Белок шірітетін микробтармен қатар тоқ ішекте сүт қышқылы түзілуін қамтамасыз ететін, ашу үрдісін күшейтетін микробтар тобы да кездеседі. Олардың саны рациондағы сүт тағамдарының мөлшеріне байланысты. Тоқ ішекте ашу үрдісі күшейіп сүт қышқылы көбейіп кетсе, шіру үрдісі бәсеңдейді. Бұл мәліметтер күн тәртібіне пайдалы тағамдар таңдау мәселесін қояды. Тоқ ішектің микрофлорасының тағы да бір пайдасы витамин К синтездеу. Микрофлораның өзгеруі көптеген заттардың тоқ ішекте сіңуіне де әсер етеді. Қалыпты микрофлора патогенді микробтардың өсуіне кедергі жасайды. Бірақ бактерияларға қарсы қолданылатын дәрілерді мөлшерден тыс ішу стафилакоктың көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін. Тоқ ішекте нәжіс қалыптасады. Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады. - Гидролиз үрдісінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |