Астың адам қарнында қорытылу мерзімі 6-8сағат. Ол оның құрамына байланысты. қарында майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатады, көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, 12 ішекке бұрын өтеді. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді. Ал жасанды тамақтар қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан 12 ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді. Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, сфинктер босаға сәтте ғана 12 ішекке өтіп кетеді. Сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы жүреді. Құсу- ащы ішектің рефлекс арқылы кері жиырылуынан болатын қимыл. Ішектегі қорытылған ас кері қайтып қарынға түседі. 10-20 сек ішінде қарын еттері қатты жиырылады да кардиосфинктері босаңсиды. Мұнымен бірге құрсақ еттерімен бірге диафрагма жиырылып асты- химусты қарыннан өңешке, өңештен ауызға итереді. 12 елі ішектегі ас қорытылуы 12 елі ішекке келіп түсісімен асқа 3 түрлі сөл (ұйқы безінің, 12 елі ішектің шырыны және өт) әсер етеді. Бұлардың ішінде ең күрделісі ұйқы безінің сөлі: оның құрамында органикалық қоректік заттарды белок, май, көмірсу ыдырататын ферменттер бар. Өтте ас қорытатын ферменттер жоқ, бірақ күрделі қоректік заттарды гидролиздеу үшін өт қажет. Онсыз ұйқы безі ферменттері әсер ете алмайды, етсе де өте әлсіз болады, әсіресе май ыдырамай, майдың ішектен лимфаға өтуі тоқтап қалады. Сондықтан өт асқорыту сөлдері қатарына жатқызылған. 12 елі ішектің шырышты қабығында Бруннер бездері бар, олар өз сөлін шығарып отырады. 12 елі ішек сөлі сілтілі рН- 7,2-8,0 құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды ыдыратады. Реакциясы сілтілі ұйқы безі сөлі мен мол мөлшерде өт келіп құйылысымен пепсиндердің әсері тоқтайды. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі. Ұйқы безі латынша панкреас, ас қорыту сөлі де панкреас сөлі (секреті) дейді. Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі рН 7,8-8,4. Құрамы 1% құрғақ зат, негізінен белоктан тұрады 0,5-1,0%. Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмін. Тәулігіне ұйқы безі 1,5-2 литр сөл бөледі, ондай сөлден 10 грамдай белок жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады, шамамен 72% -і белокты ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, эластаза, рибонуклеаза. Ұйқы безі сөлінің қанша уақыт, қай мөлшерде бөлінетіні, ферменттік құрамы тағам түрі мен рационына байланысты. Ет, нан жеп, сүт ішкен кезде бөлінетін сөлдің көлемі, құрамы, бөлініп шығу мерзімі біркелкі емес, керісінше, тағам түріне қарай өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |