Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы


Асқазанға түскен қоймалжың зат асқазан



бет6/12
Дата07.12.2023
өлшемі2 Mb.
#485726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ФЧЖ №10 Асқорыту физиологиясы (копия)

Асқазанға түскен қоймалжың зат асқазан

сөлі –тұз қышқылының әсерінен

ыдырайды.

Үш қабаттан тұрады:

1.Ішкі –шырышты, кілегейлі бетінде-эпителий, терең қабатында- түтікті бездер (1мм2 100түтік бар).

2. Ортаңғы қабат (сыртқы-ұзын, ортаңғы-

сақина ішкі- қиғаш бұлшық еттер)

3. Сыртқы- сір-серозды қабат

Қарындағы ас қорытылу.


Қарын- ішек-қарын түтігінің кеңейген жері, сиымдылығы 2-4 литр. Бірнеше бөлікті: өңеш пен қарынның қосылған жері кардиа деп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі– қарын күмбезі, қарын мен 12 елі ішектің қосылған жері пилорус деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдынғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау. Жоғарғы шетін қарын тұйығы, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа бөлігі- қарын денесі деп аталады.
Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық, жазық жерлер болады. онда қарын бездері орналасқан - жай түтік бездер бар. Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер- негізгі, қосымша, айнала қоршалған болады.
Негізгі гландулоцит- сөл ферменттерін (пепсиноген);
Қосымша гландулоцит- шырышты зат –муцин;
Айнала қоршалған гландулоцит- тұз қышқылын шығарады. Қарынның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес сілтілі не бейтарапты болады.

Адамда қарын бездері тәулігіне 2-2,5 литр сөл (Na, K, Ca хлоридтері, сульфаттары, фосфаттары) шығарады, әсіресе тұз қышқылы көп 0,3-0,5%. Ол түссіз реакциясы қышқыл рН 0,9-1,5 зат. Құрамында 0,5-3,5% құрғақ зат бар. Сөлде органикалық заттар- ферменттер, муцин бар. Муцин- шырышты, сілтілі зат. Ол қарынның шырышты қабығын жауып, тұз қышқылын бейтараптайды, қарын қабырғасын пепсиннің зиянды әсерінен (аутолиз), жарақаттан қорғайды, қарынға келіп В12 витаминін қоршап, қарын сөлі ферменттерінен қорғап, денеге сіңуін қамтамасыз етеді. Қарындағы ас- химус деп аталады. Астың қарында қорытылу мерзімі (6-8сағат) оның құрамына байланысты. Қарында майы, белогы көп тағамдар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, 12 елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай тамақ қарыннан 12 елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді. Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет