін сүйген Мақпал мен Сегіздің байласқан уәдесі бар. Мақпал –жалғыз.Тағдыр алдында әлсіз жол тауып, жөн сілтейтін жанашыры жоқ.
Қорыта келгенде, «Мақпал-Сегіз» жырында бас бостандығын аңсаған екі жастың мөлдір махаббаты жырланған. Қызын теңіне бермей, малға берген кер заманның шындығы көркем бейнеленген.
Демек, Базар жырау тек толғауар ғана емес, көлемді дастандар да жырлаған ақын екеніне көз жеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет